Өзін-өзі қайталау сұрақтары:
Көру бұзылысының мәселесін қандай ғылым зерттейді?
Көру бұзылысының түрлері қандай?
Тифлопедагогика ғылымының айналысатын мәселесі?
Тифлопедагогика ғылымына үлес қосқан ғалымдарды атаңыздар?
Соқыр балалардың сипаттамасы?
Көруі бұзылған балалармен қандай жұмыстар жүргізіледі?
№ 7 дәріс
Тақырып: Сөйлеу тілі бұзылған балалар психологиясы
Дәрістің мазмұны:
Логопедияның мақсаты мен міндеттері.
Сөйлеу тілінің бұзылу себептері және түрлері.
Сөйлеу тілі бұзылған балалардың классификациясы.
Сөйлеудің дамуы және оны тәрбиелеу жолдары.
Логопедия дегеніміз –сөйлеу тілі кемістіктерін, оның бұзылу себептерін болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемшіліктерді әртүрлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым. Логопедия – «логос» -сөз және «пайдео» -тәрбиелеймін, үйретемін деген грек сөздерінен құралған.
Логопедияның негізгі мақсаты сөйлеу тілі бұзылған адамды оқыту, тәрбиелеуді және қайта тәрбиелеуді, сонымен бірге сөйлеу тілінің кемістіктерінен алдын-ала сақтандыру жолдарын ғылыми негізде зерттеу болып табыладыН
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы алалия, афазия, ринолалия, дизартрия сияқты күрделі сөйлеу патологиялардың түрлерінде байқалады. Баланың сөйлеу тілінің бұзылуын анықтап, зерттеп отырып онымен түзету –тәрбие жұмысы жүргізген дұрыс. Дәл уақытында қолайлы жағдай жасай отырып, оның (баланың) тілінің дұрыс дамуына бағыт берген жөн. Сөйлеу тілінің баю тәрбиесінің барысында бала мектепке барар алдында тілін грамматикалық зандылығын меңгеріп, байланыстырып сөйлеу дағдысын игереді. Сондықтан да бұл кезінде балаға ерекше қамқорлық қажет.
Логопедия ғылымында осы уақытқа дейін шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі жүйелі ғылыми тұрғыдан тіл кемістіктерін топтастыру болып табылады. Оған бөгет болатын жағдайлар, біріншіден тіл кемістіктерінің көптеген түрлерінің кездесуі және олардың нағыз күйінде кездеспей қалуы. Осының бәрі тіл кемістіктерін ғылым жүзінде дәлелдеп топтастыруды қиындатады. Бұның қиындығы сонда, егер тіл кемістігінің бір түрі бірнеше себептердің салдарынан болса, тіл кемістігінің бірнеше түрі пайда болуы мүмкін. Сонда тіл кемістіктері жеке түрде немесе басқа тіл кемістіктерімен қисындасып, тіркесіп кездесуі мүмкін. Соған байланысты олар логопедияда белгілі терминдермен белгіленеді.
Сөйлеу тіліндегі мүкістердің патологиялық дәрежелеріне, белгілі бір мүшелерінің атқаратын қызметтерінің бұзылуына, зақымдануының уақытына, басты кемістіктердің ықпалынан пайда болатын екінші бір ақаулықтардың көрінуіне байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтары да әр алуан болып келеді. Олар әрқайсысының өзіне тән симптоматикалық және динамикалық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі салаға бөлінеді. Мұндай салаға дауыстың бірқалыптылығының бұзылуы, сөйлеу тіліндегі дауыс ырғағының бұзылуы, тұтықпа, дислалия, ринолалия, дизартрия, алалия, афазия, жазу тілі мен оқу тілінің бұзылуы жатады.
Тіл бұзылуының себептері органикалық және функциональдық болып бөлінеді. Органикалық – түрлі зақымдардың нәтижесінде тіл аппараты мен жүйке жүйесінің бөлімдерінің бұзылуы. Функциональдық – мұнда органикалық зақымдану болмайды, тек сөйлеу механизмдерінің функциясы бұзылады. Тілдің бұзылуы түрлі жаста, әсіресе жас балаларда көп кездеседі. Сөйлеудегі бұзылу келесі топтарға бөлінеді: Фонетикалық бұзылулар – бір дыбысты немесе бір топқа жататын дыбыстарды айта алмау (ызың, шұғыл, тіл ортасы, тіл алды дыбыстардың бұзылуы; дауыссыз дыбыстардың қатаң – ұяң – үнді айтылуының бұзылуы, дыбыстарды дұрыс қабылдау қабілетінің бұзылуы). Бұған дислалия, дизартрия, фонетикалық-фонематикалық жетілмеу жатады. Лексикалық-грамматикалық бұзылулар. Бұған енетіндер: шектеулі сөздік қор, жадағай фраза; фразадағы және сөйлемдегі сөздердің өзара қиыспауы, шылаулар мен жалғау-жұрнақтарды қате қолдану (сөйлеудің жалпы жетілмеуі). Әуендік – екпіндік бұзылулар: екпінді дұрыс қоймаумен байланысты, дауыстың күші мен жоғарылығы, тембрінің бұзылуына қарай (ақырын, қарғылыңқы, бақылдақ және т.б.). мысалы: дисфония, ринолалия, ринофония т.б. Қарқындылық – ырғақтық бұзылулар: мидағы қозу үдерістерінің басымдылығымен байланысты болатын шапшаң қарқын (брахилалия); тежелу үдерістері басым болатын баяу қарқын (брадилалия); үзік-үзік қарқын (қажетсіз паузалар, сүріну, құрысу сипатты емес кекештену – физиологиялық итерациялар, полтерн және құрысу сипатындағы – тұтығу немесе кекештік). Жазба тілдің бұзылуы: жазуда: фонеманың графемаға қате айналуы; толық жазбау; сөздегі әріптерді тастап кету немесе шатастыру; сөйлеудегі сөздердің өзара қиыспауы немесе орындарының ауысуы; жазу жолынан шығып кету т.б., оқуда: дыбыстарды алмастыру мен шатастыру; әріптеп оқу; сөздің дыбыстық-буындық құрамын бұрмалау; оқылғанды түсінудің бұзылуы; аграмматизмдер. Мысалы: дислексия мен дисграфия. Сөйлеудің жүйелі бұзылуы: сөйлеу мүмкін емес немесе былдырлау мүмкіндігі ғана болады, мысалы, алалия және афазия.
Достарыңызбен бөлісу: |