Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер



бет19/20
Дата18.12.2023
өлшемі175,07 Kb.
#197540
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер-emirsaba.org

Эмоциалық көніл күйінің рефлексиясы.
Көңіл - күйдің рефлексиясы сабақтың басында немесе аяғында топпен эмоциалдық байланыс орнату үшін қолдану тиімді. Адамның көңіл - күйі бейнеленген карточкалар, көңіл - күйдің түстін бейнелері, эмоциалдық сурет рәсімдерін қолдануға болады. Сабақтың басында және аяғында.
Әрекеттік рефлексия.
Әрекеттік рефлексия оқу мәліметтерінің әдіс - тәсілдерін ұғыну ықтималдарың береді. Оны үй тапсырмасын сұрау кезінде қолдану тиімді. Сабақтың аяқталған кезіңде әрекеттік рефлексия тәсілі арқылы барлық сабақтың барысында әр оқушының белсенділігін бағалау мүмкіншілігін береді. Шығармашылық іс - әрекетке, іздемпаздық жұмыстарға талдау жасай білуді үйретеді. Жеке іс - әрекетін ұйымдастырып өз бетімен сараптау, жоғары танымдық қызығушылық негізінде шығармашылық бағыттылығының тұрақталуы іс - әрекеттерді объективті бағалап, кемшіліктерді жоюға, жауапкершілікпен қарауға бейімдейді.
Оқу мәліметінің мағынасының рефлексиясы.
Оқу мәліметінің мағынасының рефлексиясы оқыту субъектінің өз іс - әрекетін саналы түрде ой елегінен өткізіп, оларды білуге, өзіндік дұрыс сезінуге көмектеседі. Іс - әрекет компоненттерін еске түсіру, санадан өткізу, оның мәнін, түрін, өзекті мәселелерін белгілеу, шешу жолдарын аңықтау.

ІІ. Мазмұнына қарай:


  • Ауызша;

  • Жазбаша

ІІІ. Тұлғалық :


  • физикалық: үлгердім-үлгермедім;


  • сенсорлы: қызық-қызықсыз;


  • рухани: жақсы сезіндім –жаман сезіндім (тек жазбаша түрде)


  • интеллектуалдық: түсіндім-түсінбедім


ІV. Сабақтың түріне қарай:



  • ББД қалыптасуынан кейін


  • Аралық рефлексия


  • Бақылау рефлексиясы


  • Қорытынды рефлекси


V. Өту әдісіне қарай:



  • Анкета

  • Сұрақ

  • Кесте

  • Жағдаят

  • Сурет

  • Символ

VІ. Іс-әрекетіне байланысты:



  • Фронталды


  • Жеке

  • Топтық

  • Ұжымдық




Рефлексияға үйрету кезеңдері:
І. Өз көңіл-күйін жетістіктерін талдау.
ІІ.Сыныптастарының жұмысын талдау.
ІІІ.Топ мүшелерінің жұмысын талдау.
  • Сабақта тілдік мақсаттты жүзеге асыру әдістемесіне мысалдар


19-билет


  • Саралаудың түрлері. Мақсат бойынша саралау


  • Құндылық ұғымы. Ашықтық –(қалыптастыру үдерісі, күтілетін нәтиже)


  • Сабақта оқулықпен жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне мысал


Саралау
Әр оқушының оқудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру:


• түсінік пен дағдылар тереңдейді;
• өзіне деген сенімі мен оқуға деген уәжі артады;
• оқушыларға идеяларды тереңірек түсінуге көмектесе отырып, шығармашылыққа ынталандырады;
• барлық оқушылар үшін тиімді;
• барлық оқушылардан күтілетін нәтижені арттыра алады.
Білім берудегі құндылықтар – білім алушының тұлғасын қалыптастыруда жетекші фактор болып табылатын жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген оқыту мақсаттарының жүйесін қалыптастырудағы бағдарлар.
Негізгі орта білім беру мазмұнында айқындалған негізгі құндылықтар:
1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет;
3) ынтымақтастық;
4) еңбек пен шығармашылық;
5) ашықтық;
6) өмір бойы білім алу.
Білім берудегі құндылықтарды дарыту негізінде білім алушылардың мынадай қабілеттері дамуы тиіс:
1) Қазақстан мүдделеріне қызмет етуге дайындығы;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының нормаларын құрметтеу және сақтау;
3) әлеуметтік жауапкершілік және шешім қабылдай алу;
4) мемлекеттік тілді меңгеруге ынталану;
5) Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, әлемнің мәдениеттік алуан түрлілігін құрметтеу;
6) рухани келісім және толеранттылық идеяларын қолдау;
7) қоршаған ортаға және экологиялық тұрақтылықты сақтауға оң қарым-қатынас;
8) шығармашылықпен және сын тұрғысынан ойлау;
9) коммуникативтілік және ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды тиімді қолдана білу;
10) өмір бойы білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге талпыну.
Кітаппен және оқулықтармен жұмыс – оқытудың маңызды әдісі. Бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады. Одан әрі оқушылар кітаппен жұмыс істеуге өздері үйренеді. Баспа материалдарымен өз бетімен жұмыстың кейбір тәсілдері бар. Олар:
• конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау;
• мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау. Жоспар құру үшін мәтінді оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек;
• тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау;
• цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шьққан жылы, беттері көрсетіледі;
• аннотация — мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау;
• рецензиялау - оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу;
• справка жазу - тапқан кітап, т.б. мағлұмат көзі туралы мәлімет. Анықтамалар статистикалық, библиографиялық (өмірбаяндық, терминологиялық, географиялық, т.б) түрде болады;
• формалдық-логикалық модель - мәтіннің сызбасы;
• тақырыптық тезаурус – бөлім, тақырып бойынша негізі ұғымдарды ретке келтіру.
20-билет
  • Блум таксаномиясы. Бағалау - ойлау деңгейі және тапсырмалар үлгілері


Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылыПенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.


Таксономия - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.
Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынангөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінінайта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл- ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні -оқушыларды кәсіби іс- әрекетті меңгеруге бағытталады. Сабақ жоспарын Блум таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын,сондай -ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтілді
Білім Оқушы меңгеретін және оған берілетін білім негіздері
Түсінік Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді
Қолдану Алған білімді қолданады
Талдау Білімді жай қабылдамайды талдайды,саралайды салыстырады
Жинақтау Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады

Бағалау Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады не мақұлдайды



  • Кері байланс. Кері байланыстың түрлері және оны жүзеге асыруңдың әдістемесі


Кері байланыс дегеніміз – сабақтың мазмұны немесе әдіс-тәсілдері, оның тиімділігі мен қандай дәрежеде өткендігі туралы үйренушілердің ой-пікірлері мен эмоциялары, олардың болашақтағы (келесі сабақтардағы) өз мұқтаждарын келтіруі. Бұл пікірлер мұғалімге өткізген сабағына баға беріп, оның ұтымды жақтары мен кем-кетіктерін анықтап, өз жұмысына өзгерістер енгізу мүмкіндігін береді.


Кері байланыс (ағылш. feedback) – адамның өзі куә болған оқиғасы немес басқалардың әрекетіне айтылған пікірі, реакциясы. “Сырт көз сыншы” дегендей, мұндай сырт пікірдің өз әркеттеріңді реттеуге, жақсартуға тигізетін септігі өте жоғары. Сол себепті бүгінде кері байланыс үйренудің (білім алу жүйесінің) маңызды ұғымы деп есептелінеді. Кері байланыс арқылы алынатын мәліметтер әсіресе өз біліміне түзету мен өзгертулер енгізу ісінде өте құнды болып табылады.
Кері байланыс әрекетін ұйымдастыруда көзделетін басты мақсат: Оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту

  • Сабақта пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдарына мысал



21-билет
  • Саралаудың түрлері. Нәтиже және жауап бойынша саралау


Саралау


Әр оқушының оқудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру:
  • түсінік пен дағдылар тереңдейді;


  • өзіне деген сенімі мен оқуға деген уәжі артады;


  • оқушыларға идеяларды тереңірек түсінуге көмектесе отырып, шығармашылыққа ынталандырады;


  • барлық оқушылар үшін тиімді;


  • барлық оқушылардан күтілетін нәтижені арттыра алады.


Бұл әдіс бойынша тақтаға жаңа сөздер,яғни бірнеше атаулар жазып ,олардың мағынасы, өзара қатынасы , байланысы туралы жауап берілуі күтіледі. Бұл тапсырманы орындауда саралаудың екінші түрі “ Нәтиже немесе жауап бойынша “саралау қолданылады.Оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылады, бірақ түрлі жауап күтіледі., қабылданады. Нәтижесінде әр оқушы өз деңгейінде жауап береді, жұмыстың өнімі мен нәтижесі әр түрлі болады.


  • Мұғалім ұстанымы


  • Оқытудың субъектік тәжірибесін ынталандыру;


  • Әр оқушының даралығын дамыту;


  • Әр адамның жеке басының ерекшеліктерін, өзіндік құндылықтарын тану


  • «Бұрыштар» тәсіліне тапсырма дайында және өткізу әдістемесі қарастарын дәлелдейді.



22-билет
  • Сұрақ.

Бенджамин Блум (1913-1999 жж.) Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы.
Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру.
Таксономия – олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу. Таксономия барлық оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға, құндылыққа ие бола алмайтындығына негізделген.
Блум таксономиясы
Білімді игеруге бағытталған 6 қадам
Бағалау

Жинақтау


Талдау

Қолдану
Түсіну

Білім
БІЛУ- Бұл категория оқу материалын есте сақтау мен қайталауды білдіреді. Оқу материалы деп әр түрлі мазмұндағы ақпаратты (нақты фактілерден бүтін теорияларға дейін) атауға болады. Бұл категорияның негізгі сипаты – қажетті мәліметтерді есте сақтау.
ТҮСIНУ- Мәлiметтердi басқа таныс жүйеге ауыстыру, оларды түрлендiру; есте сақталған мағлұматты басқаларға жеткiзу жолдарын айқындау. Ұқсастықтарды анықтау, айырмашылық жасау мен салыстыру, нәтиженi суреттеу. «Түсіну» ұғымын төрт топқа бөлуге болады: 1. Түсiндiрме (интерпретация) - негiзгi идеяларды және олардың өзара байланыстарын анықтау: Қалай? Нелiктен?” сұрақтарына жауап іздену,
”Салыстырыңыздар”,
”Айырмашылығын көрсетiңiздер тапсырмаларын орындау.
БАҒАЛАУ- Таным мен ойлау түрі. Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді. Оқу материалының құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды. Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.
ЖИНАҚТАУ (СИНТЕЗ)- Таным мен ойлау түрі. Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
ТАЛДАУ (АНАЛИЗ)- Таным мен ойлау түрі. Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау. Оқу материалының құрылымын анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну.
ҚОЛДАНУ-Таным мен ойлау түрі. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді,ұғымдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді.
2сұрақ

Оқытудың сапасын екі тәсіл арқылы анықтауға болады.


Біріншісі, бағалау оқу қызметінің нәтижесіне байланысты болмай, мұғалімнің іс-әрекетінің тәжірибе талаптарына сәйкестігін, яғни – мұғалім жұмысының тиімділігін, оқушылармен өзара байланысының сипаты мен жиілігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл жағдайда баға мұғалім жұмыс істейтін оқушыларға байланысты қарастырылады, оқыту үдерісіне тәуелді болмайды.
Оқыту сапасын бағалаудағы екінші тәсіл жай ғана кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен орындағаннан гөрі, көбірек күш-жігерді талап ететін сапалы әрі табысты оқытуға ерекше көңіл бөледі. Табысты оқыту білім беру үдерісіне тәуелді болғандықтан, оқытудың шын мәнінде жүзеге асырылуы мен құзіреттілік, шеберліктің деңгейі қаншалықты екенін де саралай білу де қажет. Сонымен қатар оқушылардың жай-күйі мен әлеуметтік ортасының сипатын, мүмкіндіктерінің дәрежесі мен қолжетімділік деңгейін білу қажет. Осыған байланысты сынып туралы мәнмәтіндік мәлімет қажет болады.
Бағдарлама екі басым бағытта әзірленген:
Біріншісі – мұғалімдердің оқыту мен оқудың табыстылығы туралы заманауи түсініктеріне барабар бай білімді игеруі.
Екіншісі – өзара байланысты мұғалімнің құзыреттілігін жетілдіру және өз әріптестерінің кәсіби дамуына ықпал етуі үшін оның коучинг және тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру үдерістеріне көңіл бөлу. Үдерістердің екеуі де Бағдарламаның барлық негізгі аспектілерінде үндес болып келеді, сондықтан оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер оларды қолдану үдерісінде әріптестерді оқыту немесе бағыт-бағдар беру тұрғысынан қарастырылады.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ
· Педагог қызметкерлердің білім мен дағдылардың қосымша көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдердің қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуына көмектесу.
· Білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық үдерістерді қолдау.
· Өз әріптестерінің тәжірибесін жетілдіру мақсатында оларды оқыту мен тәлімгерлік етуде теориялық және практикалық кәсіби құзыреттіліктің мейлінше терең деңгейін меңгерген мұғалімдерді даярлау.

23-билет


  • Саралаудың түрлері. Ресурс немесе мәтін бойынша саралау


Саралау


Әр оқушының оқудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру:
  • түсінік пен дағдылар тереңдейді;


  • өзіне деген сенімі мен оқуға деген уәжі артады;


  • оқушыларға идеяларды тереңірек түсінуге көмектесе отырып, шығармашылыққа ынталандырады;


  • барлық оқушылар үшін тиімді;


  • барлық оқушылардан күтілетін нәтижені арттыра алады.


Ресурс немесе мәтін бойынша саралау


Саралаудың бұл түрі ілгері деңгейдегі, мазмұны терең ресурстармен жұмыс жүргізуге бейім балаларға арналады. Оқушылар бәріне ортақ бір сұраққа жауап бергенімен, күрделілік деңгейі әртүрлі ресурстарға сүйене отырып, өз жауаптарын негіздей алады.
Тарих және география пәндері бойынша негізгі ақпараты бірдей түрлі деңгейдегі мәтіндер әзірлеуге болады. Оқушының жұмыс жасау деңгейіне байланысты мұғалімдер ұсынылатын ресурстарды біртекті етпей, оқушыларға түрлі ақпаратты қол жетімді ету шараларын ойластыруымыз қажет.
  • Жақын арадағы даму аймағы


Әлеуметтік-мәдени теориядағы маңызды ұғым – 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет