Дидактика – педагогикалық ғылымдар жүйесінде Дидактика


Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері мен атқаратын қызметтері



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі13,62 Kb.
#95467
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дидактика – педагогикалық ғылымдар жүйесінде Дидактика-engime.org
тжб қаз т 10 жбм
2.Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері мен атқаратын қызметтері

Оқыту – қоғамдық қүбылыс. Себебі, оқытудың мақсат, міндеттері және оның мазмұны мен әдістері туралы мәселелер қоғамның қажеттілігінен туындап, тарихи дамып, қоғам дамуының барлық кезеңдерінде мектеп алдына қойылған міндеттерді қарастырып отырады.

«Процесс» деген ұғым – бүл ілгері қарай қозғалыс, бір ізділік әрекеттің заңдылығын көрсететін түсінік. Оқыту білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушыларда дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыратын, олардың дүние танымы мен шығармашылық күш-қайраты және қабілетін шыңдап дамытатын процесс.

Оқыту – мақсатты процесс. Оның мақсат, міндеттері мен мазмұны және ұйымдастырдағы амал-тәсілдері тек қоғамның талабымен, қажеттілігімен байланысты туындап, өзгеріп, жаңарып отырады.

Оқыту – таным процесі. Себебі, оқыту барысында оқушыда білмеуден білуге қарай ілгері қозғалыс болады.

Оқыту – екі жақты процесс. Оқыту процесі оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі әрекет. Себебі, оқыту – мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті.

Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.

Оқыту – бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен шығармашылық қабілетін, яғни біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жұзеге асырылады. Бұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас ықпал жасауды көздейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет