Оқыту бағдарламасы (силлабус) Орал 2020 ж. ДӘрістер кешені


Педагогикалық зерттеу кезіндегі балаға психологиялық-медициналық- педагогикалық кеңес беру



бет32/36
Дата25.01.2022
өлшемі321,67 Kb.
#114309
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
Дефектология ЛЕКЦИЯ (1)
Дефектология ЛЕКЦИЯ (1), дефекталогия, пс.прак.билет, психака туралы түсінік
Педагогикалық зерттеу кезіндегі балаға психологиялық-медициналық- педагогикалық кеңес беру

Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру кезінде балаға мінездеме беру мыналарды қамтуы керек:

1.Бала туралы формальды ақпараттар: туылған күні, неше жыл мектепте оқитыны, отбасы туралы ақпарат, қосымша: отбасының әлеуметтік және материалдық жағдайы, отбасындағы адамдардың жалпы саны және байланысы туралы ақпарат.

2.Тілдерді меңгеруі, мектеп білімдері мен қатар таным процестерінің даму деңгейі.

3.Орташа сапаларымен қоса ерік-жігерінің және тұлғалық ерекше қасиеттерін түзету.

4.Негізгі қиыншылықтары мен себептерін анықтап ,олардан шығу жолын іздеу.



Педагогикалық зерттеулердің тапсырмаларына жатқызылады :

1.Мектептегі оқу жүйесіне дайын болуы.

2.Мектептегі бағдарламаларды қабылдау деңгейінің анықталуы.

3.Мектептегі бағдарламалар мен бейімделуге әсер ететін кедергілерді анықтау.



Педагогикалық зерттеудің қадамы.

1.Баламен байланыс орнату. Баланың психологиялық жағдайына қолайлы жағдай туғызу арқылы жүзеге асады.

2. Ауызша сауалнама. Сауалнама жүргізу негізінде жалпы ұжыммен өзара қарым-қатынасы, сабаққа деген қызуғушылығы анықталады. Сауалнама диалог түрінде жүргізіледі, яғни педагогтің көмегімен жүзеге асады: «Ол өзінің аты-жөнін білема, жасын және туылған күнін, отбасы құрамын , ата-анасының аты-жөніні, тегін, олардың мамандығын, жұмыс орнын және мекен жайын біле ма? Балабақшаға деген көзқарасы қандай немесе мектепке деген, оған тәрбиешілер яғни мұғалімдер ұнайма, топтағылар немесе сыныптастары ұнайма? Қандай пәндер көбірек ұнайды, қандай пән оңай немесе қиын?», осылайша сұрақтар қойылады.

3.Мектеп дағдыларын тексеру балаға қандай пән қызықтырық немесе күрделі, міне осыдан мектеп бағдарламасын анықтауға болады.Егерде психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беретін адамдардың арасында логопед болса, жазу дағдыларын сол тексереді.

4.Ортақ танымының анықталуы баламен бірнеше жыл әңгімелескеннен кейін пайда болады: реттілік, белгі, ауа райы; үй және жабайы аңдар: анықталу, ерекшк және ортақ белгілері; өсімдіктер және мерекелер туралы ойлар қалыптасады. Осы өзі білетін заттары арқылы балаға әңгіме құрастырып айт деуге болады.

5.Көмекті қабыл алу қабілеті «жақын арада даму аймағы», бұл көбінесе педагогтың оқушыны сырттай немесе ойын барысында және сабақ барысында бақылауынана көрініс табады.

Педагогикалық қорытындылау өзіне байланысты анықталған бөлімдер бойынша жүзеге асады:

1.Жалпы бала туралы ортақ көзқарас: сыртқы түрі, өзін – өзі ұстауы, ескертулерге жауап қайтара алуы, мадақтауға деген жалпы көзқарасы, өзін – өзі қандай болсада қабылдай а луы, жұмысқа деген қабілеттілігі, өзінің іс-әрекетін жоспарлай біліуі, сондай-ақ құрал – жабдықтарды қолдануы және түсінуі қарастырылады.

2. Оқу дағдыларын әрбір салада қолдану өзіне мыналарды бекітеді: дәл қазіргі жағдайдағы қолданылатын дағдылар, мысалы: 4 ай немесе 1 жарты жылдық ішіндегі жалпы бағалары.

3.Түйіндеме :баланың ақыл-ойымен жасының қазіргі игеріп жатқан тақырыпқа сай келуі.

4.Оқуын жалғастыруға кепілдеме беру : оқытудың түрлері мен формаларын қарастыру.

Психолоиялық тексерудің мақсаты – даму кезінде тоқтап қалған қабілеттерді анықтау, және оқу түрлерінің сақталуы. Психологиялық тексерулердің тапсырмалары:

1.Баланың даму деңгейі психодиагностикасы.

2.Психологиялық диагноз қою.

3.Түзету жұмыстарын жоспарлау.

4.Шынайы немесе шартты- нұсқалы болжам жасау.

Психологияның негізгі қадамдарын анықтамастан бұрын , негізгі психодиагностиканың психологиялық принциптеріне тоқталайық.(«Түзету», «Психологиялық анамнез», «Психологиялық диагноз», «Шынайы болжам», «Шартты- нұсқаулы болжам»)



Психодиагностика – тар мағынада – арнайы әдістердің негізінде тұлғаның тұлғалық – психологиялық құрылымының өлшемі. Диагностиканың негізігі әдістеріне тест және сауалнама жатады.

Тест – Вербальды және вербальды емес жауаптар арқылы тұлғанаң бір емес бірнеше аспектілерін анықтауға арналған стандартталған сұрақтар.

Сауалнамабұл әдіс, яғни арнайы сұрақтардан құралады, клиент жауап беруі керек немесе өзінің келіскенін немесе келіспегенін айту болып табылады.Сауалнаманың ашық, жабық және анкеталық, тұлғалық түрлері бар. 1985 жылы Американың психологиялық ассоциасында диагностикаға әдістер қолдану ұсынылды:

1. Клиентті дұрыс түсіне білу үшін ең алдымен оның мінез-қылығымен, жағдайын білу керек.

2. Психодиагностикалық әдістемелерді жүргізбестен және қорытындыламастан бұрын тестінің жүргізілу мәнін түсіну керек.

3. Маман қателескен жағдайларда өзінің қателігін мойындауы керек. Бұл клиентке жалған ақпараттар таратудың жалпы бір көрінісі, оған кері әсәерін тигізіуі мүмкін.

4. Тестінің қорытындылары әрқашанда нақты болмауыда мұмкін. Бірақ бардық психологиялық тестілер шындықты айқындап береді.

5. Маман жоғары дәрежелі, кәсіби біліктілігі болған жөн, бұл оған психодиагностикалық зерттеу жүргізіге мүмкіндік береді.

Дамуы бұзылған балаларды зерттеу қаншалықты деңгейде өз ерекшелігі болғаныменен , бірақ оларды зерттеу барысында арнайы принциптерге сүйену керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет