Казанбаева Эльмира Сагимбаевна Мұғалім портфолиосы А есебі
№2 топ «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы»
Талдықорған қаласы «28» қыркүйек 2016 ж
А1.Оқыту мен оқу үдерісіне өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп
Білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін өз еліміздің білім беру жүйесін халықаралық стандарттар деңгейіне шығару қажет. Бұл-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Бағдарламаның мақсаты мен міндетін негізге ала отырып мен осы курстан үйренген жаңа,тиімді әдіс-тәсілдерді өзімнің орта мерзімді,қысқа мерзімді жоспарларымда қолдануды жөн көрдім. Сондықтан бірінші, екінші тізбектелген сабағымның тақырыбы А.Байтұрсыновтың «Ақын ініме»,«Екі шыбын» өлеңі. Бұл сабағымда мен алдымен шығарманың мазмұнын танытуда АКТ-ның ерекшеліктерін пайдаланып, «Тыңдалым» бөлімінде «Білім-лайнд» сайтына кіріп, шығарманың мазмұнын толығымен таныстыруды жоспарладым. Бұл модульдың оқушылар үшін маңызы оқушылардың қабылдау, есте сақтау қасиеттерін дамытуға көмектеседі деп ойлаймын. Ақын өмірінен деректер таныту мақсатында оқушыларды сыни тұрғысынан ойлау барысында топтастыру стратегиясын пайдалануды жөн көрдім. Себебі, оқушыларым ақынның кім екенін тану мақсатында әр оқушы өздері ойланып, ойларын жүйелеп бір арнаға тоғыстырып топтастырады деп ойлаймын. Және де оқушылардың дарындылығын дамыту мақсатында өлең құрылысына талдау жасатып, қорытындысында ақын туралы ойларын жазу мақсатында өлең құрастыруды жоспарыма кіргіздім.
Үшінші және төртінші тізбектелген сабағымның тақырыбы С.Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңіне арналады. Бірінші сабағымда әңгіменің мазмұнын оқушылар түгелімен оқып таныса алмайтындықтарын ескере отырып, джиксо әдісін пайдалануды жоспарладым. Себебі, осы әдіс бойынша оқушылар топ-топ бойынша өз оқығандарын басқа топ мүшелеріне таныстырып, бірінің білмегенін бірі толықтырып, бірін-бірі жетелеу барысында барлық оқушы өлең құрылысымен толығымен меңгереді деп ойладым. Күрделі сөздің мазмұнын ашу үшін оқушыларға Сыни тұрғыдан ой тастап топпен бірлесіп ақылдасып шешсін деп ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыруды жоспарладым. Сұрақтарды пайдалануда түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау сияқты түрлерін қолдануға мән бермек болдым.
Әр сабағымды ЖАДА бойынша оқушылардың сабаққа ынтасын арттыруға, қажетті көмек көрсетуге бағыттадым. Өйткені бұл көмек ересектер мен оқушылар арасындағы қарым – қатынасты қамтиды. Выготскийдің айтуынша бұл оқытудың негізгі құралы. Сынып оқушыларын талқылауға қатысуына белсенділік арттыру мақсатында «Миға шабуыл» стратегиясын пайдалануды жоспарладым. Өйткені бірнеше сұраққа жауап алуға қол жеткізуге болатынына және сынып оқушыларының назарын, қызығушылығын оятуға мүмкіндік жасауға тырыстым. Шығармашылық жұмыстары (өлең құрау, ой толғаныс жазу) креативтік ойды ынталандырады. ОүБ және оқыту үшін бағалауы қолданылады. ОүБ білім алушылардың өзінің оқудың қандай сатысында тұрғанын және қандай бағытта даму керектігін анықтау үшін оқушылар мен мұғалімдердің қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Сондықтан оқушылардың өзін-өзі, сыныптастарын бағалауы, сұрақтардың тиімді қойылуы, сабақ критерийлеріне талдау, кері байланыс жасау – «қара жәшік» ішіндегі жұмыс арқылы оқушының өзін-өзі бағалауын дамытуға бағытталады. Әрбір сабақта ОүБ-ды қолданудың тиімділігі мол деп есептелінеді. Оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін оқушыларға екі жұлдыз бір тілек арқылы бір-бірлеріне пікір айтқызып, өз-өзін бағалаттыруды кіргіземін.
7 -сыныпқа А.Байтұрсыновтың «Ақын ініме» шығармасына жүргізілген сабақ барысында оқу мен оқыту үдерісінде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдарын қалыптастыру мақсаты көзделеді. Оқушылардың әрбір зерттеген, зерделеген түйсіктерін бағалай білу дағдыларын қалыптастыруға мән беріледі.
Оқудың табысты болуына балалардың қоршаған ортасы әсер ететіні дәлелденген. Осы түйінді идеяны ескере отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін балаларды топтық жұмыстар жүргізгенде тапсырмаларды артық орындауға көңіл бөлінеді.
Сабақ психологиялық жағымды ахуал туғызудан басталады. Өйткені оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту маңыздылығы ескеріледі. Алдымен сабағымды өткен тақырыпты еске түсіру барысында миға шабуыл стратегиясын пайдалана отырып, оқушылардың үй тапсырмасын орындалуын бақылау үшін семантикалық карта таратуды жоспарладым. Мақсатым, өткен сабақ бойынша ақпараттар жинақтау болды. Сабағымның мақсатын ашу барысында өлеңді талдауға арналған парақшалар таратылып, барлық оқушыларды жұмысқа ынталандырамын.
Жаңа сабақты жоспарлау табысты оқытуды басшылыққа ала жоспарланды «Ақын ініме» өлеңіндегі кейіпкердің мінез-құлқын ашуда топтық жұмыстар жүргізіледі. Топтарды ұйымдастыруда балалардың жас ерекшелігі ескерілді. Топтық жұмыстың мақсатқа жетуі үшін оқушылардың жас ерекшелігіне мән бер0у тиімді. Мұнда мінез – құлқына көңіл бөлінеді.Топта мақсатқа жету үшін топ ережелері мен табыс критерийлерін басшылыққа алу мүмкіндігі туғызылады. Табыс критерийлерінің маңыздылығы оқушылар өнімін шығаруға негіз болатындығы ескерілді. Топтық жұмысты жүргізуде топ мүшелерінің ынтымақтастықта, әрбірінің жауапкершілікпен жасаған жұмыстарының да әсері мол екендігіне мән бере келе, топ ережелерін шығарып, оны басшылыққа алудың маңызды екендігі ескеріледі.
Кейіпкердің бейнесін толығымен ашу мақсатында көрініс қоюды жопарладым. Мұндағы ойым, дарынды және талантты оқушыларымның мүмкіндіктерін көрсету болды. Келесі тапсырмам, Оқылған мәліметтері бойынша топтық жұмыс беріледі. Мұндағы мақсат Кейіпкерлердің психологиялық ахуалын ашу барысында топ мүшелері ақылдаса отырып, тақырыптың негізгі идеясын ашады. Түйінді пікірлерін топ жұмысын қорғауда жүйелі дәлелді жеткізуге талпынып, өз қорытындыларын постермен қорғауды жоспарладым.
Топпен жұмысты аяқтап болғаннан кейін, топ ішінде белсенділік танытпай отырған оқушыларды қамту үшін жеке жұмысты пайдалануда жөн көрдім. Мұндағы мақсатым әр топ мүшелері өз ойларымен бөлісіп, талқылауға белсене қатысуын қамтамасыз ету. Сабақтың келесі бөлімі ой қорытындылау негізінде әр оқушы сабақта тапсырмалар арқылы талданып талқыланған шығарма бойынша өз ойлары эссе «Өлеңнен алған әсерің қандай?» түйінді пікірлерімен бөліседі. Нәтижесінде оқушылар ойларын еркін жеткізіп, берілген тапсырманы тиімді пайдаланады. Эссе сабақтың қорытынды кезеңіне де тиімді болады, себебі қазіргі таңда әрбір ойы ұшқыр оқушылар осы тапсырма арқылы ойларын еркін жеткізе алады. Оқыту үдерісін бақылау үшін бағалау қолданылады.
Қорыта келе, мен әр сабағымды жоспарлау барысында әрбір оқушының қажеттілігіне ерекше мән беріп, оқушылардың ойлау, ашық сұрақ қою дағдыларын қолдана келе, ойын еркін жеткізу, қарым-қатынас жасау дағдысын қалыптастыруға көңіл бөлдім деп ойлаймын.
2. Коучинг –сабақ арқылы әріптестердің тәжірибесіне өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп
Бүгінгі таңдағы оқушылардың оқуы мен оларды оқытуда анағұрлым танымал әдіс-тәсілдердің бірі -сындарлы оқыту теориясы. Осы теория бойынша оқушыларға негіздей білім беруде мұғалімдерді сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру үшін олармен коучинг жүргізуді жоспарлап отырмын. Жұмыс барысында коуч сөзінің аудармасы тәлім ету, дайындау, жаттықтыру екенін, тарихи шолу және мектептегі коучинг пен тәлімгерліктің жеті ұстанымдарды айтуды ескердім. Жүргізілетін коучинг сабақтардың нәтижесінде жоғарыда көрсетілген оқыту әдістемесінен жинақтаған тәжірибелерін бірлесе отырып ортаға салып, бір-бірімізбен пікір алмасып,оларды диалогқа тарту негізінде оқытудағы жұмыстарын дамыту, кәсіби білімін, игерген дағдыларын қалыптастыруды, жетілдіруді ойластырсам деймін. Коучинг жүргізу барысында әріптестер бірлесе отырып оқыту мен оқудың зерттеулері туралы пікір алмасуға, болашақта бағалау нәтижелерін негізге ала отырып оқыту мен оқу қызметін жетілдіру үшін олардың тиімді деңгейін бағалау керектігі, мектептегі барлық оқушыларды оқыту тәжірибесін жетілдіру мақсатындағы іс-әрекеттерді зерттеу жүргізуді сөз етемін. Коучті ойлана отырып жоспарлаған сәтте олардың қоятын сұрақтарына жауап беріп, өзімнің курстан алған білімімді айта түссем деген әсерде боламын. Оқушыларға өткізген сабағымда өзімді жайлы, қойылған сұрақтарға еркін жауап беріп, сабақ төңірегінде берілген тапсырманы ғана түсіндірсем болды, сабақ мақсатына жетіп отырады деген пікірде болатынмын. Мұғалімдермен өткізетін коучингімдегі іс-әрекет мүлде басқаша болады. Өзіңмен қатарлы әріптесіңнің алдында жаңалықпен таныстыру, олардың тәжірибесіне өзгерістер енгізу кәсіби шеберлікті қажет етеді. Олармен жұмыс жасағанда теориялық және әдістемелік жағынан өзіңе сендіре білуің керек.
Коучинг барысында бағдарламаның «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету», «Дарынды және талантты балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу», «Қалай оқу керектігін үйрену», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану», «Мектептегі көшбасшылық» жеті модулі, оларды сабақта кіріктіру туралы мағлұматтармен таныстырамын. Модуль идеяларына түсініктеме беремін.
Оқу мен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін курстан үйреніп, коучинг жүргізу барысында өзімнің үйренгенімді (кері байланыс алуды, талдауды, зерттеушілікті, бағалауды) әріптестеріме үйрету, оны тәжірибеде қолдану дағдыландыруды жоспарладым. Осы жұмыстарды жүргізу барысында мұғалімдерді оқушыларды оқу мен оқытуда жаңа әдіс –тәсілдерді қолдана білуге дағдыландырып, теориялық білімін көтеруге көмектестім сол арқылы өз мүмкіндіктерін ашуға, кәсіби деңгейін бұрынғыдан көтеруге ықпал жасаймын деп ойлаймын.Осы сабақтарды өткізуде сұрақ қою, сыни ойлау, бағыт –бағдар беру, өзара бағалату дағдыларым дамыйды. Коучинг сабағын жүргізу сәтін бейнежазбадан көріп отырып өзімнің кемшіліктерімді көремін. Сұрақты өзім бағыттап өз сұрағыма көбіне өзімнің жауап беруім, ойлануға уақыт бермеуім, дерек жинауда жұмыстың аздығы болды. Алдағы уақытта осы жіберілген кемшіліктерімді ескере отырып келесі әріптестеріммен кездесуімде жұмыс барысын нақты белгілеп мұқият зерделеуімді көздеймін.
Мектепті дамытуда оқытудың белсенді әдістерін пайдаланған кезде мұғалімдердің оқыту сапасы жақсарады. Топтасып ынтымақтастықта жұмыс жасауға қалыптасады, кез келген жағдайда жауапкершілікті өз мойнына алуға, қиындықтар мен проблемаларды өз бетінше шешуге дағдыланады, өзін-өзі бағалай біледі. Оқушылардың оқу үлгерімі арта отырып олардың оқуға деген қызығушылықтары ұлғаяды. Дарынды балалармен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде олардың әр түрлі сайыстарға қатысудағы көрсеткіштері жоғарылайтын болады. Алдағы уақытта мектеп мұғалімдерінің курстан өтпеген бөлігімен жеке -жеке коучингтер жүргізіп алғаннан соң олардың оқытудың белсенді әдіс тәсілдерін сабақ үдерісінде қолдану туралы мағлұматтары болады және оларды өз жұмысымда қолдансам деген ой қалыптасады.Осы үдерісті екінші рет қайталап жүргізу арқылы коучингті жүргізу сапасын жақсартуға болады деп түйдім.Себебі бірінші рет коучинг жүргізген кезде ескерілмеген кейбір нәрселерді екінші рет қайталап өткізу кезінде жоспарға енгізуге болады. Мұғалімдерге «Көңілді күн» сергіту сәтін өткіземін және де сұрақтар арқылы кері байланыс аламын. Коучингті қол чемодан, еттартқыш және қоқыс жәшігі арқылы рефлексиямен қорытындылаймын.
А3.Әріптестердің бірімен тәлімгерлік үдерісі жүзеге асырылғаны туралы рефлексиялық есеп
Коучинг қысқa уaқыт aрaлығындa тәлiм aлушының мүмкiндiктерiн aшуғa бaғыттaлсa, тәлiмгерлiк ұзaқ уaқытқa созылaтын, өзaрa ынтымaқтaстық қaтынaсқa негiзделген кәсiби қолдaу көрсету үдерiсi болып тaбылaды.
Тәлiмгер етудегi бaсты ұстaнымым әрiптестерiммен кәсiби бaғыттa қaрым- қaтынaс жасау болaтын. Мектептегi тәжiрибе кезеңiнде тәлiмгердiң, тәлiм aлушының мүмкiндiктерiн aшу, стрaтегиялық деңгейде жaңaлықпен aлмaсу, мaқсaт қою мен оғaн жету жолдaрын жоспaрлaуғa көмектесу мiндетiн aтқaрамын. Тәлім алушыны таңдау үшін әріптестеріммен ақылдасамын. Тәлім алушым жаңалыққа жаны құмар, мектептегі өзгерістерді қажет деп санайтын мұғалім болу керек деп ойлаймын.
Тәлімгерлік жұмысымның мақсаты: Бағдарлама негізінде 7 модуль аясында тәлім алушымен жаңа әдіс-тәсілдер туралы біліммен бөлісу, барлық жұмыстарды (коучинг, менторинг) бірлесіп атқару.Соның нәтижесінде тәлім алушы өз іс-әрекеттерінде бағдарлама негізінде 7 модуль аясында сабақтар беру, жоспарлар құру, дамуы және болашақта жұмыс істеуі.Тәлімгерлік іс-тәжірибемдегі алғашқы қадам-тәлім алушыммен ашық сөйлесіп, кәсіби әңгіме жүргізе отырып оның оқытудағы мәскездлесін анықтаймын.Мәселесін шешудегі 1 қадам теориялық білімін жетілдіру.
2 аптада Тәлім алушымның сабағына кіріп,сабағының қойылған мақсаты қаншалықты сабақ барысына сай екенін анықтай отырып, бейнежазбаға түсіріп аламын.
ерекше тоқталып өтіп, өзінің алдағы жұмысында мұғалімге арналған нұсқаулықты негізге алуын, сұрақтары немесе түсінбеген жерлері болса, қысылмай сұрауына жағдай жасаймын. Сабаққа дайындалу барысында менің сабақтарыма қатысуын ұсынамын. Жалпы күнделікті сабаққа 7-модульді тиімді енгізіп, жаңашылдыққа бет бұруына әрекет жасаймын.. Менің бірнеше де іс-әрекеттегі зерттеу кіріктірілген жаңа сабақтарыма қатысуды,түсінбегендерін сұрап, өзіне белгілеп жазып алып отыруды,әріптестерінің сабақтарына талдау жасай отырып, өзіне қорытынды шығаруды айтамын.Тәлім алушы және оқушы қарым-қатынасына, тәлім алушының ақпаратты-коммуникациялық технологияны жақсы меңгергеніне назар аударамын. Тәлім алушымның келесі сабақ жоспарын құруына көмектесем.
Жинақтау кезеңінде,тәлім алушы жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыра білді,салыстыра отырып айырмашылықтарын анықтаймын.
Бақылау барысындағы тәлім алушыммен сөйлесіп, бағыт-бағдар беруге, жаңашылдыққа ұмтылдыруға тырысамын. Тәлім алушы әріптесіме қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасауды үйретем.
Әрине, әр бақылаудан кейін алдағы жұмысыма да мақсат қойып отырамын. Бірінші сабақтан кейін тәлім алушының сабағына енгізген өзгерісім- сабақта СТО стратегияларының элементтері мен топтық жұмыс түрлерін тиімді қолдану болса, келесі сабаққа-Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Талантты және дарынды балаларды оқыту модульдерінің элементтерін тиімді пайдалану арқылы оқушыларды белсендіру болады.Тәлім алушымның сабағын жоспарлау барысында топтық жұмысты ұйымдастыруға көңіл бөлеміз. Сабақтың осы бөлігіне байланысты талдау критерийлерін анықтап алуды үйретем. Әрине, әр сабақтан кейін не сәтті өтті, қай жерде қиындықтар болғаны туралы тәлім алушыммен сөйлесіп отырамын.
Өз тәжірибемде тиімді тәлімгерлік туралы көп нәрсені зерделедім: өзгені үйрете отырып, өзім де үйрендім. Курстың 1-ші «Бетпе-бет» кезінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйрендім, оқыдым, теориялық білімімді толықтырдым десем де, осы үдеріс бойынша менің де тәжірибем аз. Сондықтан тәлім алушының сабағына кірмес бұрын, оған кеңес немесе нұсқаулық бермес бұрын өзімнің Мұғалімге арналған нұсқа
улықты, Бағдарламаны қарап шығуым міндетті.Мектептегі осы тәлімгерлік тәжірибем барысында мен өз әріптестеріме жеті модуль мәнмәтінінде жұмыс жасауды: оқушының белсенділігін арттыру, сыни тұрғыдан ойлау және кері байланысты естен шығармауды басты назарға қойамын.
Болашақта өзімнің тәлім алушыммен байланысымды үзбеймін, оның кәсіби шеберлігін шыңдай түсуіне ықпалымды тигізуге тырысамын: топқа бөлу жұмыстарын түрлендіріп, сабақта сын тұрғысынан ойлау стратегияларын енгіземін.Мұғалімнің мұғалім ретінде қалыптасуында үлкен рөл атқаратын қызмет-тәлімгерлік. Мен еңбек ететін мектепте бұл үдеріс жақсы жолға қойылған. Жаңадан келген жас маманға қолдау көрсетіледі, тәлімгер ұстаз бекітіледі. Жұмыс барысында пайда болатын сұрақтарға жауапты, толғандырып жүрген мәселелерінің шешімін табуда тәлімгерлері көмектеседі.
Тәлімгермен тәлім алушының қарым-қатынасы міндетті түрде мына қасиеттермен белгіленеді: сенімділік, ортақтастық, шынайылылық, адалдық, жасөспірімді тәрбиелеуге деген талпыныс. Мектепте тәлімгерлік жұмысымды жүйелі түрде жүргізу арқылы менің еңбегімнің жемісі көп күттірмейтініне сенімдімін.
Үйрете отырып, өзім үйренемін;
4. ҚОҒАМДАСТЫҚ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ТУРАЛЫ РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ЕСЕПТІ ӨЗАРА БАҒАМДАУ
Ұлттық мектеп көшбасшылығы колледжі (Англия) үшін 2004 жылы жасалған құжатта «білім алушылар қоғамдастығына» мынадай анықтама берілген: «Оқушылар жоғары нәтижелерге жету үшін бір мектептің шегінде болмаса мектептер арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс-қимылдарды жоспарлау, жүзеге асыру және мониторингін жүргізу мақсатында бірігетін мектептер тобы немесе әріптестер». Білім алушылар қоғамдастықтары біздің санамызда өзгеріс енгізуді үйрету үдерісін бейнелейтін маңызды стратегия деп саналады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 54-бет).
Мектептегі тәжірибе уақыты алты апта болғандықтан бірден бара сала мектеп әкімшілігімен кездесіп қоғамдастық құру туралы ойымды айтамын. Мектебімде І-2 деңгейлік курстан өткен мұғалімдер бар, сондықтан біздің мектепте қоғамдастық туралы мәліметпен хабардар. Сондықтан өзім көшбасшы ретінде әріптестеріме өзгеріс енгізу мақсатында мектепте кәсіби қоғамдастық құрудан бастамақшымын. Кәсіби қоғамдастықты ұйымдастыру, желінің жұмысын жандандыру мектептердегі ортақ проблемаларды шешу үшін мектеп аясында тәжірибе алмасу,мектеп мұғалімдерінің арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру және кәсіби біліктілікті арттыру жолында қолдау көрсету ,бірлесіп жұмыс жасау, өзара тәжірибе алмасу, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру арқылы оқушыларымыздың білім сапасының оң нәтижеге жетуіне ықпал ету мақсатында мектепте мектеп директоры , 3 деңгей бітірген мұғалімдер мен мектептегі тәжірибесі бар,өздері өтініш білдірген мұғалімдермен біріктіретін «Зерде» атты қоғамдастық құруды ойлап отырмын. Бұл желіні ұйымдастыру жұмыстарын былайша жоспарлап отырмын:
Мектептің 3-ші деңгей бітірген мұғалімдерінен, мектептің әкімшілік мүшелері мен шығармашыл мұғалімдерді қоғамдастыққа тарту;
Кәсіби қоғамдастық арқылы әдістемелік және практикалық жұмыстардың жаңа әдістерін ұйымдастыру және қолдану;
Мектептегі мұғалімдердің кәсіби дамуында интернет жүйесінің барлық мүмкіндіктерін пайдалануды қамтамасыз ету;
Тәжірибемізді басқа әріптестерімізбен бөлісу.
Қоғамдастыққа қатысу келесі міндеттерді айқындайды:
1.Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамыту.
2.Мектептегі мұғалімдерді қолдау арқылы ынтымақтасты қамтамасыз ету.
3.Қоғамдастық арқылы мұғалімдердің мәселелері туралы ақпараттық хабарламалар беріп тұру.
Қоғамдастықты құру үшін бірнеше кезеңде жұмыс істеу керектігін түсініп отырмын. Бірінші кезеңде, мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығының жұмыстарын жүргізуді ұйғардым.
Ол үшін арнайы беттерде құжаттар жинақтау
Оқу барысында жинақталған тестілер, білімді жетілдіруге арналған мақалалар, презентациялар, өтілген жұмыстардың талдаулары.
Форумдарда өзекті мәселелерді қарау
Екінші кезеңде, мұғалімдердің бірлестік желісіне қатысуын қамтамасыз ету үшін білімін жетілдіру семинарларын, тренингтерді ұйымдастыру көзделіп отыр.Алынған ақпараттар желінің ақпараттық кеңістігін қамтамасыз ете алады. Нәтижесінде :
Бірлескен зерттеу топтары қалыптасады
Кәсіби біліктіліктерін үздіксіз жетілдіріп отырады
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби деңгейі жоғарылайды
Кәсіби даму жөніндегі бірлескен іс-шаралар жүзеге асады
Бірлескен тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылады
Мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады
Еңбектенудің инновациалық әдістері мен формаларын зерттеп, енгізеді.
Кәсіби қоғамдастықтағы қарым-қатынастың нәтижесінде, кәсіби қоғамдастыққа қатысатын әрбір мұғалім үлкен бір бірлестіктің арқасында тұтас бір жүйенің мүшесі ретінде сенім пайда болады. Білім беру жүйесін дамытуда істеліп жатқан ауқымды жұмыстардың инновациялылығын, ақпараттандыруын жетілдіру жұмыстарына қатыса отырып, мұғалім өзінің кәсіптік құзыреттілік деңгейінің дамуын көре алатын болады. Бұл шара оң нәтижесін береді деп болжап отырмын. Оны ұстаздарға кері байланыс жасау кезінде көремін деп отырмын. Сонымен қатар, чат арқылы хабарландырулар беру де өте тиімді әдістердің бірі деген ойға келдім. Кәсіби қоғамдастықтың бізге берері мол. Ұстаздар өздеріне қажет материалдарды дер кезінде ала алады. Педагогикалық бірлестіктің кәсіби деңгейінің жоғарылығы, тек мектептер мен оқыту жүйелерін жоғары көрсеткіштермен ғана емес, бүкіл қоғамның қазіргі кездегі дамуына жақсы ықпал етеді. Осы өзгерістерді енгізу үшін шығармашылық топ құру керек екендігін, жаңа идеяларды жүзеге асыруда ынталы мұғалімдерді өзіммен бірге жұмыс істеуге шақыруым керек екенін зерделеп отырмын. Біраз әріптестерім бұл идеяға күмәнмен, үрке қарауы мүмкін, кейбір әріптестерім өз ықыластарын білдіріп маған қолдау көрсетеді деп те ойлаймын. Мен өзімді қолдайтын ұстаздардың бар екендігін білемін. Таныстырылым жасаған соң, өзгеруге бейім, осы міндеттерді іске асыруға ынталы мұғалімдер арасынан және 1-2-ші деңгей бітірген тыңдаушы жоқ болу себепті 3-ші деңгей тыңдаушысынан тұратын 3 мұғалімді сондай-ақ мектеп әкімшілігі мүшелері, мектеп психологы, сынып жетекшілерінен тұратын шығармашылык топ құруды ойластырудамын. Мектеп әдіскері, мектеп директорының орынбасарларын әдістемелік қөмек көрсетуде, коучинг үдерісі кезінде, ашық сабақ, мастер класс сабақтарын өткізерде, сондай-ақ мектептің кез келген құжаттарын пайдалануда қолдау көрсете алатындай мақсатта шақыруым қажет. Мектеп психологы жұмыс барысында алынған ақпараттарды өңдеуде, оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен жұмыс барысында психологиялық кеңесін беріп отырады . Сынып жетекшілері сынып оқушылары мен ата-аналардан сауалнама, сұхбат , видеожазба алу кезінде өз көмектерін береді деп қосамын. Бірлестік жетекшілерді де тарту керек. Ондағы мақсатым: мұғалімдерді семинар, коучинг, шеберлік сабақтарын өткізуде өз бірлестігіндегі мұғалімдерін тартуда септігі тиер деп ойладым. Шаралардың барлығына бағыт, бағдар беріп, жұмылдыруда мектеп директорымның алатын орны ерекше. Осылайша аталған ұстаздардан жинақталған шығармашылық топты құру жоспарын жасадым. Алдыда тұрған басты міндет- нақты деректер негізінде мектептің мықты және әлсіз жақтарын зерделеу. Мен өзгерісті неден бастау керек екенін анықтау үшін сауалнама алуым керек. Қоғамдастық құрылған соң мен шығармашылық топтың алғашқы отырысын жасауым керек, онда негізгі басқарушы, дамытушы, үйлестіру топтар мүшелерін сайлауымыз керек, жоспар құру. Мақсаты: мектептің бастапқы жағдайын анықтауда қолдау көрсету, теориялық білімдерін тәжірибеде жүзеге асыруға қол ұшын беру. Басқарушы топқа өзім жетекшілік етемін, себебі мектепте 1,2-ші деңгейлікті бітірген мұғалімдердің болмауы ,оның мүшелері мектеп директоры мен оқу ісінің меңгерушісі А.Д. қосамын ,дамытушы топқа 3-ші деңгейлік курс бітірген тәжірибесі мол, мұғалімдермен жақсы жұмыс жасай алатын қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Н., зерттеуші топты информатика пәнінің мұғалімі 3-деңгей оқыған информатика пәнінің мұғалімі Г.Қ. болады деп болжаудамын. 2-ші жоспар бойынша мұғалімдердің кәсіби даму жолдары бойынша пікір алмасу: коучингтер, тәлімгерлік үдерісі, үлгі сабақтар ,кәсіби әңгімелесу; мақсаты: жоғарғы буын оқушыларының білім сапасын арттыру шараларын жоспарлайды, үйлестіреді. 1-коучинг сабағын тақырыбында «Сын тұрғысынан ойлау дағдысын енгізе отырып, оқу сапасын арттыру»
( Жоспары есеп соңында) Бұл коучингті мектептегі тәжірибе кезеңінің 2-ші аптасында өткізетін сабағым болмақ. Өткізген коучинг сабағыма коуч, тәлімгер, тәлім алушы, әдістеме бірлестігі мұғалімдерін және басқа да өз өтініші бойынша қатысам деген пән мұғалімдерін шақыруым керек деген жоспар құрудамын. Коучинг сабағының барысында мұғалімдерге бағалау, оның түрлерімен, әдіс-тәсілдерімен бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау, жинақтауда қолданылатын әдістердің негізі болып табылатыны туралы ақпарат беруім керек. Коучингтен кейін қатысқан мүғалімдердің сабағына қатысып сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту жолдарын қаншалықты меңгергенін көремін. Дәстүрлі сабақтан жаңа форматты сабаққа қалай жеткені жайлы зерделеп өсу бар ма соны қадағалаймын , мониторинг жасаймын. Көшбасшының жұмыстарына талдау жасай отырып қорытынды жасап есеп жазамын.
Достарыңызбен бөлісу: |