ІІ- бөлім. Оқырмандық қызығушылығының ерекшеліктерін зерттеу.
Жан – жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу бүгінгі замандағы білім беру ісінің алдында турған өте жауапты және күрделі міндет. Педагогтарды жас ұрпақтың оқырмандық қызығушылығының төмендеп баруы алаңдатып жатыр.
Өйткені оқырмандық қызығушылық қоғамның рухани әлеуетінің көрінісі болып табылады.. Мектептерде осы бағыттағы жұмыстарды бақылау оқушылардың кітап оқу қызығушылығының дамыту жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілмейтінін көрсетті. Оқырмандық қызығушылықтың оқушылардағы ойлау іс-әрекетінің дамуындағы ролі жеткілікті бағаланбайды. Сол үшін осы мәселені зерттеудің маңызы зор.
Өз алдымызға қойған міндеттерді шешу үшін психологиялық-педагогикалық әдістерден пайдаландық:
Педагогикалық тәжірибені үйрену және талдап қорыту;
Оқушылардағы оқырмандық қызығушылықтың әр түрлі көріністерін анықтайтын педагогикалық бақылау;
Сауалнама алу;
Кітапханадағы формулярларды саралау;
Топтық және жеке сұхбат.
Оқырмандық қызығушылықты анықтау үшін пайдаланған сауалнама Қосымша № 1 де көрсетілген.
Сауалнамаға Панфилов ауданы Жаркент қаласы, Х.Хамраев атындағы орта мектептің 5-8 сынып оқушылары қатысты.
Сауалнама нәтижелері Қосымша №3 кестеде көрсетілген:
Диаграмма № 1
Сауалнаманың «Үй тапсырмасын орындап болғаннан соң бос уақытыңда не істейсің?» сұрағына 5 – 8 сынып оқушылары 8,7 % -
бос уақытымда «сабаққа керекті кітаптарды оқимын», 8,7% болса
« әдеби кітап оқимын» деп жауап берген. Оқушылардың 50,7%
- «ата-анама көмектесемін», 13,5% - болса теледидар көремін деп жауап береді. «Кітап оқуды жақсы көресіз бе?» деп сұрақ қойған кезде оқушылардың 76% - жақсы көремін , 20,95% - жоқ, 3,02% - кейде деп жауап береді. Осы алынған мағлұматтар бойынша жеткіншек кітап оқу керек екендігін біледі, түсінеді бірақ та ата-аналардың көпшілігі оған мән бермейді. Кітап отбасылық құндылықтар тізіміне сирек кіреді.
« Кітап оқыған кезде сезімге беріліп жылаған, қайта оқыған, бас көтермей оқыған кездерің болды ма?» - сұрағына 5-8 сынып оқушыларының 56, 2% - иә, 22,05% - жоқ, 22,3% - кейде деп жауап берді.
« Оқыған кітаптарды өзгелер мен талқылағың келе ме? » -
сұрағына : «иә» - 68,05%, «жоқ» - 23,5%, «онша емес» - 8,4%. Жеткіншектер кітап оқып, осы кітап туралы құрдастарымен пікір алмасып, олардың ойын білгісі келеді. Мұғалімдер де жеткіншектердің оқыған кітаптары туралы көп сұрақтарды қоятындығын айтады.
Диаграмма №2
«Үй кітапханасындағы кітапты қаншалықты жиі оқисың?» сұрағына
5-8 сынып оқушыларының 61,8% -апта сайын, 15% - айына бір рет, 10% - мүлдем оқымаймын деп жауап берді.
Диаграмма №3
«Үй кітапханасында неше кітап бар?» сұраққа 56,2% 50 ден кем кітап бар екендігін айтқан. Оқушылардың үйлерінде оқитын кітап көп емес.
13,3 % ғана, үйде 100-200 дейін кітап бар екендігін айтады. Оқушылар өздерін қызықтыратын кітаптарды негізінен мектеп кітапханасындан алады. Сол үшін кітапханамен жеткіншектердің қарым-қатынасын анықтау үшін кезектегі сұрақтар берілді. Ол сұрақтарға жауаптар диаграмма № 4 берілген.
Диаграмма №4
5-8 сынып оқушылары мектеп кітапханасында кітап қорының мол болуын қалайтынын айтады. «Әр түрлі кітаптар саны мол болу» жауабын – 56,6% балалар көрсетеді. Осы балалар кітапханаға жиі кіретін балалар. 20,7 % - болса «Әр кім өзіне қажетті кітапты оңай таңдауға мүмкіндігі бар болу» деп жауап берген. « Саған кітапханада қандай кітаптар жетіспейді?» - сұрағына « барлығы жетеді» - 51,8%, «жетіспейді» - 48,2% деп жауап берді. Оқушылар ертегі, хайуанаттар туралы, сиқыршылар туралы, фантастикалы, тарихи, әдебиеттер жетіспейді деп көрсетті.
«Кітапханаға не үшін барасың?» сұрағына 53,5%, - кітап оқуға, 34,6%,-
Кітап алу үшін - 5,35%, білімімді асыру үшін - 6,4% - мұғалімнің тапсырмасымен мағлұмат алу үшін деп жауап берді.
«Кітапханада болу саған ұнайма?» сұрағына зерттелген оқушылардың
77,35% - ұнайды, 6,7% - ұнамайды, 13,15% - ұнамайды деп жауап берді.
«Қандай кітаптарды ұнатасын» сұрағына берілген жауаптар диаграмма № 5 көрсетілген.
Сауалнама алынған оқушыларның 9,1% - детектив кітаптарды оқитатынын, 12,3% болса –оқиғаларды, 39,7% - тарихи әдебиеттерді, 24% заманауи әдебиетті ұнататынын айтқан. Оқушылардың әр түрлі жанрдағы кітаптарға қызығушылық білдіруі ең алдымен мектеп кітапханасындағы кітаптар қорына байланысты. Өйткені соңғы екі жылда кітапханаға негізінен тарихи әдебиеттер келген.
Диаграмма №5
Жеткіншектердің кітап оқуына кімдер көп әсер ететінін, «Сен кітапты қалай таңдайсын?» сұрағына берген жауаптары анықтап береді.
Диаграмма № 6 қараңдар
Оқушылардың кітап таңдауына айналасындағылардың бәрі әсер ететінін көруге болады. «ата-ана кеңесімен» - 23,%, «мұғалім кеңесімен» - 28,5%, «достарымның кеңесімен» - 36,05%, «кітапханашы нұсқауымен» -33,9% . Кітапханашы оқушыларға жаңадан келген кітаптарды үнемі таныстырып, балаларды қызықтырған мәселелерді қай кітаптан табуға болатынын айтып тұрады.
Оқушыларның кітап оқу мотивациясын анықтау үшін сауалнамада
« Кітапты не үшін оқисың?» сұрағы берілді. Ең көп пайызды « Көп білу үшін » - 57,3%, «Білімді болу үшін» - 42,2% көрсетті. Демек, 5-8 сынып оқушылары кітапты ең алдымен білім алу үшін оқиды.
Диаграмма № 7
Жеткіншектердің өз құрдастарының кітап оқуға болған қызығушылығын анықтау үшін « қалай ойлайсың, замандастарың кітапты көп оқи ма?»
сұрағы берілді. Замандастарым кітапты көп оқимайды – 59,2%, «көп оқиды» - 38,7%.
Диаграмма № 8
Жеткіншектер өз құрдастарының оқырмандық қызығушылығының төмен екендігін жасырмай айтады. Оның себебін «қызықты кітаптар аз» -72%, «кітап оқу ескіліктің белгісі» - 5,1%, «басқа да дерек көзінен білуге болады» - 15,1%, «кітап оқу көп уақыт алады» -7,1% деп жауап берді. « Оқыған кітаптарды өзгелер мен талқылағың келе ме? » - сұрағына : «иә» - 68,05%, «жоқ» - 23,5%, «онша емес» - 8,4%. Жеткіншектер кітап оқып, осы кітап туралы құрдастарымен пікір алмасып, олардың ойын білгісі келеді. Мұғалімдер де жеткіншектердің оқыған кітаптары туралы көп сұрақтарды қоятындығын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |