Оқырмандарды кітап арқылы патриоттыққа тәрбиелеу Алға қойылатын мақсат



Дата14.11.2016
өлшемі31,88 Kb.
#1722
Педсовет 5.01.2013 жыл.

Оқырмандарды кітап арқылы патриоттыққа тәрбиелеу

Алға қойылатын мақсат:
Өзінің тарихын білетін, ұлттың мәдениетін, әдебиетін, өнерін сүйетін, халық дәстүрін бойына сіңіретін, ата салтын қадір тұтатын, әлемдік рухани байлықтан нәр алуға барынша ұмтылатын, сан өнерді игере алатын, ғылым мен техникадан барынша хабардар болатын азамат тәрбиелеу.

Кітапхана жұмысының бағыттары:

“ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры болады” – деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Осы жерде кітап пен кітапхананың алар орыны ерекше.

Бүгінгі таңда барлық адамзаттың алдында тұрған мақсаттардың бірі – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Олай болса біздің барлық іс-әрекетіміз осы бағытта болуы керек. Ал, ұрпақ білдімді қайдан алады? Әрине, кітаптан. “Кітапхана – білімнің күн шуағы”. Тәрбие мен білім егіз ұғым десек, тәрбие мен білім берудің жаңа жолын кітапханадан табамыз.

Соның ішінде оқушыларды өз Отанын сүюге, Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлын және Отаны Қазақстан Республикасын мақтаныш етуге тәрбиелеу.
Туған өлкесін, туған қаласын сүюге, оның өткені мен бүгінін білу парыз екенін түсіндіру алға қойылған мақсатымыз.

Мектеп кітапханасының патриоттық тәрбиеге арналып өткізілген жоспарлы іс - шаралары бар, өткен жылы - Балқаш қаласының 75 жылдығы болды, осы датаға арналған кітап көрмесі «Туған қалам, қандай әсем, өзіңді әрқашанда жырлап өтем» жыл бойы жұмыс жасады, осындай атпен библиографиялық көрсеткіш дайындалып шығарылды. Қала туралы әңгіме, шолулар өткізілді, Балқаш туралы “Көл жағасындағы қала” атты 70-жылдыққа арналып түсірілген деректі фильм көрсетілді.


Еліміз - Қоғам және мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың 100 жылдығын атап өтті, кітапханада Қонаевтың өмірі мен еңбек жолын таныстыру арқылы, оқушыларды еңбексүйгіштікке, өз халқының ардақты адамдарын қадірлеуге, патриотизімге тәрбиелеуді көздеді.

Көп жұмыс - Демалыс күнгі клубта өткізіледі: - жергілікті интернационалист-жауынгерлермен кездесу Полатова Жанатпен бірге ұйымдастырылды.



«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» Н.Ә.Назарбаев өмірі жайлы танымдық сағат тәрбиеші Тулегенова Анармен бірігіп өткізілді,

Мұражай жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Нөкербекова Қ.И. және 8-9 сынып оқушыларымен «Мәңгілік.Бекемдік.Ерендік.» атты Тұңғыш Президент күніне арналған ғылыми – практикалық конференция өтті.

10 сынып оқушылары арасында өткен «Тұңғыш Президенттің өмірбаяны» блиц – турнир

«Ұлттық валютамыз - Т Е Ң Г Е» атты қызықты танымдық сағат тәрбиешілер Ынтыкбева Г. мен Тәжікеева Б. бірігіп өткізілді.

«Көк аспанның ақиығы» Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына 20 жыл толғанына арналған әңгіме

«Қоңыратқа барар жол» М.П.Русаковтың 120 жылдығына арналған С.Сейфуллин кітапханасымен бірігіп өткізілген кеш, онда қатысқан мұражай жетекшісі мен жас мұражай белсенділері. Бұл шараға бүкіл қала мектептері қатысты.

Демалыс клубының биылғы оқу жылының І-ші жыртыжылдығындағы жоспарын қарасаңыздар, әр тақырып, мерекелік атаулар бәрі отансүйгіштікке тәрбиелейді.

Кітапхана жұмысын, соның ішінде Демалыс клубының жұмысы жоспарланғанда Отанымыз Қазақстан Республикасының ақын-жазушыларының мерей тойлары, ұлттық-мемлекеттік мерекелермен ғана шектелмей, елімізге еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, ғалымдарымен де таныстыруды көздеймін. Ел қалаулыларынмен таныса - біле отырып өз елін, жерін, халқын сүйе білетін болады деп сенемін.



ПРОБЛЕМА:
Барлық жұмыста, іс-шараларды дайындау барысында кездесетін келеңсіз жағдай керекті кітаптардың жоқшылығы, Интернет, энциклопедия, сөздіктермен ғана шектелемін. Кітап қорын толықтыруға жоспарлы түрде қаражат бөлінсе, берген кітапті емес, қажеттілерін алар едік.

ИДЕЯ:
жаңашыл болу,
заманауи технологияларды қолдану,иновациялық-ақпараттық банк жинастыру, инновациялық веб-сайт құру, жаңа технологияларды қолдану арқылы біліктіліктті арттыру.
Электронды каталог құрастыру,
оны жүзеге асыру.

Мектеп кітапханашысы: Анитова С.А.
Каталог: files -> blog
blog -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blog -> Программа по предмету «Русский язык»
blog -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blog -> 14 ақпан «Демалыс күн» клубында қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы Дина Нұрпейісованың (1861-1955) 155 жылдығына арналған тарихи-танымдық сағат өтті
blog -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blog -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты
blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет