Оқыту бағдарламасы (силлабус) Орал 2020 ж. ДӘрістер кешені



бет10/36
Дата25.01.2022
өлшемі321,67 Kb.
#114309
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36
Байланысты:
Дефектология ЛЕКЦИЯ (1)

Деменция жүре бара пайда болатын ақыл ой кемістігінің түрі 5-7 жастағы балаларда кездеседі. Ол бас миының органикалық зақымдануы соққы салдарынан болады. Деменцияға шалдыққан баланың интеллектуалды кемшілігі қайтарымсыз жағдайында қалады. Бас миның зақымдануының салдарынан баланың ойлау қабілеті бұзылып, қалыпты жағдайдан ауытқуы мүмкін.

Оқытылуға жатқызылатын тұлғалар қосымша мектептерде білім тәрбие алады. Оқыту-тәрбие және түзету жұмыстары арнайы бағдарлама бойынша жүргізіледі. Қосымша мектепте оқытуға жергілікті орындағы педагогикалық медициналық-психологиялық кеңес беру мекемелерінің мамандары шешімімен жолданады. Қосымша мектептердің негізгі мақсаты психологиялық тұрғыдан қоғамдық ортаға балаларды бейімдей отырып, олардың өмірге, айналадағы ортаға үйлесімді көзқараспен қарауға деген сенімін қалыптастыру, еңбек дағдыларын меңгерте отырып, еңбек етуге тәрбиелеу, болашаққа сеніммен қарауға, қоршаған ортамен және адамдармен үйлесімді жағдай қарым-қатынасына келе білуге бағыттау болып табылады. Қиындықпен оқылатын балалар тобының көпшілігі ерте басталатын түзету жұмысын қажет етеді.Өкінішке орай нәрестелік және сәбилік шақ кезеңінде балалардың ауытқушылығының барлық формасы анық түрде зерттелмейді.

Ақыл –ой кемістігі бар балалар сәбилік шақта өз отбасында немесе денсаулық сақтау жүйесіндегі арнайы яслилерде тәрбиенеледі. Балалар үйінде тәрбиелеу және түзету жұмыстары сәбилік шақ кезеңінде жүзеге асырылады: балалардың эмоционалдық және жеке тұлғалық қасиеттерін кеңейту; үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасауға үйрету; заттар әлемін тануға және психомоторлық дамуын ілгерілетуге бағыттау.

Ал арнайы бала-бақшаларда мұндай балаларға кешенді жағдайда көмек көрсетіледі. Балаларды тәрбиелеу, емдеу–сауықтыру шараларымен қамту және психолог, логопед, топ тәрбиешілері, музыка жетекшілері, олигофренопедагогтармен бірлесе ұйымдастырылған түзету бағытындағы педагогикалық шаралар жүзеге асырылады. Арнайы мектепке дейінгі мекемелерде ерекше болып табылатын негізгі міндет бала денсаулығын қорғау және күн тәртібін сақтау, жылы таныс жағдайдағы атмосфераны жасау, дау-дамай жағдайларын болдырмау, әр баланың ерекшілігін есепке алу болып табылады. Бала-бақшадағы барлық жылда баланы тәрбиелеуде және оқытуда, оны мектепке әзірлеп даярлауда үш бағыт қамтылады:



  • баланың денелік дамуын қалыптастыру;

  • қарапайым түрдегі танымдық қызығушылығын қалыптастыру;

  • танымдық белсенділігін және білім және іскерлігін жинақтау;

  • адамгершілік-ерік әзірлігін қалыптастыру.

Мектепке дейінгі кезеңде ақыл-ойы баяу балаларға қолайлы жағдай көрсетілсе, олардың дамуында алға басушылық болады, бұл олардың арнайы мектептің оқу бағдарламасын меңгеруіне көмегін тигізеді. Мектепке дейінгі кезеңде мұндай балалар жалпылама балаларға арналған бала-бақшасындағы арнайы топтарда білім алып тәрбиеленеді. Мектеп жасына жеткен кезден бастап, арнайы мектептерде арнайы білім стандартна сай арнайы бағдарлама бойынша оқытылады. Сонымен бірге оларға әлеуметтік еңбекке бейімдеу орталығынан көмек көрсетіліп отырылады. Ал арнайы мектептердің негізгі міндеті мынадай:

  • ақыл-ойы баяу мектеп оқушыларының танымдық қызметтерінің және эмоционалдық ерік сфераларының, кемшіліктерінің алдын-алу;

  • өнімді еңбекке қатысуға, қазіргі қоғам жағдайына әлеуметтік тұрғыдан бейімдеуге бағыттау болып саналады.

Арнайы мектептің төменгі сыныптарында тіл дамыту бойынша (қоршаған дүниемен айналамен таныстыру, заттармен таныстыру), арнайы ритмика сабақтары өтіледі. Жоғарғы сыныптарда әлеуметтік (тұрмыстық шаруашылығы) бағдарлау сабақтары өткізіледі. Оқыту жұмысын ұйымдастыруда топтық және жекелей логопедиялық сабақтар, психомоторика және сенсорлық қабілеттерін дамыту, емдеу-сауықтыру кешендері өткізіледі. Арнайы мектептерде тәрбие жұмысына да үлкен мән беріледі. Мұндағы негізгі мақсат-тәрбиеленушілерді әлеуметтендіру болып табылады. Ал негізгі міндет-балалардың бойында жағымды сапаларды айқындау, өзін және қоршаған ортаны дұрыс бағалай білуін қалыптастыру, айналасындағыларға деген адамгершілік қарым-қатынас сезімдерін қалыптастыру. Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының арнайы міндеттері әртүрлі іс-әрекеттер негізінде жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет