мембрана арқылы иондардың тасымал бағытын/ тасымал түрін анықтайды.
1
Барлығы
16
Қоректену тарауына жиынтық бағалау №3
Оқыту мақсаттары 10.1.2.1 Әр түрлі жағдайлардың (температура, pH, субстрат
пен ингибитор концентрациясы) ферменттер
белсенділігіне әсерін зерттеу
Бағалау критерий Білім алушы
Әр түрлі жағдайларда (температура, pH, субстрат пен ингибитор концентрациясының) фермент
белсенділігіне әсерін анықтайды
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгейлі дағдылар деңгейі Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Пепсин сүтқоретілердің асқазанында болатын фермент.
(а) Пепсин мысалында ферменттердің әсер ету механизмін түсіндіріңіз.
1-сурет
(і) 1-суретті пайдаланып А және В құрылымдарды атаңыз. А _______________________
В _______________________
(іі) Пепсин ферментінің субстратын атаңыз.
2.Төмендегі 2-суретте субстрат концентрациясының артуы пепсин тәрізді ферментативті реакция жылдамдығына қалай әсер ететіндігі көрсетілген.
2-сурет
(а) Cубстрат концентрациясы ферментативтік реакция жылдамдығына қалай әсер етеді? Түсіндіріңіз.
Пепстатин пепсин ферментінің бәсекелес ингибиторы болып табылады.
(і) Ингибитор ұғымына анықтама беріңіз.
(іі) Жоғарыда берілген графикте ферментативті реакцияға ингибитор қосылған жағдайда жылдамдық қалай өзгеретіндігін көрсететін қисық сызыңыз. (ііі) Бәсекелес ингибитордың әсер ету механизмін түсіндіріңіз.