Идиотия –ақыл-ой кемістігі ауыр сатысы. Мұндай балаларда бұзылыстар өте ауыр, қиын болып келеді. Олардың өзіне-өзі қызмет көрсетуі қиын және жай, ал кейбіреулерінде бұндай дағдылар тіпті қалыптаспайды.
Имбецил - идиотиямен салыстырылғанда жеңілірек келеді. Бұлар белгілі бір дәрежеге дейін сөйлеуді игерген, күрделі емес еңбек дағдыларын менгерген, бірақта өрескел кемістік олардың қабылдау, ес, ойлау, коммуникативтік қарым-қатынас және эмоционалдық ерік сапаларында көрінеді. Имбецил балалар көмекші мектептерде оқуда үлгіре алмайды.
Дебил –ақыл ой кемістігінің жеңіл сатысы. Бірақта интеллектісі төмен, эмоционалдық ерік сапасы әлсіз, жалпы мектептегі білім беру бағдарламасын меңгере алмайды. Оларға білімді меңгеру қиындық келтіреді және күрделі жазу мен оқуды игермейді, дыбыс пен әріп арасындағы байланысты түсінбейді, түсінген жағдайда да қиындықпен игереді. Қарапайым математикалық операцияларды үлкен қиындықпен меңгереді. Орта мектепте мұндай балалар оқыған жағдайда тарих, география, сызу, химия, физика т.б. пәндерден үлгіре алмайды.
Имбецил және идиотия сатысындағы ақыл-ой кемістігі бар балалар өз отбасында, арнайы балалар үйінде тәрбиеленіп, әлеуметтік жағдай жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Іштен туа біткен ақыл-ой кемістігінің имбецил тобына кіретіндері ішіндегі айтарлықтай көп тараған түрі-Даун синдромы деп аталады. Сыртқаттың атауы 1866 жылы ағылшын дәрігері Лэнгдон Даунның осы ауру түрін басқа ақыл-ой кемістіктерінен бөліп алып арнайы зерттеуімен байланысты. Даун синдромы ақыл-ойдың хромосомдық негіздегі кемістіктері тобына жатады. Даун сырқатына шалдыққан балалардың дене құрылысында және психикасында жай көзбен қарағанның өзінде көрініп тұратын бірқатар ерекшеліктері болады. Мәселенен, бас сүйектері қалыптағыдан кішілеу, желке тұсы бір тегіс жайпақ болып келеді. Сондай-ақ мұндай балалардың көз қиығы тар, кеңсірігі шұңғыл, ал бет сүйегі дөңес те шығыңқы келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |