Оқыту бағдарламасы (силлабус) Орал 2020 ж. ДӘрістер кешені


Тақырып: Кәсіби қызмет және арнайы білім беру жүйесіндегі педагог тұлғасы



бет34/36
Дата25.01.2022
өлшемі321,67 Kb.
#114309
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
Дефектология ЛЕКЦИЯ (1)

Тақырып: Кәсіби қызмет және арнайы білім беру жүйесіндегі педагог тұлғасы

Дәріс мазмұны:

1.Арнайы білім беру жүйесіндегі кәсіби қызмет мазмұны.

2.Арнайы білім беру жүйесіндегі педагог тұлғасы.
ХХ ғ. басында атақты неміс педагогы П.Шуман былай деп жазған екен: «баланың психологиялық дамуы неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім денгейі жоғары болуы керек». Педагогика тарихында Германия ең алғаш рет жалпы білім беретін мектептерде, білім беретін мұғалімдерді кәсіби дайындау курсын ашты. Еуропада тұңғыш мұғалімдер семинариясы, сонымен қатар Берлинде саңырау балаларға арналған мектебіне мұғалімдер даярлау курсы ашылды. Ресейде 1898 жылы педагог–дефектологтарды дайындау курсы Санкт-Петербургте басталды. Дамуында ауытқулар кездесетін балаларға дәріс беретін мұғалімдерді арнаулы мамандандырылған даярлыққа арналған курс ашпас бұрын ғасырлар бойы дәрігерлер, лингвисттер, дін қызметкерлерінен құралған практикалық–педагогикалық қызмет атқарылды. Қазіргі таңда көптеген жоғары оқу орындары педагог-дефектологтар мен психологтар мамандандырылған дайындық курсын өткізу бағдарламаларын ұсынуда. Сонымен АҚШ-та 230-дан астам бағдарламаға есептелген мұғалімдерді даярлау, қайта даярлау, кәсіби сапаны арттырумен ұлттық жүйесі жұмыс атқарады. Университеттерде Батыс Еуропалық жүйе бойынша жалпы білім беретін мектептерде дәріс беретін мұғалімдерге арнаулы педагогика пәнінен курстар жүргізіледі, курс саны ең кем дегенде 100-120 сағатты құрауы керек. ХХ ғ. аяғына таман Ресейдің педагогиқалық университеттерінде логопедия және олгофренопедогогика мамандықтарының бағдарламаларын дайындаған факультет, кафедралар құрылды. Сонымен қатар Ресейде арнаулы білім беру жүйесі бойынша 200 мыңнан астам педагогтар, соның ішінде 10%- ы ғана педагог мамандығы бар қызмет атқарады.

Ерекше білім беру қажеттілігіне ие әрбір бала арнайы дайындығы бар педагог- дефектолог қана бере алатын педагогикалық көмек алуға құқылы. Арнаулы білім беру құрылымында педагогикалық қызмет үлкен жетістікке жету үшін қарапайым педагогикалық даярлық жеткіліксіз.

Денсаулығы жағынан мүмкіндігі шектеулі және психологиялық дамуы нашар адамдарды біліммен қамтамасыз ету мақсатында арнаулы психология мамандығы бойынша психологтар дайындалады. Педагогикалық колледждерде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуға арналған мектепке дейінгі және мектептерде қызмет атқара алатын тәрбиеші мамандығын алуға болады. Жоғарыда аталған мамандықтар ақыл-ойы нашар дамыған, денсаулығы ауыр мектепке дейінгі жастағы балалардан бастап, әлеуметтік жұмыстарда қызмет ете алатын ересектермен тығыз байланыс орнатуға зор ықпал тигізеді. Көптеген мамандықтар балалар мен ересектерге білім беруде үлкен педагогикалық көмек көрсетеді.

Педагог-дефектологтар мынадай арнаулы білім беру оқу орындарында мектепке дейінгі, мектеп, кәсіптік білім беру орындары, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемелерінде, диагностикалық орталықтарда, логопедтік пункттерінде, балалар үйі мен мектеп интернаттарда т.б. жұмыс істей алады. Сонымен қатар, педагог-дефектологтардың үй жағдайларында дамуында ауытқуы бар балаларды жеке-жеке оқытып тәрбиелеуге мүмкіндігі жетеді.

Педагог-дефектолог сол үшін жан-жақты және терең білім алады. Педагог-дефектологтың кәсіби көзқарасы дегеніміз ол процестерге өзіндік бағаның және сезінудің қорытындысында әлеуметтік өмірде болып жатқаны, қоғам өмірінде білімге құштарлығы мол адамдардың орны мен роліне әсер ететіні. Кәсіпкердің іскерлік қабілеті оның мүмкіндігі шектеулі адамдарға әлеуметтік және жақсы өзгерістерді шешуші факторлығынан өзіне қояр талаптарынан көрінеді. Педагог-дефектолог өмір бойы оқиды. Ол өзінің кәсіби деңгейін, тәжірибесін дамытып отыруы керек және жұмыстарымен, шектеулі мүмкіндіктері бар балалардың ата-аналарымен бөлісуі тиіс.

Педагог-дефектологтың кәсіби қызметтерінің кәсіби зияндылығын ескеруі керек, сондықтан оның саулығында ақаулықтың болмауы тиіс. Көз, құлақ, жүйке жүйесі, жүрек-тамыр, иммундық жүйелерге қатаң талап қойылады. Жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті, ауыртпалықтарды көтере білу қабілеті болуы тиіс. Мамандарға, соның ішінде логопедтерге дұрыс сөйлеу, дыбыстарды ақаусыз айту талаптары қойылады. Ең керектісі педагог-дефектолог кәсібіне жауапкершілік, ізгілік, өмір сүйгіштік, төзімділік, өз жұмысына беріктік, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірлік қызығушылықтарына адалдықпен, тәрбиеленушілерге сүйіспеншілікпен, сыйластықпен, кәсіби адалдықпен қарауы керек. Педагог-дефектолог жұмысының қорытындысы ғажапқа теңелетін кәсіптердің бірі болып табылады.

Кең таралған қажеттіліктердің бірі кез-келген сөйлемейтін баланы аутисттер қатарына жатқызу. Бұл жағдайда дифференциалды диагностика күрделі, себебі обьект болып кіші бала табылады. Ал оның әрекетінде патологиялық белгілер болмайды. Аутизм – бұл даму бұзылысы, онда сыртқы әлемімен және басқа адаммен әлеуметтік қатынас қиындатылады. Аутизм кең көріністер спектріне ие болғанмен басты симптомдар болып табылады. Бұл қатынастан әрекеттің стереотипті формаларына қарай өту тілегі. Сонымен қатар ерекше сөздік даму, сенсорлы тітіркендіргіштерге адекватты емес реакция байқалады. Аутизмде стереотипті мінез-құлық айқын көрінеді. Көбіне аутизм адам бетіне қараудан үрейлену, онымен жеке сөйлесуден көрінеді. Бұндай баламен контактқа түсуге асығушылық балада үрей туғызады, ол өзіне немесе басқа адамдарға қатысты өзін агрессивті ұстай бастайды. Дифференциалды диагностика жеңілдейді егер алалиямен науқастанған балалар экспрессивті болатын болса. Аутизмі бар балаларға қарағанда олар вербалды және вербалды емес сөйлеуді белсенді қолданады және жақсы дамыған мимикаға ие. Сондықтан педагог-дефектолог маман әр балаланың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып әрбіреуіне жеке ыңғаймен байланыс жасау керек, ол әр маманның шеберлігіне байланысты. Педагог-дефектолог маман даму мүмкіндігі шектеулі баламен қарым-қатынас жасар кезде оған үйреншікті ортасында немесе оның бейімделуіне жеңіл ортада байланыс жасау керек. Сонда ғана оның жұмысы жетістікке жетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет