Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
«6В01201»- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
білім бағдарламасының 1(2) курс студенттеріне 2020-2021 оқу жылының екінші семестріне арналған «Дефектология және логопедия негіздері» пәні бойынша
оқыту бағдарламасы
(силлабус)
Орал - 2020 ж.
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
№ 1 дәріс
Тақырып: Дефектология-ғылым ретінде
Дәріс мазмұны:
Дефектология ғылымының пәні, міндеттері.
Дефектологияның салалары.
Адамның психикалық даму факторлары.
Арнайы педагогиканың зерттеу әдістері.
Психологиялық-түзету жұмыстарының кезеңдері.
Дефектология- бұл педагогикалық ғылымға жатқызыла отырып, ауытқушылығы бар балалардың дамуының психо-физиологиялық ерекшеліктерін зерттейді, әрі оларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын, оның жолдарын, әдістері мен тәсілдерін қарастырады. Дефектология- латын сөзінен аударғанда «defectus» -кемшілік, жетіспеушілік, «logos»-ілім, ғылым деген мағынаны білдіреді. Дефектология зерттеу пәні ретінде және педагогикалық ғылымның бір саласы ретінде денелік және психикалық ақаулығы бар балалардың жалпы мәселелерімен шұғылданады.Дефектология ғылымы философия, әлеуметтану, психология, педагогика, медициналық ғылымдармен тығыз байланыстылықта дамып жетілуде.
Біздің елімізде арнайы педагогикаға дефектология, түзету педагогикасы енеді. Арнайы педагогика- денелік және психикалық ауытқушылығы бар тұлғаларға арнайы білім және тәрбие беру қызметін қамтиды. Ол қалыпты педагогикалық жағдайда жалпы педагогикалық құралдар мен әдістердің көмегімен жүзеге асырылады. Дефектологияның негізгі мақсаты:
- ауытқушылығы бар тұлғаларды тұлғалық жағынан қоршаған ортаға бейімдеу;
- ақаулығы бар балалардың бойында өзіндік абырой, әрі бедел сезіміне тәрбиелеу;
- балаларда жағымды мінез-құлық сапаларын қалыптастыру;
- дербес қоғамдық пайдалы өмірге белсенді етіп даярлау;
- қарапайым еңбек дағдыларын меңгерту;
- іскерлік дағдыларын қалыптастыру;
Дефектологияның мақсатын іске асыруда төмендегідей міндеттер шешіледі:
тұлғалық дамудың педагогикалық заңдылығын зерттеу;
бұзылу құрылымына сай түзету қажеттілігін анықтау;
арнайы білім беру заңдылығын зерттеу;
арнайы білім беру жағдайында оқытудың технологиясын, әдістерін, принциптерін ғылыми негізде жетілдіру;
мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту және тәрбиелеу, түзетуге арналған бағдарламаларды жетілдіру және оларды тарату.
Дефектологияның салалары.
Олигофренопедагогика-ақыл-ойы қалыс қалған балаларды түзете, тәрбиелеумен жұмыстанады.
Тифлопедагогика-көрмейтін, нашар көретін балаларды түзете-дамыта-оқытумен жұмыстанады.
Сурдопедагогика-саңырау, нашар еститін балаларды түзете-дамыта-тәрбиелеумен шұғылданады
Логопедия-сөйлеу тілі бұзылған балаларға білім беру, тәрбиелеу, оқытумен жұмыстанады.
Тірек-қимыл қозғалысы бұзылған балалар-қимыл қозғалыс аппараты бұзылған балалар немесе БЦП (балалар церебралды параличі) білім беру, оқыту, тәрбиелеу, түзету мәселелерімен шұғылданады.
Осы аталған салалардың әрқайсысы өзіндік ерекшеліктеріне қарай зерттеу, түзету және тәрбиелеу жұмыстарын қарастырады.
Қазіргі таңда қоғамымызда ақаулығы бар балаларды оқыту тәрбиелеу және түзету бұл күрделі болып танылған әлеуметтік және педагогикалық мәселе болып отыр. Мұндай балалар дер кезінде үйлесімді, жан-жақты, кешенді көмекті қажетсінеді.
“Anomalіа”- грек сөзінен алғанда «дұрыс емес» деген мағынаны білдіреді. Ақаулығы бар балалар жалпы денелік және психикалық жағынан кемшіліктері бар балалар тобына енеді. Ақаулығы бар балалардың дене және психикалық жағынан бұзылып келуі, олардың жалпы дамуына өзіндік өз әсерін тигізеді. Мұндай балалар тобы арнайы оқыту мен тәрбиелеу және түзету жұмысын қажет етеді. Ақаулығы бар балалар тобына: есту қабілеті бұзылған; көру қабілеті бұзылған; сөйлеу тілі бұзылған; интеллектілік дамуы бұзылған; психикалық дамуы тежелген; тірек-қимыл аппараты бұзылған; күрделі түрдегі бұзылыстар; психикалық мінез-құлқы жағынан бұзылған; сондай-ақ жоғарыда айтылған ақаулықтарымен қоса, белгілі бір ағзаға байланысты жалпы жүйелік түрлері де бар:-денелік ақаулықтар,-сенсорлы бұзылыстар,-ми қызметінің бұзылыстары.
Мүмкіндігі шектелген балалар күрделі және әртүрлі сипаттағы бұзылыстармен сипатталады. Мұндай балалар тобы оқу танымдық, еңбек іс-әрекеттерінде және әлеуметтік байланыстарда ерекшеленіп байқалады. Әрбір бұзылыстың өзіндік сипат ерекшелігіне қарай балалардың дамуы барысында оқыту мен тәрбиелеу жұмысының жүйелі жүргізілуі нәтижесінде ғана түзелуі мүмкін, ал кейбіреулерінде бұл үрдіс ұзақ уақытты қамтуы ықтимал.Бұл мүмкіндігі шектелген балаларға көмек ету, оларға көмек беру барысында ғана іске асырылады. Ақаулығы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісімен педагогикалық, медициналық, психологиялық, әлеуметтік салалар бірлесе отырып түзету, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу барысында көмек беру және оларды қолдау арқылы ғана жүзеге асырылады.
Балаларда психо-денелік ақаулықтардың болу себептері:
экологиялық әсерлер (өндіріс орындары мен газ-мұнай саласы, қара-түсті металлургияның зиянды заттардың ауаға тарауы, су қоймасының ластануы, жер асты суларының ластануы)
экономикалық жағдай;
әлеуметтік жағдай;
отбасылық жағдай;
онкологиялық ауру;
жұқпалы аурулар;
эндокриндік жүйке ауру салдары;
генетикалық бұзылыстар;
дүниеге келу сәтіндегі қолайсыз жағдайлар;
даму жағдайының ауыр деңгейде болуы.
Халықаралық қоғам ұйымы даму ақаулықтарының түрлеріне байланысты жүйелілікті жинақтау жұмыстарымен айналысуда.Дамыған елдердің көпшілігі өз еліңдегі денсаулық мүмкіндіктерінің шектелу белгілеріне орай терминалогия және жүйелілік бойынша өз санақтарын жүргізіп жатыр.Статистикалық мағлұмат елдердің дамығандығына, медициналық, әлеуметтік және педагогикалық көмек көрсету сапасына байланысты анықталады Бүгінгі таңда статистика проценттік қатынасын дәлірек анықтап отыр.Ақаулығы бар балалардың арасында бірінші орынды оқытылуы қиын балалар алса, екінші орынды ақыл- ойы баяу дамыған балалар орын алып отыр. Үшінші орында сөйлеу тілі бұзылғандар.Жалпы әлемде 1000 адамның үшеуі соқыр, ал 5 пайыздан астамы есту ақаулығы барлар. Әрбір үш оқушының, яғни 7-15 жас аралығындағы балалардың 4-5 оқушысы ақыл- ойы баяу немесе оқытылуы қиын оқушылар болып табылады.
Балаларға коррекциялық көмекті дер кезінде көрсету мақсатында оларға неғұрлым ертерек диагноз қойған дұрыс. Сондықтан да психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру орталығында бала туғаннан бастап 18 жасқа дейін тексеріліп тұруы тиіс.
ПМПК-ның тұрақты штатында төмендегідей мамандар болуы тиіс: әлеуметтік педагог, психолог, дәрігерлер: психиатр, невропатолог, отолоринголог, ортопед, офтальмолог, терапевт-педиатр, дефектологтар, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед.
Ауытқушылықтарды тексеруде психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістері де қолданыфлады. Олар төмендегідей:
1. Әңгіме әдісі. әңгіме баламен қарым-қатынас орнатудың құралы ретінде қолданылады. Ол балаланң мінез-құлық ерекшеләіктері мен қасиеттері туралы мағлұмат алуға, дамудағы кейбір ауытқушылықтардың себептерін ашуға мүмкіндік береді. Балаланың ақыл-ой қабілеттерін тексеруде айқындалуы қажет мағлұматтар: баланың өзі туралы, ата-анасы, жақын туыстары мен достары туралы ойлары: «отбасы», «көрші», «туысқан» т.б. ұғымдарды ажырата алу біліктері; уақыт, табиғат құбылыстары түсініктері, кеңістікте бағыт-бағдар таба білу (оң-сол, жоғары-төмен) дағдылары, отан туралы, оқыған кітаптары мен көрген фильмдері туралы түсініктері мен елестетулері т.б.
2. Бақылау әдісі. Бақылау мақсатты түрде жүргізіледі және нәтижеде жинақталған материал міндетті түрде тіркеліп отыруы тиіс. Әсіресе баланың ойын әрекетін бақылау өте маңызды. Балаға ойыншықтармен ойнауға мүмкіндік бере отырып, зерттеуші ол туралы алғашқы материалдарды тіркейді, ойыншықты көргендегі эмоциялық реакция сипаты (қуаныш, енжарлық); ойыншықты таңдай білу және ойынды ұйымдастыра білу қабілеттері, ойнау кезіндегі қимыл координациясы да зерттеушіге өте маңызды ақпараттар береді.
3. Суреттерді зерттеу әдісі. Балаларды зерттеп, тексеруде сурет салу-дифференциалдық-диагностикалық маңызды көрсетікіш. Баланың педагогикалық құжаттардағы суреттері белгілі бір тұрғыда күмән туғызса, жағымсыз әсер қалдыратын болса, балаға сурет салуда тақырыптық еркіндік немесе нақты тапсырма бере отырып арнайы зерттеулер жүргізген дұрыс. Баланың тақырыпты таңдай алуы, суреттің сипаты, сурет салу процесі, нақтылы диагноз қоюда қосымша құнды материалдар беруі мүмкін. Ақыл-ойы кем балалар, әдетте, тақырып таңдауда қиналады, сюжет құра алмайды, олардың еркін тақырыпқа салынған суреттерінде белгілі бір ой, фантазия болмайды. Сондай-ақ олар форма, пропорция сақтай алмайды, түрлі түстерді онымен қолдана алмайды, салынған суретті түсіндіріп бере алмайды. Психикалық ауруға шалдыққан балалардың суреттері ерекше болады. Шизофрениямен ауыратын балаларғасуреттің аяқсыз қалуы, негізгі бөліктерінің болмауы немесе көп қабаттылық пен көп құрамдылық, сурет жоспары мен қағаз өлшемінің сай келмеуі қағаз шетінен алысқа кетуден қорқу, т.б. симптомдар тән.
4. Эксперименттік-психологиялық зертеу әдістері. Бұл әдіс әдейі зерттелуі қажет психикалық процестерді жандандыратын белгілі бір ситуацияларды жасауға негізделген. Эксперименттік әдістер көмегімен баланың түрлі жағдайларының себептері мен механизмдерін анықтауға болады. Бұл әдістер баланың дәл қазіргі жай-күйін ғана айнықтап, қоймай, оның дамуына болжам жасауға, сонымен бірге баланың қажетті деңгейде дамуы үшін жүргізілетін жұмыс бағытын ақындауға мүмкіндік береді.
5. Тест әдістері. Балаларды психодиагностикалық мақсатта тексеруде көбінесе Д.Векслердің балаларға арналған тест жүйесі қолданылады. Жеке-дара психологиялық тексерулерде бұл тест бала туралы қосымша мағлұматтармен қатар, баланың өзіне де айтарлықтай көмектесе алады. Бұлтест, әсіресе, ақыл-ой артта қалуының жеңіл түрлерін психикалық дамудың мүлдем тежелуінен ажыратуда өте пайдалы. Д.Векслер тестісінің құрамында вебалды және вербалды емес сипаттағы диагностикалық тапсырмалар топтамасы қарастырылған. Топтама 5 пен 16 жас арасындағы балаларға арналған 12 тестен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |