Оқытудың психологиялық негіздері туралы орыс педагогикасының негізін салушы К.Д.Ушинский назар аударған. Ол өзінің «Адам тәрбие пәні» атты еңбегіңде, баланың түрлі жас ерекшелігі кезеңіндегі негізгі психологиялық даму ерекшеліктерін айта отырып, баланы оқытудың ең күшті факторы оқыту мен тәрбиелеу деп жазды.
Сонымен қатар психология ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі Л.С.Выготский де зерттей отырып, оқыту мен дамудың арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынды:
оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс;
оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын мүмкіндіктерді пайдаланады;
оқыту мен даму екі түрлі салыстырмалы процесс;
оқыту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға жылжыта отырып, оның алдында болуы да мүмкін.