ББК 66.01
ҚОҒАМТАНУ ПӘНДЕРІН ҚАЗАҚША ОҚЫТУДЫҢ МӘНЕРЛЕРІ
Ж.А. Ахметов, С.Б. Хамитов , О.Ж. Темиркулов.
(Теміртау қ, Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті)
Инжернелік мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орындарында болашақ сапалы мамандарды жан-жақты жетілдіре, қәзіргі күннің талаптарына сай дайындау үлкен құндылығы өтіп кетпейтін мәселелердің бірі. Себебі болашақ мамандар ертең өндіріске барғанда, ондағы тетіктермен жұмыс істеп ғана қоймай, ұжыммен, ұжым мүшелерімен жеке араласуға тура келеді. Олай болса, болашақ мамандарды, университет қабырғасында оқып жүрген кезден бастап дайындау маңызды мәселелердің бірі.
Арнайы пәндер олардың кәсіби мамандық дәрежесін көтеретін болса, қоғамдық пәндер – адамдық қасиеттерді бойына қалыптастыруға көмектеседі. Тарих пәнінен – тарихи санасын қалыптастыра отырып, оны саяси санаға, азаматтық санаға жетілдіруге тырысамыз. Мақсаты – отанын сүю, ұлтжандылық, адамгершілік, қайырымдылық, біреудің «ала жібін» аттамау. Ұлт аралық түсіністік т.б.құндылықтарды әр-бір жастың бойына сіңіру, әрі оны өмірде қолдана білу болса, философияда – студенттердің дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыра отырып, сеніміне айналдыру мақсатта іске асыру, әлеуметтануда – жеке тұлғаның, әлеуметтік топтардың, ұлттардың өзара қатынасындағы заңдылықтарды үйрету, құқықтануда – әрбір студенттің жеке басының, оның әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін, қоғамдық құрылыстың, заңнамалық тұғырнамасын тағы – тағыларды рет-ретімен бойына сіңіріп, жан-жақты дайындап шығару бұл – қоғамтану пәндерінің міндеті деп есептейміз.
Кез келген қоғамтану пәндерін оқытуда әсіресе қазақша оқытуда кездесетін қиыншылықтар туындайды, оларға:
орта білім беретін мектептердің оқу бағдарламасы бір болса да, оларды орналасу жеріне байланысты (ауылда ма, қалада ма) және олардың жабдықталуы (оқулық, компьютер, интернет) т.б. білім дәрежесіне;
мұғалімнің кәсіби деңгейі, тәжірибесі, адамгершілігі т.б.
баланың өскен ортасы, ата-анасы, жан ұясындағы жағдайы;
баланың жеке басының қасиеттері т.б.
Бұлардың барлығы, болашақ студенттердің, білім дәрежесінің, тапқырлығының, мінез – құлқының, үйреткендерді тез қағып алуының бірдей болмайтындығына әсер етеді.
Сондықтанда, әсіресе бірінші курста, осы және оданда басқа ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ беру барысында, дәрістеріміз, өзіндік жұмыстарымыз түсінікті, жағымды, ойына қонымды, болу үшін кейбір мәселелерге көңіл аударуымыз керек.
Шешендікке үйрету. Қәзәргі студент жастар, мектепте біріңғай ұлттық тестіге дайындау, баланың ойын тежейді, әйтеуір бес жауаптың біреуі дұрыс екендігін білетіндіктен, көбіне жаттауға тырысады. Ал Қазақстан тарихынан, мемлекеттік емтиханды, сұрақ бар, жауап жоқ, студент өзі сұрақты толық ашып, айтып беруі керек. Солай болса, оны жинақтап, жауабын рет – ретімен айту, тіл өнерін жақсы білуімен, сөзді орынды, дәл мағынасында қолдана алуымен байланысты.
Әр ғылымның өз тілі бар, жиі-жиі атау сөздер кездеседі. Әсіресе, категориялық мағынасы бар, терминдер. Олардың мағынасын қазақ тілінде қандай түсінік беретініне дәріс оқығанда, семинарда ұстазбен бірге дайындалу кезңдерінде,ерекше тоқталып,көңіл аударып түсіндіруді қажет етеді. Мәселен,тарих пәнінде кездесетін атаулар Алаш,Арыс,Балбал,Бұйда, Ғаныш, Диуан,Зооморфтық улгі, иман, кебеже, кешіктен, коммендация, көген,көкілташ,кие,сардоба,ташпау,терракота,элитафия т.б.; философияда онтология,гносеология,материализм,идеализм,пантеизм,гиллозоимғдеизм,космос,агностицизм,релятивизм,философия,физика т.б. деген сөздердің қандай мағына беретінін білмесе, оны түсіндірмесе,онда бұлар туралы айтқанымыз бос әурешілік болар еді.
-Жеке тұлғаларға көңіл аудару.Кез келген бір тарихи оқиғаның басында бір немесе бірнеше жеке тұлғалар жүретіні анық. ОЛардыңөсу жолдарына көңіл аударса,еңбектерін үлгі тұтса онда студенттердің өздерін-өздері осы тұлғаларды үлгі етіп,бет-бағыт алуына көмектесер еді. Екінші жағынан,өз халқы үшін еңбек еткен өткендегі тұлғаларды қәзіргі тұлғалармен салыстыра талдап қөараса, ой-өрісінің тез жетілуіне әсер етер еді ( мемлекет қайраткерлері,ғалымдар,ақын-жазушылар т.б.)
-Сапалы білім беру үшін сапалы жазылған оқулықтар керек. Қоғам тану пәндерәнен қазақша оқулықтар баршалық,бірақ сапасы төмен. Ал «Қәзіргі кездегі Қазақстан тарихынан» типтік бағдарлама келді, бірақ оқулаық жоқ. Әрбір ұстаз бұқаралық ақпарат құралдарынан материалдарды іздеуге тура келеді. Ал өз кезегінде білім сапасына әсер етеді.
-Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану. Жақсы да ,жаман да жақтары бар. Жақсы жағы тақырып баойынша тез тауып, интернет арқылы тез тауып алады. Жаман жағы ол қайдан шықты. Бұл мәселе бойынша қандай балама көзқарастар бар екендігіне қкөңіл аудармайды. Баламалық көзқарастарды білу, студенттің ойлауына әкеледі,себебі тандау еркіндігіне жол ашылады,таңдау үшін ойлану керек.
-Жаңа ортаға бейімделу, дағдылану- демек психологиялық фактордың әсері бар Үйде өскен бала,а әке-шешесі қамқоршы,тұрмыстық жақты көп ойлдай бермейді. Ал теміртауда жатаханада тұруға тура келеді. Жылы жақта өскен балаға, суық ауа-райы да көңіл—күйіне түсіріп, жіберіге мүмкін. Ондай бала уйренгенше сабаққа құлқы болмайды.
ЛИТЕРАТУРА
1.Мелик-Гайказян И. Моделирование образовательных систем: исследовательская программа. // Высшее образование в России. - 2008.- № 9.
2.Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы.- http://orleu-edu.kz/Education_ministr.
3.Постановление Правительства РК от 26 марта 2014 г. «О Стратегическом плане Министерства образования и науки Республики Казахстан на 2014–2018 годы».- http://www.nomad.su/?a=3-201404160030.
4.Ишмухамедов А. Актуальные проблемы преподавания социально-политических дисциплин в вузах республики.//Саясат. 2001.№3.
5.Симтиков Ж. Молодежь и государственное строительство.//Мысль,2001.№12.
6.Сулима И.И. Система образования как инструмент оценки постсоветских реформ.//Полис,2001.№2.
Аңдатпа
Мақалада, жан – жақты жетілген, мамандарды дайындауда, мемлекеттік тілде оқытудың барысында кездесетін мәселелерге көңіл аударып, оны шешудің жолдарын іздестіреді.
Аннотация
Статья, посвящается проблемам которые встречаются при подготовки будущих специалистов на государственном языке и предлагается пути её решении.
Annotation
The article is devoted to problems encountered in training of future specialists in the state language and suggests ways of its solution.
Достарыңызбен бөлісу: |