Оқыту әдістері туралы түсінік Оқыту әдістері дегеніміз



бет5/5
Дата08.02.2022
өлшемі136,52 Kb.
#120548
1   2   3   4   5
Байланысты:
Практикалық сабақ 2 Әбдікерім Әлия

Логикалық аспект-оқу материалын түсіндіру кезіндегі индуктивті, дедуктивті, продуктивті, синтезбен, талдау, салыстыру, қорытындылау, редукциялау, дерексіздендіру, жүйелеу тәсілдерінің әдістері жатады.
Басқару аспектісі-негізінен оқу-тәрбие қызметінде мұғалімнің басшылығымен оқушылардың өзбеттерінше орындайтын оқу қызметі кіреді.
Оқу қызметін ынталандыру мен уәждендіру әдістері
Ынтыландыру, уәждендіру әдістері- саналылықты, жауапкершілікті, табандылықты, талапкерлікті, сенімді, жаттығуды, қасиеттерді керек етеді.
Ынталандыру мен уәждендіру әдістері- қызықты жағдаятар тудыруды көздейді, оған танымдық ойындар, оқу танымдық айтыстар, ойлан тап жұмбақтары, кездейсоқ ахуалдар жатады.
Оқу қызметін бақылау және өзіндік бақылаулар
Оқу қызметін бақылау және өзіндік бақылаулар әдістеріне-ауызша, жазбаша ағымдағы қорытынды бақылаулар, фронтальды, топтық, жекелей, бақылаулар жатады. Техникалық құралдар және техникалық құралдарсыз бағдарламалап сұрау тәсілдері жатады.
Химияны оқытудың өзіне тән ерекше әдістерін атақты әдіскерлер Р.Г. Иванова, Л.А. Цветков жүйелеп жазды. Химияны оқытудың жалпы әдістерін олар үш топқа бөлінеді.

  • Түсіндірме-көрнекі бейнелеу немесе ақпараттық-репродуктивтік.

  • Ішінара-ізденіс

  • Зерттеу әдістері деп бөлінеді.

Оқытудың әрбір жалпы әдістер тобына жататын әдістер өз кезегінде сөздік, сөздік-көрнекі және сөздік-көрнекі сарамандық әдістер тобына бөлінеді.
Жалпы әдістер мұғалімнің өз қызметінің белгілі бір түрін таңдап алуын алдын ала анықтап, оқыту үрдісін ұйымдастыру ережелерін көрсетеді.тОлай болса, әдіс-ғылыми түрде негізделген ереже, іс-әрекетке басшылық, мақсатқа жетудің сол мақсатпен анықталатын тәсілі.
Әдістің негізгі мазмұны-ондағы іс-әрекет идеясы. Сонымен қатар аса маңызды белгісі оның әрқашан әрекет етушіге қатысы, өйткені нақзатсыз және осы нақзаттың белгілі қызметіне қатысты, олай болса әдіссіз іс-әрекет болуы мүмкін емес.


Түсіндірме-көрнекі бейнелеу әдісі
Түсіндірме-көрнекі бейнелеу әдісі- мұғалімнің екі негізгі іс-әрекетін, жаңа білімді баяндап түсіндіруін және оқушылардың дербес оқу әрекетін ұйымдастыруын көрсетеді. Мұғалімнің оқу материалын баяндауының үш түрі белгілі: монологтық, диалогтық және көрсетілімді пайымдау тәсілі, сондай-ақ оқушылардың өздігінен істейтін оқу әрекетін ұйымдастырудың да үш түрлі дидактикалық әдістері бар, олар: тапқырлық, зерттеу және бағдарланған тапсырмалар деп аталады.
Түсіндірме-көрнекі бейнелеу әдісі



Ішінара-ізденіс әдісі
Ішінара-ізденіс әдісі- танымдық әңгіме тәсілдерін проблемалық тапсырмалармен бірлікте шешеді.



Зерттеу әдісі
Зерттеу әдісі кезінде мұғалімнің көмегінсіз шешілетін проблемалық міндеттер мен тапсырмалар басым болады; бағдарламаланған тапсырмалар да өз алдына әдіс болып, оқушылардың әр түрлі дәрежедегі оқу-танымдық қызметін қалыптастыратын бағдарламаланған тапсырмаларды орындау тапсырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет