|
Мінез-құлқымен тығыз байланыстаБайланысты: ОШ СОр Қазақ тілі Т1 5-сыныпМінез-құлқымен тығыз байланыста
Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-
мұрыны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен
танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ, ол қандай адам, сол
жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгересің. Бұл - адамды
адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан
әлдекімді бір көргенде-ақ, «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ
екен», «Күлкісі қандай жасанды», «Түрі қандай тұрпайы, өзі арсыз жан
шығар», - деп те жатамыз. Әйтеуір адамның сыртқы келбеті не
сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да қалдырады.
М.Сүлеймен
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|