Соқырлық – көру қабілетінің жоғалуының ең күрделі сатысы. Бұл сатыда қоршаған ортаны көру мүлдем мүмкін емес немесе шектеулі. Соқырлық туылғаннан және жүре пайда болады. Көрудің сақталуы екіге бөлінеді:1) жалпы (абсолютті) соқырлық (көру қабілеті екі көзде де толығымен жойылған) 2) практикалық соқырлық (қалдық көру) жарық сезгіштік немесе формалық көру сақталады. Көру сипаттамасы: көру функциясындағы әр түрлі іс-қимыл параметрлерінің теңсіздігі, сәйкессіздігі; көру қабілетінің тұрақсыздығы; ақпаратты өңдеу жылдамдығының төмендігі; көру функциональдық қабілетінің төмендеуі салдарынан қажу.
Соқыр балалар екі санатқа бөлінеді туылғаннан және жүре пайда болған соқырлық (мектепке дейінгі немесе мектеп жасында). Соқыр балалардың көру қабілетін жақсарту үшін көру қабілетінің сақталуы маңызды рөл атқарады. Ішінара сақталған көрнекі есте сақтауды дамыту қажет, егер олай жасамаған жағдайда бейнелердің жойылуына әкеліп соғады.Мұндай жағдайда жұмысқа деген қабілеттілік төмендейді. Балада әлеуметтік тәжірибе мазмұны толық болмағандықтан, өзіндік эмоциональдық сферасы, мінез-құлқы, сенсорлық тәжірибесі туындайды. Соқыр және нашар көретін балаларда екі қарама-қайшы реакция типі болуы мүмкін: тітіркену, қозғыштық, агрессивтілік немесе өзін- өзі оқшаулау, сенімсіздік, белсенділіктің жойылуы. Сөйлеу, назар аудару, есте сақтау қалыпты дамиды. Бейнелік ойлаудың артта қалуы байқалады. Логикалық ойлау қалыпты дамиды. Қалыпты қарым-қатынас қиындық туғызады. Балалардың қалыпты ойлау қызметі есту, қозғалыс, терілік және тағы да басқа талдағыштар арқылы жүзеге асады. Ойын іс-әрекеті мен оқу барысындағы қиындықтар соқыр немесе нашар көретін балалар үшін он бір жасқа дейін жалғасады, яғни балалар бұдан соң толық орта білім және белгілі маман иесі болуға құқылы. Мысалы: массаж жасаушы немесе радио т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |