Саяси жүйенің қызметіндегі ең басты нәрсе - ол мүдделердің дұрыс есепке алынуы және оларды үйлестіру мен реттеу.
Саяси жүйенің қызметі, әдетте оның даму деңгейіне, елді кім билейді және оның қалай билік жүргізетіндігіне, саяси істердің тиімділігіне байланысты болып келеді.Саяси жүйенің қызметі негізінен екі жүйеге бөлінеді:
1) саяси басшылық жүргізу жүйесі;
2) қоғамдық істерді тікелей басқару жүйесі.
Бірінші жағдайда, мемлекет өзінің заң шығарушы және басқа саяси институттары арқылы қоғам дамуының негізгі бағыттарын анықтап, қоғамды басқаруды басшылыққа алынып отыратын жалпы принциптер мен нормаларды белгілеп отырады.
Екінші жағдайда, мемлекеттің атқарушы органдары арқылы заңдарды,мемлекеттің үкімдері, нұсқаулары, жарлықтары тікелей іске асырылады.Саяси жүйенің екі негізгі қызметі үш түрлі деңгейінде іске асырылады: