Дидактика – педагогикалық ғылымдар жүйесінде Дидактика
Дидактика – педагогикалық ғылымдар жүйесінде
Дидактика(гр.διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдықформаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
Дидактиканың негізгі категориялары –білім беру, оқыту, сабақ жүргізу, оқу , оқыту принциптері және мұның құрамды бөлімдеріне тиесілі міндеттері , мазмұны , түрлері әдістері , құралдары оқытудың нәтижелі түрде жүзеге асуына негіз болып табылады. Дидактика – үнемі дамып, өркендеп отыратын сала . Өйткені білім беру мен оқытуды терең зерттеп, оны меңгермейінше ғылымды жетілдіріп , өмір талаптарын орындап, уақыт мәресінен шығу мүмкін емес.