Сабақ жоспары Тақырып: «Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!»



бет1/2
Дата17.02.2017
өлшемі267,08 Kb.
#9678
түріСабақ
  1   2
Өзін – өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Тақырып: «Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!»

Күні: 05.09.2016 жыл

№ 1


Сынып: 1

Оқушылар саны:

Құндылық: «Ақиқат»

Қасиеттер: шыншылдық, өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білу.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адалдықпен өмір сүрудің маңыздылығын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік. Оқушыларға адал өмір сүрудің мәнін түсіндіре отырып, қарапайымдылық қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық. Оқушыларды шынайы қарым – қатынас жасауға үйрету арқылы адалдық қасиетіне баулу.

Тәрбиелік. Оқушыларды қарапайымдылыққа, адалдыққа, шыншылдыққа баулу.

Сабақтың барысы:

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

  • Мен бүгін сіздерді көргеніме өте қуаныштымын!

  • Менің аты – жөнім Гүлжәннәт Ибрагимқызы. Өзін – өзі тану пәні мұғалімі.

  • Оқушылар, қанеки сіздермен танысып өтейік. Қазір кезек – кезекпен өзіміздің аты – жөнімізді содан кейін сүйікті ісімізді айтамыз. (Мысалы: Мен, Гүлжәннәт би билегенді ұнатамын)

  • Сіздермен танысқаныма өте қуаныштымын.

(құралдар, мәлiметтер) классикалық ән жазылған таспа.

Әннің сөзі мен әні жазылған таспа. Дәйексөз. Суреттер. Бояулар.



Тыныштық сәті:

Қане, балалар, ыңғайланып, еркін отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Бізге күн жарқырап, сәулесін мол төгіп тұр. Ауа тап - таза. Көгілдір аспан. Құстар сайрап даланың сәнін келтіріп тұр. Осылардың бәрі өз жақсылығын барлық адамға, барлық тіршілік иелеріне бірдей көрсетіп тұр. Адамдар да сондай болса екен, шіркін.... Әрбір тірі жан иесі: кіп - кішкентай құмырсқалардан бастап құстар да, аңдар мен жануарлар да, адамдар да өзінің өмірі үшін құлшынып, ұрпағы үшін тіршілік етіп жүр. Бәрі де осы ашық аспан аясында, бейбіт елде өмірге келгеніне қуанышты, болашағына сеніммен қарайды. Осындай жақсы ниетпен бұрынғы қалпымызға келейік.


Сұрақ:

1) Өзіңді қалай сезіндің?

2) Қандай жағымды әсерде болдың?

Мұғалім қорытынды жасайды: Әр күнде бір – бірімізге жақсылық тілейік. Көзіңізді ашып, күлімдеңіз!


Оқушының ойын жинақтау, серігу.

Дәйексөз

  • Балалар, мен сіздерге қазір бүгінгі сабақтың дәйексөзін айтамын сіздерменімен бірге қайталап айтасыздар.

«Ақиқат – даналықтың бастауы»

Халық даналығы

Бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіріледі.

Оқушыларға 2 – 3 рет қайталатып, жатқа сұралады.



Сұрақ:

1) Ақиқат деген не?

2) Адами қасиетке нені жатқызуға болады?


Дана сөздер

Әңгімелесу (Мұғалімнің сыйы)

Елеместің адамгершілігі

Ертегі

Ертеде бір кедейдің үш баласы болыпты. Үшеуінің мінезі үш түрлі екен. Үлкені қатыгез, қу, тек қана өзін ойлайтын, ал ортаншысы жігерсіз, елдің айтқанымен жүретін адам болып өседі. Ең кішісінің аты Елемес екен. Ол ағаларына қарағанда мейірімді, адал, еңбекқор еді.

Әмиянды жерден көтеріп алып:

- Мынау кімнің әмияны? Кім жоғалтты? – деп жар салады.

Бұл сөзді естіген жәрмеңкеде жүрген қала жұрты аңтарылып Елемеске қарап қалады. Осы кезде Елеместі Қоршап тұрған адамдардың арасынан бір қария шығып:

- Мен жоғалттым. Оның ішінде менің өмір бойы жиып-терген алтын теңгелерім бар. Оларды әйелім тігіп берген гүлді орамалдың ішіне түйіп қойғанмын. Балам, әмиянді ашып көрші, — дейді.

Елемес әмиянды қарап тұрған жұрттың көзінше ашады. Расында да ішінде гүлді орамалға түйілген алтын теңгелер бар екен. Жоғын тапқан қария қуанып Елемеске алғысын айтады.

- Балам, өзің кім боласын?Қайдан келесің? Қайда бара жатырсың? – деп жөн сұрайды

Елемес қарияға барлық мән-жайды айтып береді. Оның әңгімесін естіп болған қарт:

- Сен мейірімді, адал жан екенсің. Егер қаласаң, осы қалада қал. Менің үш ұлым бар еді, төртіншісі бол, — дейді.

Елемес қарияға еріп оның үйіне барады. Қарияның балаларымен бірге жер қазып, егін егеді. Бір күні жер қазып жүрген оның күрегіне бір зат ілінеді. Алып қараса — алтын. Алтынды көрген ол одан әрі қаза түседі. Сол жерден ат басындай алтын тағы шығады. Елемес тапқан алтынды алып, қарияның үйіне келеді де:

- Әке, мен ат басындай алтын таптым. Міне, алыңыз, — деп алтынды шалға ұсынады. Оның көңіліне разы болған қария:

- Балам, бұл алтынның маған қажеті жоқ. Қашанғы бізбен бірге тұра берем дейсің. Өзіңше үй-жай болып, өніп-өс. Бұл – адалдығың мен еңбегіңнің арқасында тапқан байлығың, — деп кеңес береді.

Елемес алғыс айтып, алтынның бір бөлігін қарияға береді. Өзі қалған алтынын сатып, үйленіп, үй болады. Мал-мүлік жинайды. Ешқандай қара жұмыстан қашпай, күні-түні еңбек етеді.




Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Әңгімелесейік

Сұрақ:

  1. Қарт Елемеске қандай кеңес береді?

  2. Елеместің өмірі қалай жалғасты?

  3. Елемес қандай адам?

  4. Оның адалдығын қандай ісінен көруге болады?

  5. Адал болу не үшін қажет?




Сергіту сәті

Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.


Сергіту сәтіне арналған жинақ

Шығармашылық жұмыс

  1. Оқушыларға тақырыпқа байланысты бояулар тапсырылады.

  2. Оқушылар оларды бояп әңгіме құрастырып айтады.

  3. Балалар адал адамға тән қасиеттерді тағы да қайталап айтып, бекіте түседі.

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Топпен ән айту

"Бала тілегі" Сөзі:С.Молдасанұлынікі

Әні:Ф.Лұқпанованікі

1.Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.(2 рет)


2.Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2 рет)


3.Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.(2 рет)






Қорытынды:

Сұрақ: балалар, бүгін біз қандай құндылықтармен, қасиеттерді үйрендік?

Сендердің бойларында бүгінгі сабақ арқылы осындай қасиет қалыптасты деген ниеттемін.



Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау



Кері байланыс

Соңғы тыныштық сәтi.

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды.



Сабақты ой елегінен өткізу

Каталог: uploads -> doc -> 1089
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1089 -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жүрек жұмысының реттелуін ұғындыра отырып, Абай Құнанбаевтың «Жүрек» туралы өлеңдері мен


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет