11. Елбасы Жолдауы.
12. Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттары - қазақстандықтардың әлеуметтік бастамаларының идеологиялық негізі.
13. Жаһандық әлемдегі Қазақстан: жаңғырту дамудың басты шарты ретінде
Жаһандану немесе глобализация (ағылш. Global - «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») - жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді.
Жаһандық мәселелер дегеніміз шешімі өркениеттің ары қарай өмір сүруіне әсер ететін мәлелердің жиынтығы болып табылады. Олар қазіргі заман адамының өмірінің дамуының әркелкілігі мен адамдардың әлеуметтік - экономикалық, саяси - идеологиялық арақатынасында пайда болатын қарама - қайшылықтардың себебінен туындайды. Бұл мәселелер жалпы адамзаттың өміріне әсер етеді.
«Қазақстанның жаһандық әлемде тәуелсіз мемлекет ретінде дамудың басты шарты – индустриалдық сектордың жаңғыруы болып табылатыны бәрімізге де мәлім. Елбасы өз Жолдауында осыған ерекше көңіл бөлді. Президенттің айтуынша, әрбір мемлекеттің табысты дамуы жаңа технологиялық өнеркәсіп индустриясының дамуына байланысты.
14. Қазаргі заманның жаһандық қайшылықтары мен мүмкіндіктері.
Достарыңызбен бөлісу: |