2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Көркем әдебиет және эпикалық сарын»
І нұсқа
Оқылатын шығарма : Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» , «Сарыарқа»
Оқу мақсаты 8.1.2.1 Әдеби шығарманың идеясы мен автордың ойын анықтау.
Бағалау критерийіБілім алушы
• Шығарманың идеясы мен автордың ойын анықтайды
• Көркемдегіш құралдардың (теңеу, ассонанс, аллитерация, эпифора, анафора, эпитет) қолданысына талдайды
Ойлау дағдыларының деңгейі : Қолдану
Орындау уақыты : 15-20 минут
Тапсырма Берілген үзіндіден автордың ойын анықтап жазыңыз
Еділді алса – елді алар,
Енді алмаған нең қалар?
Жайықты алса – жанды алар,
Жанды алмаған не қалар?
Ойылды алса – ойды алар,
Ойлашы сонда не қалар?