2015 және 2014 жылдардың ішінде жедел депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері жылына 0.8%-дан 5.3%-ға дейінгі диапозонда белгіленді. Клиенттерің шоттары мен депозиттер, негізінен, теңгемен көрсетілген. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша шетел валютасында көрсетілген депозиттердің жалпы сомасы 2,996 мың теңгені құрады.
15 ҚАРЖЫ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚАРЫЗДАРЫ Қаржы мекемелерінің қарыздары мыналарды қамтиды:
Пайдаланылмаған кредиттік қаражат 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топтың кредит желілерінің пайдаланылмаған лимиттері болмады (2014 жылғы 31 желтоқсанда: жоқ).
16 ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ СЫЙАҚЫ БЕРУ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕ 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін қызметкерлерге сыйақылар бойынша дисконтталған міндеттеме салыстырып тексеру төменде келтірілген:
Қызметкерлерге сыйақы беру бойынша міндеттеме Топтың актуарлық бағалаулар қолданылып анықталатын, 19 «Қызметкерлерге сыйақылар» 12-ХҚЕС (IAS) сәйкес қызметкерлерге сыйақылар беру бойынша ұзақ мерзімді міндеттемесі бар. Актуарлық бағалау келешекте оқиғалардың нақты дамуынан ерекшеленуі мүмкін түрлі жол берулерді қамтиды. Жол берулерге дисконтау мөлшерлемелерін анықтау, еңбекақыны келешекте көтеру, өлім коэффициентін және зейнетақының келешекте көбеюін қамтиды. Бағалаудың қиындығына және оның ұзақ мерзімді сипатына байланысты, белгілі бір төлемдер бар жоспар бойынша міндеттеменің осы жол берулердегі өзгерістерге жоғары сезімталдығы бар. Барлық жол беру әрбір есепті күні қайта қаралады.
16 ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ СЫЙАҚЫ БЕРУ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕ, ЖАЛҒАСЫ Топтың бекітілген 2014-2016 жылдарға арналған ұжымдық шартында қызметкерлер қартайып зейнетке шыққан кезде егер қызметкердің Топтағы жұмыс өтілі 20 (жиырма) жылдан кем болса 1 (бір) орташа айлық еңбекақы мөлшерінде және Топтағы жұмыс өтілі 20 ( жиырма) жылдан астам болса 2 (екі) орташа айлық еңбекақы мөлшерінде біржолғы төлем алады деп көрсетілген. Сондай-ақ, Топта актуарлық бағалауға жататын мынадай төлем түрлері бар:
мүгедектігі бойынша зейнетке шығу кезіндегі біржолғы төлем;
өндірісте жазатайым жағдай салдарынан еңбек қабілетінен айырылуы бойынша төлемдер.
Бұл төлемдер қорға алынбайтын болып табылады.
Топ міндеттемелерін анықтау үшін қолданылған негізгі жол берулер төменде көрсетілген:
2015 ж.
2014 ж.
Дисконттау мөлшерлемесі
8.00%
7.92%
Келешекте еңбекақыны көбейту
7.00%
8.0%
Айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуі
6.40%
4.0%
Инфляцияның орташа деңгейі
6.00%
7.0%
2015 және 2014 жылдары Топ ағымдағы ақша ағындарының келешек әділ құнын түзету үшін инфляцияның орташа өлшенген ұзақ мерзімді деңгейін қолданды және өтеудің ұқсас мерзімі бар мемлекеттік облигациялардың тәуекелсіз мөлшерлемесі бойынша ақша ағындарының таза келтірілген құнын дисконттады.
Келешектегі өлім-жітімге қатысты болжамдар жарияланған статистикалық деректердегі және демографиялық кестелердегі Қазақстан Республикасындағы өлім-жітімге негізделген.
Сезімталдықты талдау
Егер басқа актуарлық болжамдар өзгеріссіз қалса, есепті күнгі маңызды актуарлық болжамдардың бірі негіздемелі ықтимал өзгеру белгіленген төлемдері бар жоспар бойынша міндеттеме шамасына қандай тәсілмен әсер етуі мүмкін екендігі төменде көрсетілген.
2015 жылғы 31 желтоқсан
Белгіленген төлемдер бар жоспар бойынша міндеттеме
Осы талдау жоспар бойынша күтілетін ақша ағынының толық бөлінуін ескермейтініне қарамастан, ол көрсетілген жол берулердің сезімталдығы туралы шамаланған көріністі қамтамасыз етеді.
17 САУДА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕР МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР Сауда және өзге кредиторлық берешекке және өзге де қысқа мерзімді міндеттемелерге мыналар кіреді: