«Оқыту мен оқу сапасын жетілдіруде критериалды бағалаудың рөлі» тақырыбындағы коучинг сабағының жоспары.
Коучинг тақырыбы:
|
Оқыту мен оқу сапасын жетілдіруде критериалды бағалаудың рөлі.
|
Жалпы мақсат:
|
Критериалды бағалауды қолданудың тиімділігін әріптестермен бөлісу.
|
Сілтеме:
|
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
|
Оқу нәтижесі:
|
Мұғалімдер критериалды бағалаудың тиімді екенін түсінеді. Бағалау критерилерін құрайды.
|
Негізгі идеялар:
|
Тәжірибелеріне енгізе отырып, оқушының жұмысын бағалау,
|
Сабақт ақолданылатын материалдар:
|
Слайд-презентация, түрлі-түстістикерлер, маркерлер, қиылған түсті фигуралар, кеспе қағаздар, А3 парағы, флипчарттар, power point таныстырылымы, бейнетаспа.
|
Оқыту әдістері:
|
Сұрақ-жауап, түсіндіру әдісі, сергіту сәті, постер қорғау, АКТ, оқыту үшін бағалау, топтық жұмыс, диалог
|
Дерек көздері:
|
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, ғаламтор
|
Тапсырмалар:
|
Түрткілер
|
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті
|
Коучтыңіс-әрекеті
|
Мұғалімдердің іс- әрекеті
|
Психологиялық ахуал туғызу (5 мин)
|
Көтеріңкі көңіл-күй орнату үшін «картоп өсіру» тренингін ұйымдастырамын. Қатысушыларды шеңбер құрып айнала жүргізеді. Әр түрлі іс-әрекетті орындатып, алдындағы мұғалімнің арқасына массаж жасатады.
|
Қатысушылар шеңбер құрып айнала жүреді. Коучтің айтқан іс-әрекетті орындап, алдындағы мұғалімнің арқасына массаж
жасайды.
|
Ұйымдастырукезеңі
Топқа бөлу
|
Ақын-жазушылардың шығармаларын таптыру арқылы топқа бөлу
|
Мұғалімдер ақын-жазушылардың шығармаларын табу арқылы топқа бөлінеді.
|
Коучинг тақырыбымен таныстыру
|
Топ атауларын үстелге қоямын, шығарма атаулары жазылған қима қағаздарды мұғалімдерге таратып, сол шығарманың авторы жазылған үстелге барып отыру арқылы топқа бөлінуді ұсынамын. Топ аттары:
«Абай» тобы ("Қыс", "Ескендір", "Көзімнің қарасы", "Болыс болдым мінекей", " Сегіз аяқ").
«Жамбыл» тобы:(«Кедей күйі»,«Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды»,«Сұраншы батыр», «Ленинградтық өренім).
«Шәкәрім» тобы ("Адамдық борышың", "Насихат"," Жастарға", "Еңлік-Кебек", "Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек").
«Мағжан» тобы («Сүйемін», «Толқын», «Мен кім?», «Шолпы», «Батыр Баян»
«Әбіш»тобы («Автомобиль», «Бәйгеторы», «Үркер», «Елең-алаң», «Ақырғы аялдама».
Коучингіге келгендеріне рахмет айтып, мақсатымен таныстырамын.
|
Тренер таратып берген қима қағаздар арқылы белгіленген үстелдерге барып отырады.
1-топ: Абай
2-топ: Жамбыл
3- топ: Шәкәрім
4 -топ: Мағжан
5 -топ: Әбіш
|
№1 слайд
|
Критериалды бағалау туралы жалпы түсінік беру, оқушылардың жазба жұмысын бағалаудың үлгілерін көрсету.
|
Мұқият тыңдап отырып, баяндамашының сөзіне өз тәжіриесінен мысалдар келтіріп отырады.
|
Топтық жұмыс
|
1- тапсырма: Оқушылардың «Қазақстан қорықтары» тақырыбына салған үш түрлі суретін критерий бойынша бағалаудың үлгісін барлық топ мүшелерімен бірге отырып жасау.
Топтарға құралдар тарату.
2-тапсырма: Топтық жұмыс жасату. Әр топқа 5 минут уақыт ішінде жылқының суретін салу тапсырылады.
|
Оқушылардың «Қазақстан қорықтары» тақырыбына салған үш түрлі суретін критерий бойынша бағалаудың үлгісін барлық топ мүшелерімен бірге отырып жасайды.
Топтар таратылған құралдарды пайдаланып, жылқының суретін салады.
|
Сергіту сәті
|
Қатысушылар шеңбер құрып отырады, коуч шеңбердің ортасында тұрады. Коуч мұғалімдерге «Араларыңыздан өзінен үлкен апалары барлар орындарыңызды ауыстырып отырыңыздар» деген тапсырма береді де, бір-бірімен орын ауыстырып отыруларын сұрайды. Осы сәтте жүргізуші орындардың біреуін иеленіп үлгеруі тиіс, орынсыз қалған мұғалім ойынды жалғастырады. Сұрақтар қызықты болуы тиіс.
|
Тапсырма бойынша мұғалімдер тұрып, орындарын ауыстырады. Бос қалған мұғалім сұрақ қояды. Мысалы: үйлерінде жеңіл көліктері барлар, жолдастары өндірісте жұмыс істейтіндер, қыздары тұрмыс құрғандар т.б.
|
Топтық жұмыс
|
3-тапсырма: Топтық жұмыс. Топ жылқының суреттеріне бірлесе отырып бағалау критерийлерін жасайды. Суреттерін критерилері бойынша бағалайды.
4-тапсырма. Әр топ ортаға шығып постер түрінде өз жұмыстарын қорғайды.
|
Суретті өз критерилері бойынша бағалайды.
Әр топ ортаға шығып постер түрінде өз жұмыстарын қорғады.
|
Кері байланыс
|
Бүгінгі тақырып бойынша алған әсерлерін стикерлерге жазып, тілек ағашына жапсырту.
|
Бүгінгі тақырып бойынша алған әсерлерін стикерлерге жазып, тілек ағашына жапсырады.
|
Өткізген - Дәулетқали Сания Сақанқызы, Ақтау қаласындағы «№21 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің І деңгейлі, жоғары санатты мұғалімі.
Достарыңызбен бөлісу: |