Микроцефалия гректің «микро» -кішкентай және «цефаль» -бас сөздерінен бірігіп, бас сүйегі мен миы жетілмей қалған деген ұғымды білдіреді. Микроцефалия ақыл-о кемістіктерінің ішіндегі ең ауыры деп есептелінеді. Мұндай ауруға шалдыққан балалардың бастары әдеттегіден өте кішкентай, шақша бас болып келеді, соған орай милары да толық жетілмей қалады. Сонымен қатар олардың қимыл-қозғалыстары да бұзылған және құрысып-тырысудың, қалшылдап-дірілдеудің, сіңірлері тартылудың синдромдары болады және қошаған ортада болып жатқан тіршілік болмысының шындығын сезініп-түсінуі, ұғынып әсерленуі, ойланып елестетуі арқылы көңіл күйдің реңімен бейнелеп көрсететін ми торабының жұмыс істеу қызметінің даму барысы да кешеуілдеп қалатындығы анық байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |