Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер



бет13/20
Дата18.12.2023
өлшемі175,07 Kb.
#197540
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер-emirsaba.org
Тарих, Тест Аннотация
Бағалау критерийі


Дескриптор

Күнделікті өмірде кездесетін жылу берілу түрлерін тәжірибеде қолданады.


Тұрмыста қолданылатын заттың жылуөткізгіштік


қасиетін біледі.
Жылу берілу түрлерін салыстыра алады.




«Кім біледі?» Сурет сұрақтар

І -топ
1. Не себепті ұшақтар мен зымырандарды ақ және күміс түстес бояйды?

2.Кірпіштен жасалған үйлерге қарағанда ағаштан жасалған үйлердің жылы болатыны неліктен?



ІІ топ
1.Жылу көзінен балаға энергия қалай беріледі?

2.Жылу көзінен балаға энергия қалай беріледі?



ІІІ -топ
1.Тез бұзылатын азық-түлікті қай вагонмен тасыған дұрыс? Неліктен?

2. Неліктен қыста құстар мен жануарлар тоңбайды?




13-билет

1. Тиімді оқытудың 8 түрі бар. Олар 1. Белсенді оқу - Өз тәжірибесінің негізінде үйрену, оқушыларға эксперимент жасап, мәнін ұғынып, түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді;

2. Бірлескен оқу- Құрылымдалған топтық жұмыс, тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіреді; 3. Саралау-Әр оқушының оқудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, түсінік пен дағдылар тереңдейді; 4. Пәнаралық байланыс Пәндердің арасында байланыс орнату:білім беру бағдарламасының аясын кеңейтіп, теңестіреді; тереңірек білім алуға мүмкіндік береді; көптеген дағдыларды қалыптастырады; түсінік пен дағдыларды дамытуға көмектесе алады; оқудың анағұрлым саналы меңгерілуіне көмектеседі;оқуға деген уәжді арттыра алады.

5. Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру - Оқудың дұрыс жүріп жатқанын білу мақсатында оқуды тексеру және кері байланыс ұсыну, уәжді және өзін-өзі бағалау деңгейін арттырады; 6. Оқу әңгімелері - Оқушылардың тапсырмаларды өзара талқылауы, оқушылардың бір-біріне білім мен дағдыларды үйретуіне жетелейді; 7. Электронды оқу және жаңа технологияларды пайдалану - Технологияларды пайдалану,белсенді оқудың қызықты тәсілдерін ұсына алады; 8. Модельдеу - Іске асып жатқан ойлау үдерістерін түсіндіре отырып мысал ұсыну, оқушыларды бір мезгілде пән мазмұны туралы ойлануға және сарапшы ретінде әрекет етуге жетелейді;

2. Құндылықтар – қоғам қолдайтын және адамдардың көпшілігі мойындайтын белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық қасиеттер мен өзін-өзі ұстау ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік-мәдени маңыздылығы. Осы орайда «Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыруда елімізде жалпыұлттық идеяның құндылықтарын оқу-тәрбие жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асыру қолға алынды. «Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктеріне білім беру құндылықтарына қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты қалыптастыру, өмір бойы білім алу және тағы да басқалар жатады.Мектеп құндылықтары1.Патриотизм (Отанға деген сүйіспеншілігі, өз мемлекетінің жетістіктері үшін мақтанышы, халықтың тілі және мәдениетін дамытуға талпынуы); 2.Ұлттық сәйкестік (халықаралық қарым-қатынастағы мәдениетті ұстануы, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге деген құрметі, толеранттылық);3.Үйлесімді даму (өзіндік үйлесімді сақтауы үшін тұлғаның жан-жақты дамуы);4.Белсенді азаматтық ұстаным (қоғам өміріне өзінің саналы түрде қатысуы, өз мемлекеті мен халқына пайдасын тигізуге талпынуы, өз көзқарасын, пікірін орынды ұсына білуі);5.Эмпатия (жанашырлық таныта білуі); 6.Өзін-өзі таныту (ар-ұятын ұстанып және әлемге деген қатынасын көрсете отырып, ішкі рухани әлемін дамытуы);7.Еңбексүйгіштік (еңбексүйгіштік, жауапкершілік және орындаушылық дағдыларының қалыптасуы).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет