Оқыту әдістерінің жіктелуі



бет3/3
Дата07.10.2022
өлшемі29,64 Kb.
#152043
1   2   3
Байланысты:
Оқыту әдістерінің жіктелуі

Әңгімелеу. Мұғалім оқу материалын бірізділікпен баяндайды. Ол үшін материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді. Фактіге негізделген мәліметтер әңгімелеу түрінде сөз етіледі. Әңгімелеуде талдау, жинақтау тәсілдері пайдаланылады. Әңгімелеу бастауыш сыныптарда10-15 минут, ал орта және жоғары сыныптарда 20-25 минутқа созылады. Әңгімелеу әдісі көбінесе тіл, әдебиет, тарих, география сабақтарында қолданылады.
Әңгіме әдісі. Сабақта сұрақ-жауап формасы түрінде қолданылады. Сондықтан мұғалім алдын ала жоспар жасап, онда сұрақтардың жүйесін мұқият ойластырады. Бұл оқушылардың білімін тақырып бойынша логикалық бірізділікпен анықтауды қамтамасыз етеді. Әңгімені осылай өткізу оқушылардың ойлау белсенділігін арттырады. Оқушыларды болжауға бағыттайды, өз ойлауын дәлелдеуге мәжбүр етеді. Әңгіме әдісінің барлық процесі өтілген оқу материалын жүйеге келтіруге және жинақтап қорытуға мүмкіндік береді.
Түсіндіру. Мұғалім оқу материалын баяндауда оқушылардың белсенділігіне, ынтасына, білім деңгейіне сүйенеді, материалдың мазмұнын дәлелдейді. Кейбір ереже, ұғым, заңдардың мәнін ашады. Материалды түсіндіруге түрлі құралдарды кең түрде қолданады, оқушыларды баяндау процесінің мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, пайымдайды, дәлелдеуге тырысады.
Мұғалім түсіндіру әдісі бойынша оқушылардың іс-әрекетін басқарудың барлық мүмкіншіліктерін пайдалана білсе, онда оқушылар жаңа материалды қабылдай отырып, өткен сабақта алған білімін салыстырады, талдайды. Мұғалімнің басты міндеті оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ішкі процесін сезу, күдікті және қиын мәселелерді күні бұрын болжау, оларды болдырмаудың жолдарын іздестіріп, оқушыларға көмектесу.
Лекция. Басқа әдістерге қарағанда лекцияның көлемі, күрделілігі, логикалық құрылысы жағынан өзгешелігі бар. Сондықтан лекцияны бастар алдында оқушыларға нақты сұрақтардан тұратын оның жоспары ұсынылады. Лекция сұрақтар бойынша логикалық бір ізділікпен баяндалады. Әрбір сұрақтан кейін қорытынды жасалады. Лекцияда кейбір тың, құнды ғылыми әдебиеттерде осы уақытқа дейін жарияланбаған мәселелер баяндалады. Оқушылар баяндалған материалдың мазмұнын, маңызды дәлелдемені, нақты материаларды ғылыми анықтамаларды, негізгі қорытындыларды жазып алады. Ең соңында мұғалім сабақты қорытындылайды.
Кітаппен жұмыс. Оқу жұмысында қолданылатын құралдардың бірі оқулықтар. Олар білімді терең игеру үшін пайдаланылады. Оқулықтардың көмегімен оқушылар сабақта немесе үйде түрлі жаттығу жұмыстарын орындайды, алған білімдерін толықтырады.
Сонымен оқыту әдістері оқушыардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытуды, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет