Тақырып: Сөйлеу тілі бұзылған балаларды зерттеу, жүргізілетін түзету жұмыстары
Дәрістің мазмұны:
Сөйлеу тілінің бұзылысын зерттеу диагностикасы.
Сөйлеу тілінің бұзылысын анықтауға арналған әдістемелер.
Сөйлеу тілі бұзылған балалармен жүргізілетін жұмыстар.
Сөйлеу тілінің бұзылыстарын алдын алу және түзету жаттығулары.
Арнайы әдебиеттерде дыбыс айту кемшіліктерін түзетудедегі логопедиялық жұмыс кезеңдерінде әртүрлі пікір айтылады. Мысалы, Ф.Ф.Рау екі кезеңге бөлсе, О.В.Правдина, О.В.Токарева үш, ал М.Е.Хветцев төрт кезеңге бөлді. Кезең саны әртүрлі болғанымен негізгі мақсаты бір болып келеді. Логопедиялық түзету жұмысының мақсаты мен міндетіне байланысты төмендегідей кезеңдерге бөлу тиімді:
Аталған кезеңдердің арасында айқын шекара жоқ – 1-нің аяқталуы 2-нің басталуына ұласып кетеді. Дайындық кезең. Бұл кезеңнің негізгі мақсаттары: баланың түзету жұмысына ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, зейінін, тыңдау, ойлау қабілетін дамыту, арнайы логопедиялық міндеттерге артикуляциялық дұрыс қалыптастыру, дыбысты қабылдау, ажырату жатады. Артикуляциялық дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады. Мысалы: Күрекше, Инеше, Төбешік, Түтікше, Ожау, Сағат, Саңырауқұлақ, Алтыбақан, Тәтті тосап, Тоқылдақ, Ат шауып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |