(IX ғасырдың соңы—XI ғасырдың ортасы). IX ғасырдың ортасында Сырдарияның орта және төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайпаларының саяси бірлестігі құрылды.
Оғыз сөзінің мағынасы:
"уыз"
"садақтың оғы"
"өгіз"
Оғыз
Билік иесі-Жабғу Мұрагерлер-Инал Иналдарды атабектер тәрбиелеген.
Жабғу әйелдеріне қатындеген атақ берілген
Жабғу кеңесшілері-
Күл-еркіндер Әскербасы-сюбашы Ұлы құрылтайда қаған өзінің ұлдарын боз оқ деп оң жағына,үш оқ деп сол жағына отырғызған.
Оғыз мемлекетінің негізін қалаған-Оғыз Оғыз мемлекеті орталығы Янгикент Деректер: а) Орыс шежірелері 985ж. Владимир князьдің оғыздармен одақтаса отырып, бұлғарларға жорық жасағаны туралы айтады. б) Махмуд Қашғари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. г) Махмуд Қашғари оғыздар алғашында 24 тайпадан құралған дейді. Сыртқы саясаты а) 965 ж. оғыз жабғуы мен Киев князы Святославтың арасында Хазар қағанатына қарсы соғыс одағы жасалынып, мұның нəтижесінде Хазар қағанаты талқандалды. б) Х-ғас. аяғында оғыз жабғуы орыс княздарымен біріге отырып, Еділ Бұлғариясын күйрете жеңді. в) Ə ли-хан, Шахмəліктің тұсында мемлекет күшейіп, 1041ж. оғыздар Хорезмді жаулап алды. г) Оғыз мемлекеті қыпшақ тайпаларының соққыларынан ХІ-ғас. басында құлады.
Оғыздарға жататын рулар
қынық баят имур язғыр тутырка қарабулақ Махмуд Қашқари оғыздар алғашында 24 тайпадан құралған дейді. Алайдакейінгі авторлар оның ішінде Марвази оғыздардың 12 тайпасы жөнінде ғана айтады.
Оғыз мемлекеті Діні Пұтқа табыну, шаманизм, кейінірек ислам Басқарушылардың ұрпақтары-иналдар. Оларды атабектер (тәрбиешілер) тәрбиеледі.
Оғыз мемлекетінің қоныстанған жерлері. Батыста Хазарияға дейінгі жер, солтустік Каспий маңы, орталық, оңтүстік- шығыс Қарақұм және Арал маңындағы Қызылқұм аймағы
Қалалардағы үйлер көбіне тастан, ағаштан, қамыстан тұрғызылды. Оғыздардың Сырдарияның төменгі ағысында Жанкент, Жент, Жуара, ал Сырдарияның орта ағысында Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ және Сауран т. б. қалалары болған. Оларда қолөнер кәсібі, соның ішінде мал өнімдері мен шикізаттарды өңдеу дамыды. Оғыздарда құмырашылық өндірісі де өркендеді. Олар мекендейтін аумақтарда темір, күміс, алтын, мыс және асыл тастар өндірілді.
Қарахан мемлекеті Қарахан мемлекеті (942-1212) – батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мәуереннахрдан бастап, шығыста Жетісу мен Қашғарға дейінгі жерлерде билік құрған алғаш мұсылман түрік мемлекеті. Қарлұқ, жікіл, яғма және т.б. түрік тайпаларынан құралған. Қарахан сөзінің шығуын шығыстанушы тарихшылар бұл тайпалардың қара деген атақты көп қолдануынан келеді деген болжам айтуда. Қара – сол кездегі түрікшеде ұлылық, биіктік деген ұғымды білдірген. Ұйғыр
Яғма
Қарлұқ
Жікіл
ҚАРАХАН Қарахан мемлекетінің ең жақсы дамыған кезі Мұса хан
(Мұса ибн Абд әл-Кәрім)
(955-998 жж.)
Әбілхасан Әли ибн Мұса хан
(998- б-з жж.)
Ибрахим ибн Насыр (б-з -1041 жж.)
Хасан Боғра хан әулеті
Сатұқ Боғра хан (942-955 жж.)
Әли ибн Мұса хан әулеті
Қарахан ақсүйектері арасындағы таққа таластың нәтижесінде 1042 жылы мемлекет Батыс және Шығыс Қарахан мемлекеті болып екіге бөлінеді. ХІІ ғ. екінші жартысында Батыс қағандығының билігі қарақытайлар қолына көшеді. 1212 ж. шығыс Қарахандар әулеті наймандармен соғыста жеңілуімен Қарахан мемлекетінің тарихы аяқталады.
Батыс хандығы. орталығы – алғашында Үзкент қаласы, кейін Самарқан қаласы Шығыс хандығы. орталығы – Баласағұн қаласына жақын жатқан Орда, кейін Қашғар қаласы Қарахан кесенесі Қазақстанда XI ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Шах-Махмуд Бұғра Қарахан (Сатұқ Боғра хан) қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы XIX ғасырдың 90-жылдарына дейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент ишаны Сайд Бакханов қаржыландырған.