Оқыту процесінің әдіснамалық негізін объективті дүниені танудың арнайы түрін және ғылымның танымын бейнелейтін, оқушылардын, іс-әрекеттерінде оқуды салыстыру арқылы түсіндіруге болады. Ғылым объективті жаңаны, ал оқушы — субъективті жаңаны таниды, бірақ қандайда бір ғылыми жаңалықты ашпайды, тек ғана ғылым жинақтаған ғылыми түсініктерді, ұғымдарды, зандарды, теорияларды, ғылыми дәйектерді меңгереді. Ғалымның танымын эксперемент, ғылыми ойлау, сараптау, қателіктер, теориялық пікірлер құрайды, ал оқушының танымы оқытушы шеберлігінін көмегімен біршама жылдам және жеңіл түрде өтеді. Оқу танымы тікелей және жанама түрдегі оқушының көмегін міндетті түрде пайдаланады, ал ғылым тұлға аралық өзара әрекеттің көмегінсіз таниды. ғалым мен оқушы танымының арасындағы осы зор айырмашылыққа қарамастан бұл процестер негізін ұқсас яғни, әдіснамалық негіздері бірдей.
Достарыңызбен бөлісу: |