«Оқырмандық мәдениет» ұғымының мәні мен құрылымы Бұл параграфтың мақсаты – студенттердің «оқырмандық мәдениеті»



бет6/6
Дата16.12.2022
өлшемі167,41 Kb.
#163006
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1.2 тарау
физика 7.3.1.13, Өлшеу дәлдігі, Күш 9 сынып модо, Алгебра 2-тоқсан 10-сынып ҚГБ 1636369597, Диссертация Маралбек Е., Ғылыми 12-4
Ғылым өзін-өзі бағалауды қалыптастырудың екі тәсілін белгілейді: біріншісі – өзінің талабының деңгейін жеткен нәти-желермен сәйкестендіру, екіншісі – әлеуметтік салыстырумен, яғни қоршаған орта-ның өзі туралы пікірлерімен сәйкестендіру. Л.С. Рубинштейн бойынша [], кәсіпке деген жалпы тұтастық қарым-қатынас қалыптастыратын дүниетанымдық сезіммен байланысты.
Өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыс пен тәжірибе өзін-өзі тәрбиелеуге қажетті өзінің тұлғалық кәсіби маңызды сапаларын үш бағытта дамытуда саналы жұмыс жасау алғышартын құрайды.
Бірінші бағыт – өзінің жекелік қайталанбас ерекшеліктерін педагогикалық іс-әрекет талаптарына бейімдеу;
Екінші бағыт – кәсіби құзыреттілігін әрдайым жоғарылатып отыру;
Үшінші бағыт – әлеуметтік-адамгершілік және тұлғалық басқа да қасиеттерін үздіксіз дамыту.
Осылайша, зерттеудің осы бөлігін қорытындылай келе, келесі түйін жасауға болады: оқу мәдениеті жеке тұлғаның күрделі интегративті қасиеті ретінде әрекет етеді, ол негізінен таным мәдениеті, жасөспірімнің сәтті дамуы мен оның қоғамда толыққанды өмір сүруі үшін қажет жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің бөлігі болып табылады.
Оқырмандық мәдениет – бұл оқу тәжірибесінің бірлігі, оқуға құндылық қатынасы (оқылғанды таңдауға құндылық қатынасы), оқу құзыреттілігі (мәтінді өз бетінше өңдеу қабілеті: жылдамдық, түсіну тереңдігі, жауап мәтінін құру мүмкіндігі).
Зерттеуші ғалымдардың жоғарыда айтылған ұстанымдарын ескере отырып, студенттердің оқырмандық мәдениеті – жеке және кәсіби өзін-өзі жетілдіру мақсатында мағыналық ізденіс пен шығармашылық белсенділікті қамтамасыз ететін, құндылық бағдарын өзбетінше анықтаумен, мінез-құлық икемділігімен сипатталатын үздіксіз, тұтас жүйе (білім, білік, оқуға деген қажеттілік, оған деген тұрақты қызығушылық) деп санаймыз.
Сонымен жоғарыда қарастырылған зерттеуші ғалымдардың еңбектерінен студенттердің оқырмандық мәдениетінің құрылымы ретінде мағыналық ізденіс бұл мақсат қою мен соған жетудегі мотивацияның болуымен сипатталады, шығармашылық белсенділік жаңаны жасауға бағытталған стандарттан тыс, ерекше іс-әрекет, құндылық бағдарын өз бетінше анықтауды біз тұлғаның әлеуметтік маңызды өмірлік әрекетін жоғары рухани-адамгершілік құндылықтарға негіздеу деп түсінеміз.
Іс-әрекет контекстінде оқырмандық құзыреттілікті дамыту ақпаратты іздеу және талдау, мәтін мазмұнын түсіну және түсіндіру, сондай-ақ бағалау пікірлерін қалыптастыру дағдыларын жетілдіру арқылы білім беру процесінде тікелей жүреді.
Жұмыс үшін мәтіндерді таңдау кезінде кейбір принциптерді сақтау қажет. Атап айтқанда, оқу мәтіндері білім алушылардың жас ерекшеліктеріне, білім беру мақсаттарына сәйкес келуі керек, танымдық белсенділікті ынталандыруы керек. Жұмысты бастамас бұрын, оқудың мақсатын белгілеп, мәтінде қолданылатын негізгі терминдер мен кілт сөздерді қарастырған жөн. Мәтінмен жұмыс жасау кезінде мұғалім студенттерді үнемі ойлануға, танымдық белсенділікке ұмтылуға итермелеуі керек.
Қорытындылай келе, студенттер мәтіннің мазмұнын және алған білімдерін іс жүзінде қолдану мүмкіндіктерін түсінуі керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет