Қоғамның саяси жүйесінің ережелік-реттеуші элементтері халықтың саяси өмірдегі мінез-құлықтарын анықтап отырады. Ережелер - ол адамдардың саяси процестерге қатысу тәртібін көрсететін қағидалар жиынтығы.Ережелерді екі түрге бөлуге болады: дәстүрлі қалыптасқан ережелер жөне заңды ережелер.
Демократиялық елдердегі дәстүрлі қалыптасқан ережелерге, мәселен,азаматтардың саясатқа саяси партиялар және ықпал ету немесе мүдделер топтары арқылы қатысуын жатқызуға болады.Ал заңды ережелерді заң жүйесі анықтап отырады. М:заң арқылы анықталатын бостандық, еркіндік, құқықтар т.б. Саяси принциптер мен ережелер саяси жүйенің нормативтік негізін құрайды. Саяси қағидалармен принциптер саяси қатынастарды реттеуші қызметін атқарады. Бұлар арқылы әлеуметтік мүдделер саяси пікірлер ресми түрде қабылданады және бекітіледі. Принциитер мен ережелер арқылы басқарушы орган өз мақсат-міндеттерін халыққа жеткізіп отырады және қабылданған шешімдерді дәлелдеп, осыған сәйкес халықтың немесе адамдардың мінез-құлық үлгілерін анықтайды. Әдетте, принциптер мен ережелерде белгілі-бір нәрсеге тыим салынып немесе шек қойылып отырады. Сондай-ақ, олар адамдардың саяси санасы мен мәдениетін, мінез-құлқын қалыптастырады.
әр-түрі саяси нормалар мен принциптер құрайды. М:конституция, басқа да құқықтық нормалар, үкімдермен шешімдер, нүсқаулар, программалық құжаттар т.б.