Егжей-тегжейлі білуге (түсінуге) арналған оқылым (сканерлеу)
Оқушылар мəтінді қайта оқиды жəне өздерінің бірінші рет оқығанда нені қалдырып кеткенін жəне екінші рет оқығанда байқағанын айтады.
Оқушылар мұғалім/сыныптасы оқыған қысқа мəтінді тыңдайды, сосын нені естерінде сақтағанын айтады. (Олар, бəлкім, маңызды бір тұстарды естерінде сақтар, мысалы, атын, кейіпкерлерін немесе статистикалық деректер).
Оқушылар жұптасып оқиғаны немесе негізгі идеяны өзгертпестен алып тастауға болатын, мəтіндегі екінші дəрежелі элементтерді атап көрсетеді. Оқушылар баса көрсетілген материалсыз ненің жоғалтылуы мүмкін екенін түсіндіреді.
Оқушыларға белгілі бір сала туралы ақпараты бар бірнеше мəтін ұсынылады. Олардан аталған жағдайда аталған адам үшін тиісті іс-əрекеттерді анықтау сұралады. Мысалы, ақпарат түрлі жастағы ұлдар мен қыздарға арналған жергілікті клубтарға жəне/немесе жергілікті көрікті жерлер мен ойын-сауық орындарына қатысты болуы мүмкін. Оқушылар бұл адамдар қандай жұмыстардың қандай түрлерін орындай алатынын анықтайды жəне өздерінің нені жəне қашан істей алатынын көрсететін график құрастырады.
Жұптасып отбасының əртүрлі мүшелеріне арналған жұмыс түрлерін талқылау
(əртүрлі жас санаттары, қолжетімдік жəне т.б.).
Жұптар романнан үзінді тыңдайды немесе оқиды/бірнеше сюжеттік желісі бар шоудан үзінді көреді, сосын нақты осы кейіпкермен немесе сюжеттік желімен не болғанын түсіндіреді.
Жаңа сөздерді үйренуге арналған оқылым
Оқушыларға бірқатар таныс емес сөздері (10-нан артық емес) бар мəтін беріледі, олар оқу барысында ол сөздердің астын сызу керек. Оқушылар төмендегі белгілерге қарап ол сөздердің мағынасын анықтайды:
сөздердің буынға бөлінуі (жалғау мен жұрнақтарды қоса алғанда).
Оқушылар мағынасын көрсету үшін жаңа сөздерді синонимдерімен немесе оларды басқа сөзбен жазады.
Оқушылар мағынаны түсінгенін көрсету жəне бекіту үшін, сөйлемде жаңа сөздерді пайдаланады.
Оқушылар газеттің бірінші бетін өздері білмейтін/олардың ойынша басқалар білмейтін көп дегенде он сөзбен көшіреді. Сөздікті пайдалана отырып, олар анықтамасын тауып жазады – жұптар/топтар сосын басқалардан сөздің (сөздердің) мағынасын анықтауды сұрайды.
Оқушыларға балама анықтамалары ұсынылады немесе олар оны өздері құрастырады. Сосын мəнмəтінге қарай олардың ішіндегі дұрысы таңдалады.