Гидроцефалия деп өте үлкейіп кеткен немесе «қазан бас» деп аталатын ауру түрін айтамыз. Гидроцефалияның өзі жұлын сұйықтығының шамадан тыс қатты көбейіп, басқа құйылып жиналуынан пайда болатын ауру. Жұлын сұйықтығының тасуына ананың екіқабат кезінде ағзасында әртүрлі азық-түлік тағамдары арқылы келетін уытты заттардың жайылуы, түрлі жарақаттардың зардаптары немесе мидағы қанның жүруін реттеп тұратын жұлын сұйығының жүйелеріне тікелей әсерін тигізіп, олардың қызметін бұзатын ми қабықтарының қабыну процестері мен мидың іріңдеп ісінуі себеп болуы мүмкін деген жорамалдар бар.