Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары: • ес пен тілді дамытуы; • оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі; • оқушылардың білімінің белгілі болуы; • жақсы диагностикалық құрап; • үлкен тәрбиелік күші бар. Әңгімелесу әдісінің кемшілігі: • уақыттың көп кетуі; • қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа оқушылар естіп, есінде сақтап қалады. Кітаппен және оқулықтармен жұмыс – оқытудың маңызды әдісі. Бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады. Баспа материалдарымен өз бетімен жұмыстың кейбір тәсілдері бар. • конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау; • мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау. Жоспар құру үшін мәтінді оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек; • тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау; • цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шьққан жылы, беттері көрсетіледі; • аннотация — мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау; • рецензиялау - оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу; • справка жазу - тапқан кітап, т.б. мағлұмат көзі туралы мәлімет. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады.