Бұл екі сапалық қасиет, Истонның пікірінше, саяси жүйенің басқа әлеуметтік жүйеден айырмашылығын көрсететін болды.
Истонның көзқарасы бойынша саяси жүйе дегеніміз: - ол саяси құрылымдардың жәй ғана өзара қарым-қатынастар жүйес емес, керісінше, үнемі өзгеріп отыратын, қызметтік немесе қызмет атқаратын динамикалық жүйе. Қорыта айтқанда, Истонның пікірініне, саяси жүйе-қоғамдағы құндылықтарды бөлу туралы өзара ықпалдардың жиынтығы. Мәселен, егер саясат құндылықтарды авторитарлы түрде бөлуді көрсететін болса, ал саяси жүйе сол құндылықтарды бөлуге байланысты туатын іс-әрекеттерді ұйымдастыру организмі және соған байланысты әртүрлі конфликтердің алдын алып отырады