-Өз бетінше ізденуге үйрету, сауаттылыққа тәрбиелеу; -Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу. Дүниетану сабақтарында білімнің маңызды көзі-географиялық картаны оқып, үйрену, географиялық сипаттағы мағлұматтарды ала білу дағдыларын дамыту, қалыптастыру болып табылады. «Көзбен көріп, қолмен ұста» дегендей, әр сабақта картамен жұмыс карта бетіндегі географиялық нысандардың есте сақталуына ықпал етеді. 3-сыныпта «Географиялық карта» тақырыбы өтілгенде карта түрлері көрсетіліп, елімізбен шекаралас елдерді атау сияқты тапсырмалар орындалады.
Дүниетану пәнінен «Топырақ.Топырақты қорғау» тақырыбында ашық сабақ өту барысында Лабораториялық жұмыстарды түсіндіру мейлінше күрделі тақырыптар мен физикадан өтіліп жатқан құбылыстарды сезіну үшін, теориялық білімнің маңызын түсіндіруге тиімді. Мектепте физиканың жалпы курсының 25-30% лабораториялық сабақтар болып табылады.
Лабораториялық сабақтарды оқу процессін ұйымдастырушы форма ретінде қарауға болады, яғни эксперименттік зерттеулерді жүргізу және қалыптастыру кезіндегі теорияны өмірде қолдана алуы, шығармашылық қабілеттіліктің дамуы, құрал-саймандарға практикалық машықтануы ұйымдастырады.
Оқу материалының практикалық жұмыстары бағалау, болжау, түсіндіру, сипаттау, картадан көрсетіп атап беру біліктерін қалыптастыруға бағытталған. Оқушылардың бағалау және болжай алу біліктерін қалыптастыруға арналған практикалық жұмыстар жоғары сыныптарда басымырақ болып келеді. Оқу пәнінің базалық мазмұнында міндетті практикалық жұмыстар белгіленіп берілген. Мысалы: 6 класста барлығы – 51 сағат берілсе соның 6 сағаты практикалық жұмыстарға бөлінген. Практикалық жұмыстар белгілі бір тарау бойынша алған білімдері мен біліктерін өмірде қолдана білуге және пәнді тереңірек меңгеруге үйретеді. Әрбір практикалық жұмыстың өзінің алдына қойған мақсаты мен міндеті және орындалу тәртібі болуы тиіс.