Қазақ әдебиеті 23.04.2020
Сабақ тақырыбы: Прописка. Тақырыбы, идеясы. Кейіпкер мен автор
ұстанымы
Сабақ мақсаты: А/И 2.2.1 эпикалық,поэзиялық шығармалардағы автор
бейнесін анықтау;
А/И 2.3.1 шығармадағы көркем ауыстыруларды(троптарды:
метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота,
аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау;
Астарлау, метафора, метонимия
Құбылтудың бір түр астарлау(символ,грекшеsymbоlon белгі) бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге,не құбылысқа құпия теліп,жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу.
Ойды ашық айтпай,тартымды тұспалмен түсіндіру.
Ақын жазушылар әдеби тілдің әсерлілігін күшейту үшін құбылтуды немесе троп түрлерін кеңінен қолданады.
Метафора немесе ауыстыру сөз мәнін өңдеп өзгертіп айту
суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай,ажарландыра
түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау,
сөйтіп мағынасын үстеу,мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту.
Метонимияөзара байланысты ұғымдармен шартты сөздерді
Бірінің орнына бірін алмастыра қолдану тәсілі.
Метонимия«алмастырып атау»деген мағынаны білдіреді.Мысалы:Мен Абайды оқыдым.
Талдау
Әңгіме кейіпкерлерін салыстырыңдар
Жинақтау
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтаңдар.
Тақырып – әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жағдайлардың бағыт-бағдары болып табылады.
Идея жазушының осы өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы мен беретін бағасын білдіреді.
Анығырақ айтқанда, жазушы өзі бейнелеп, суреттеп отырған өмір құбылыстары арқылы оқырман назарын неге аударса, қайда бағыттаса, сол – идея.
Достарыңызбен бөлісу: |