Оқыту бағдарламасы (силлабус) Орал 2020 ж. ДӘрістер кешені


Аномальды балалар диагностикасының принциптері



бет2/36
Дата25.01.2022
өлшемі321,67 Kb.
#114309
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Дефектология ЛЕКЦИЯ (1)

Аномальды балалар диагностикасының принциптері

1.Кешенді принцип. Баланың барлық жақтарын өзіне қарату арқылы жорамалдайды: жүйке жүйесінің жағдайы, сезім органдары (көру, есту, т.б), қозғалыс айналасы, психикалық таным процестерінің даму деңгейі, ерік – жігері, тұлғалығы, мінез- қылығы.

2.Тұтастылық және жүйелік принциптері бір бірімен тығыз байланысты, сондықтын негізгі ауытқушылықтардың пайда болу себептерін және олардың дамуын қарастырады.

3.Сапалық және сандық талдау принципі психодиагностикада, зерттеудің барлық процестерін санауды талап етеді: 1) тапсырманы орындау қабілеті (логикалық ойлаудың жалғасуы); 2) баланың психологиялық жағдайы (мотивация, мақсатқа жетудегі тұрақтылығы ); 3) соңғы нәтиже.

4.Динамиқалық оқу принципі Л.С.Выготскийдің концепциясымен сәйкес келеді, ол былайша тұжырымдаған: 1) тексерілген баланың психололгиялық диагностикалық әдісін қолдану; 2) дәл қазіргі жағдайдағы даму деңгейі; 3) оның әлеуеттік мүмкіндіктері; 4) «жақын арада даму аймаған анықтау».

Бірақ ескеретін жәйт көптеген психологиялық әдістер аномальды балаларды анықтауға мүмкіндік бермейді.



Психологиялық тексерудің қадамы

Байланыс орнау (анамнезаның 1 этапы) әңгімелесу процесі жүреді, нәтижесінде өзі туралы, қоршаған ортасы туралы, отбасы туралы мәлімет алынады.Бұған ұсынылған әдіс: «Үй – ағаш – адам» немесе «Отбасының суреті». Бұл әдістердің интнрпретациясы психодиагностикалық кітаптарда көптеп айтылады. Олар туралы келесі мәліметтерге тоқталайық. Ақыл – ойы жағынан артта қалған балалар, мынадай болады: 1) тақырыпты таңдау кезінде қатты қиналады; 2) әңгіме құра алмайды; 3) өзара теңдікті байқамайды; 4) шектелген және анық түстер қолданылады; 5) салған суреттерін кей жағдайда суреттеп айта алмайды. Психологиялық түрлі аурулармен ауыратын бала сурет сала алмайды, түстерді ретсіз пайдаланады. Шизофрениямен ауыратын адам, мысалы сурет салғанда негізгі бөлімдерін тастап кетеді немесе аяқталмаған күйде қала береді, суреттің беті мен қағаздың беті бір бірімен сәйкес келмейді. Ал эпилепсиямен ауыратын балалар өте ұзақ салады және шапшаң қмылдайды, негізігі детальдары көрінбей қалады.

Психодиагностика (психологиялық анемнезаның 2 этапы). Есту арқылы есте сақтау зерттеулері бұл көп жағдайда баланың есте сақтау қабілетін анықтау болып табылады. Оған – «Екі топтағы сөздерді ете сақтау» әдісі ұсынылады. Ес дамуының деңгейі. «Пән түрлері», «Пән қорытындысы» әдістемелері ұсынылады. Зейіннің мінездемесі. Бұған В.М.Когана әдісі, Пьерона – Рузера әдісі, Крепелин есебі, бланкілік әдістер ұсынылады. Ал мұндағы бланкілік әдістерді 2 рет қатарынан берін отыруы керек. Анализдік және синьездік деңгейі (тапсырмаларды шешу, ерекше оқу, жазу, есептеумен сипатталады) Бұған «Коосаның кубыгы» әдістемесі ұсынылады. Логикалық ойлаудың, бейнелеудің ерекшеліктері. Равеннің матрицасы, Пиаженің тапсырмаларынан, қарапайым және қос аномалиялардан, жұмбақ түрде жеткізілуі, картиналарда5ы суреттерден ертегілердің құрастырылуы, т.б. әдістер ұсынылады. Ойлау динамикасы қызметінің өзгеруі. «Бос байланыстар», «Сөздерді салыстыру» әдістемелері ұсынылды. Ерік – жігерінің және тұлғалық ерекшеліктері. СОМОР әдістемесі, «Қол», «Эмоциональды бет», «Метаморфозы» әдістері ұсынылады. Моториканы зерттеу. Бұл арнайы баламен қандай да бір тапсырманы орындау барысында жүзеге асады.Мысалы, жүгіру немесе секіру арқылыда болуы мүмкін. Ерікті қабілет қызметі. Арнайы зерттеулер талдау негізінде жүзеге асады, яғни құрал – жабдықтармен, тапсырмаларды орындау бағдарламалары арқылы жүзеге асады. Арнайы зерттеу тілі міндетті жүргізудің қажеті жоқ. Баланың даму деңгейін анықтау үшін зерттеу процесінде мұқият тыңдаудың өзі жеткілікті. Балалардың балабақша ұжымындағы өзара байланысы және мұғалімдермен қарым – қатынасы.Арнайы әдістер ұсынылады: СОМОР, қарым – қатынастың түрлі – түсті тесті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет