Оқыту бағдарламасы (силлабус) Орал 2020 ж. ДӘрістер кешені


Өзін өзі тексеру сұрақтары



бет36/36
Дата25.01.2022
өлшемі321,67 Kb.
#114309
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
Дефектология ЛЕКЦИЯ (1)

Өзін өзі тексеру сұрақтары:

15 дәріс



Тақырып: Медициналық-әлеуметтік –педагогикалық патронаж

Дәріс мазмұны:

1. Медициналық-әлеуметтік –педагогикалық патронаж.

2. Кешенді медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаж.
Медициналық-әлеуметтік–педагогикалық патронаж- балаға, оның ата-анасына, күрделі проблемаларды шешуде мұғалімдерге, емдеу, арнайы оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтендіру, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы ерекше көмек түрі деп түсіндіріледі. М-Ә-П-лық паронаж кешені оңалтуға бағытталған көмектің кең спектрін болжайды. Ол жанұядағы баланың дамуына және әртүрлі бейінді мамандардың жұмысымен бірге жүзеге асуына бағытталған. Ол алғашқы жоспарларды, жеке оңалту бағдарламаларды, білім беру маршрутын таңдауда ақпаратты ізденіс бірлестіктерін диагностикалауды анықтайды.

Кешенді медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаж психологиялық-педагогикалық медициналық-әлеуметтік мекемелермен, мемлекеттік жүйе қалыптастырған әлеуметтік қорғаныс, сонымен қатар барлық мүмкіндікті қолға алған мемлекеттік емес секторлар қоғамдық бірлестіктер, ассоциациялар, қайырымдық қорлары арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік құрылым жұмысын толықтыра отырып, олар дамуы шектелген балаларға әлеуметтік кеңістікті ұйымдастырудағы жаңа қадамдарды қалыптастырады және дисциплинарлық негізде олардың жанұяларына әлеуметтік көмек етеді. МӘП патронажының негізгі базасы болып психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру, психологиялық-медициналық-әлеуметтік орталықтар, оңалту және диагностикалық орталықтар, логопедиялық бөлімдер, ерте оқыту орталықтары болып табылады. МӘП- патронаждың жүйесі дамуы шектелген балалардың мүмкіндіктерін, жағдайларын жақсарту мақсатындағы арнайы білім беру жүйесінің бөлімі ретінде қалыптасады. Кешенді медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаж өзінің әрекеті ғылыми әдіснамалық мекемелердің басқада білім беру құрылымдарымен сонымен бірге халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау жүйе мекемелерімен бірлесіп орындайды.

МӘП-патронаж жүйесі өзінің қызметін келесі бағыттары бойынша қалыптастырады:

-мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру жүйесінің құрылымын, индивидуалды білім маршрутын таңдаудағы көмек;

-білім беру кеңістігінен тыс балалармен түзету-дамыту бағдарламасы бойынша жұмыстарды қалыптастыру және өңдеу;

-ата-аналарды оқыту үшін арнайы бағдарламаларды оларды коррекциялық-педагогикалық процеске қосуды қалыптастыру;

-өзіндік компоненті болып табылатын кешендік бірлестік жүйесі бойынша баланы бөлек аспектілі көмектің негізінде жалпы әлеуметтендіру мен оқытуды қамтасыз ету;

-балаларды әлеуметтендіру және оқытуға бағытталған білім беру жүйесн дамыту;

-арнайы білім беру жүйесі бойынша жаңа педагогикалық психологияларды жүзеге асыру;

-баланың мүмкіндіктеріне сай еркін дамытуға бағытталған қоғамдық-педагогикалық инициативаны қолдау.

Елімізде МӘП патронаждың қалыптасуы арнайы білім беру жүйесінің дамуы, жанұя жағдайындағы мүмкіндігі шектелген балаларға жаңа кешенді модельді қолдап жүзеге асырудың белгісі. МӘП патронаж жүйесінің негізгі тиімді әрекеті мынадай:

-ата-ана, педагог-бала жағынан патронаж көмегінің қажеттілігі;

-мамандандырылған көмекті қажет ететін проблемалардың өсуі;

-баланың мүмкіндігі шектелген деңгейіне тәуелсіз даму көрсеткішінің сапалы өсуі;

-ішкі жанұялық қатынастарды нормалау;

-педагогтармен басқада мамандардың жаңа балалық проблемаларын шешудегі шеберліктерінің сапалық өсуі.

2. МӘП патронаж процесінің негізі болып ерте диогностикамен ерте кешенді көмек болып табылады. БҰҰ ассамблеясының 1993 жылы 20 желтоқсанда қабылданған мүгедектер үйіне мүмкіндіктерді қамтамасыз ету ережесінде мүгедектер профилактикасының кешенді құрылымын анықтау көзделген.

Мүгедекті алдын алу тек медициналық мінездемеге алғашқы медициналық-санитарлы көмекке тән емес, сонымен қатар бала дамуын ерте қарастыру, психо-физикалық функцияларының қалыптасуында екінші ақаулықтың пайда болу мақсаты мен профилактикалық жұмыстарға тән. Бұл бағдарламаның негізгі теоритикалық базасын қалаған Л.С.Выготскийдің ойлау процестерін қалыптастыруға арналған практикалық әрекет түсінігі туралы жұмыстары. Оның теориясындағы даму зонасы және екінші дефект профилактикасы арнайы білім берудегі жаңа зерттеулерге маңызды әсер етуде.

Дүниежүзі практикасына белгілі ерте көмек көрсету бағдарламалары Коннектикуттық тест «Жаңа туылғандармен 3 жасқа дейінгі балалардың дамуын зерттеу», «Туғаннан 5 жасқа дейінгі балалар үшін Каролиндік оқыту жоспары», «Ерте оқытудың Мюнхендік функциональдық диогностика», «Ерте даму диагностикасының «Тандем» бағдарламасы».

Дамуы шектелген балаларға ерте педагогикалық көмек көрсету бағдарламалары егер біздің елімізде ерте диагностика және түзету жүйесі даму үстінде болса, онда шет елдегі «ерте араласу» бағдарламасы сияқты ғылыми практикалық тәжіриебе де жақсатар еді. Олар жоғары тиімді нәтижені шығарады. Оған куә ең алдымен адамдардың өмір деңгейінің өзгеру процесі. Отандық тәрізді шет елдік тәжіриебе көрсеткендей толық дамыған балаға арналған ситуация оның жанұя жағдайына келуі болып табылады. Мамандардың жанұяға белсенді қатысу процесінде бала және ата-анамен арнайы сабақтар жүргізіледі. Біздің елімізде ерте диагностикалық және ерте кешенді көмек көрсету жүйесінің қалыптасуы медициналық –психологиялық-педагогикалық патронаж жүйесі арқылы жүріп, ПМС орталықтарымен ПМПК базасында жүзеге асады. Ресейдегі ерте диагностика және ерте көмек көрсету мекемелері өте аз. Олар жиі экспериментальды аймақтарда ғана жұмыс жүргізеді, бірақ олардың шынайы нәтижелері эксперименттен әлеуметтік-педагогикалық практикаға өтетінін болжайды. Жалпы ерте диагностикалау және кешенді көмек көрсету жүйесі жанұя жағдайында өңделіп, сонымен қатар жаңа бағдарламаларды жүзеге асырып, мамандарды дайындап, білім беру мекемелеріндегі бірегей ақпаратты жүйені қалыптастырады.


Әдебиеттер:

1.Специальная педагогика /Под. ред Н.М.Назаровой, М.-2000.3-17б.

2.Настольная книга педагога- дефектолога /Т.Б.Епифанцева, Феникс,2006.

3.Лапшин В.А., Пузанов Б.П. Основы дефектологии, М.-1990.8-17б.



4.Дефектология: словарь – справочник. / Под ред. Б.П. Пузанова, М., 1996.

5.Выготский Л.С. Собрание сочинений в 6-ти томах, М., 1983.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет