Нашар көрушілік – көру қабілетінің төмендеуі нәтижесінде болатын ауытқу түрі. Мысалы: миопия (жақыннан көрушілік), гиперметропия (алыстан көрушілік), астигматизм. Нашар көретіндердің көрнекілік қабылдауының сипаттамасы: асықпауы,бұлыңғырлық, кез-келген жағдайда қоршаған ортаны тануға, еркін қозғалуға үлкен мүмкіндік береді. Нашар көрудің кемшіліктері прогрессшіл және прогрессшіл емес деп бөлінеді. Қылилық – бұл біржақты немесе екіжақты бинокулярлық көрудің қатысуымен көздің сынуының өзгеруі, конвергенция (көз осътерінің жақын болуы). Амблиопия-көру қабілетінің жойылуы. Патогенетикалық негізі: көру аймағы мен ми қыртысының, көздегі хрустальдың өзгерісі.
Туылғаннан соқырлықтың болу себептері: баланың іштегі даму кезіндегі ақаулықтар, анасының инфекциялық аурулармен жүктілік кезінде ауыруы, анасының немесе әкесінен тұқымқуалаушылық арқылы берілуі, туылғаннан бастағы ісік. Көздегі болатын ауытқулар - түрлі аурулар, көздің қысымын, ОЖЖ түрлі ауруларына әкеліп соғуы мүмкін. Нашар көретін балаларда көру бұзылыстарына қарамастан, тиісінше негізгі қабылдау құралдарын басқа талдағыштар соқыр балалардағы секілді алмастыра алмайды. Бірақ та көру қызметі кезінде тез шаршау келеді және де физикалық психикалық жұмысқа қабілеттілігі төмендейді. Есте сақтау процестері мен ойлау операциялары жай жүзеге асады. Көптеген нашар көретін балаларда түстерді ажыратуда бұзылыстар болады.Олардың көпшілігі адамдармен көп қарым-қатынасқа түсе алмайды, негативизм байқалады. Мұндай балалармен түзету жұмыстары жүргізіледі. Ойнау қызметінің жоғарғы формасы (сюжеттік-рөлдік ойындар)қалыптасқан. Оқу барысында мұндай балалардың қабылдауының баяулығынан көптеген қиыншылықтар байқалады.Олар тақтаға жазылған сөйлемдерді, кестелерді, суреттерді көрмейді. Мұндай арнаулы мектептерде балаларға барлық жағдай жасалады. Мәселен, арнайы техникалық оқулық түрлері, көлемі ұлғайтылған әріптермен жазылған оқулықтар, арнайы проекторлар және т.б.
Мектеп жасына дейінгі балалар (2-7 жас аралығы) Бұл жас аралығындағы балаларға мектепке дейінгі арнайы оқыту мен тәрбиелеу орындары қызмет көрсетеді. Мәселен: балалар бақшасы, соқыр балаларға арналған кіші және мектепке дейінгі топтар; балалар бақшасы, нашар көретін балаларға арналған кіші және мектепке дейінгі топтар; балалар бақшасы, көзінде қылилығы бар балаларға арналған кіші және мектепке дейінгі топтар. Бұл түзету орталықтары мұндай балаларды оқыту мен тәрбиелеумен қатар, олардың көру қабілетін жоғары дәрежеде қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынады, сонымен қатар мектепке дайындық жұмыстары жүргізіледі.Балалар бақшасындағы кіші топтағы балалардың ата-аналарына түсіндіру топтары ашылған.
Мектеп жасындағы балалар соқыр және нашар көретіндерге арналған арнайы мектептерде тәлім-тәрбие алады. Бұл арнайы мектептер оқыту-тәрбиелеу, түзету-дамыту, емдік-түзету, әлеуметтік- бейімделу мақсатында жұмыс атқарады. Мектепке дейінгі немесе мектеп жасындағы балаларды тәрбиелейтін мекемелердегі арнайы бағыт медициналық қорытынды және психологиялық-медициналық-педагогикалық арнайы комиссия шешімдеріне негізделген.
Ғылым саласы ретінде 19 ғасырдың басында дами бастады. Кеңес Одағы кезінде әр түрлі ауытқуы бар балаларға арналған оқыту-тәрбиелеу мекемелері ашылып, олар жалпы білім беру жүйесіне кірді. Көру кемістігі бар балалар арнайы оқыту мекемесінде білім алып, жоғары оқу орындарына түсуге жағдай жасалды. Олардың арасында акад. Л.С. Понтрягин және А.Г. Витушкин, проф. В.И. Зубов жазушылар Н.Островский, Э.Асадов, Н.Силков, А.Притчина, сазгерлер В.Никитин, Н.Поликарпов секілді көрнекті тұлғалар да бар.
Тифлопедагогика саласында мол еңбек қалдырған Б.И.Коваленко мен В.С.Сверлов болды. О.Скороходованың еңбектері дефектология ғылымында ерекше орын алады. Оның “Мен қалай қоршаған ортаны қабылдаймын және түсінемін” атты еңбегінің дефектология үшін маңызы зор. Тифлопедагогика жалпы педагогиканың саласы ретінде философияға, гуманистік тәрбие мен жалпы-дидактика, оқыту принциптеріне, көру қабілетінің (КҚ) кемістігі бар адамдардың өсу ерекшеліктеріне негізделіп дамиды. Тифлопедагогиканың жаратылыстанудағы сүйенетін негізі И.М. Сеченев пен И.П. Павловтың жоғарғы жүйке іс-әрекеті туралы ілімі.
Бүгінде тифлопедагогикада көру кемістіктерін алдын алу, түзету жолдары, механизмдер мен кемшілігі бар функциялардың орнын толтыру жағдайы, саралап оқыту түрлері, мазмұны мен әдістері ашып көрсетіледі. Балаларды мектепке дайындыққа, мектеп көлемінде жалпы және орта кәсіптік білім алуға, рухани өсуге, эстетикалық, тәрбиеге, дене тәрбиесіне әлеуметтік-психологиялық және еңбекке қалыптастырады. Көру кемістігі бар ересектерді оқытудағы мақсат – өмірлік тәжірибесі мен жалпы біліктілігін, білімін және әлеуметтік дәрежесін көтеру. Қазақстанда соқырлардың алғашқы мектебі 1932 ж. Алматыда ашылған. Қазір Соқырларға арналған 9 арнайы мектеп, бала-бақшаларда арнайы топтар бар.
Достарыңызбен бөлісу: |