Оқыту бағдарламасы (силлабус) Орал 2020 ж. ДӘрістер кешені


Тақырып: Көруі бұзылған балалар психологиясы



бет16/36
Дата25.01.2022
өлшемі321,67 Kb.
#114309
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
Байланысты:
Дефектология ЛЕКЦИЯ (1)

Тақырып: Көруі бұзылған балалар психологиясы

Дәріс мазмұны:

  1. Тифлопедагика пәні және міндеттері.

  2. Негізгі көру қызметі және оның бұзылу түрлері.

  3. Көруі бұзылған балалармен жүргізілетін зерттеу бағыттары.

  4. Көруі бұзылған балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстары.

  5. Брайль тақтайшасының ерекшеліктері.

Көру – бұл адамның ішкі сезімдерінің бірі, және көру мүшесі көз арқылы адам қоршаған ортаны танып, біледі. Көрудің бұзылуы адамның көру қабілетінің нашарлауына әкеліп соғады. Көруі нашарлаған тұлғаларды оқыту мен тәрбие жұмыстарымен арнайы педагогика тифлопедагогика айналысады.

Тифлопедагогиканың басты мақсаты: нашар көретіндер мен соқыр балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарының әдістерін дамыту, олармен түзету жұмыстарын жүргізу. Тифлопедагогика грек сөзінен алғанда «tiflus» - соқыр деген мағынаны білдіреді, педагогика-тәрбиелеймін деген мағынада. Көруі бұзылған тұлғалар, соқырлар және нашар көретін тұлғалар арнайы педагогикада психоденелік бұзылысты қамтиды. Бұларда көріп қабылдаудың шектеулілігі анық байқалады.

Туғаннан ішкі даму жағдайы тұқым қуалаудан, зақымдану әсерінен созылмалы ауруға шалдығудан болады. Жүре бара: көру мүшесінің ауруға ұшырауы, ағзаның жалпы асқынып ауруы, мидың трамвалық соққыға ұшырауы (әсіресе көру аймағы) мұнда (бастың жарылуы, көздің жарақаттануы, көзге тиген қатты соққы). Көруі бұзылған тұлғалардың жалпы қоршаған ортамен қарым-қатынаста өзіндік сипаты анық байқалады. Көру ақаулығының болуы жалпы жеке тұлғаның қалыптасуына өз ықпалын тигізеді.

Көруі нашарлаған тұлғалар: 1)соқыр (толығымен көрудің жойылуы немесе сақталған қалдық көру); 2) нашар көретіндер (қылилық).

Көруі бұзылған балалар келесідей категорияларға бөлінеді:1) туылғаннан соқырлық; 2)ерте соқырлық; 3) 3 жастан кейінгі көру қабілетінен айырылған;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет