Саралаудың түрлері. Сабақтағы жылдамдық бойынша саралау
ҚМЖ-ның негізгі құрылымы
2-билет
Топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.
Топтық жұмыс жүргізу әдістемесі Ол үшін мұғалім келесі қадамдарды жасауы керек. Сабақты ұйымдастыру (әдіс болуы керек, ҚМЖ-да топтық әдіске арналған әдістер мен тапсырмалар жазылуы керек) Топтық жұмысқа арналған тақырып немесе сұрақтарды алдын-ала дайындау Топтық жұмыс интерактивті тақтамен өткізетін болса, онда алдын-ала техникалық жабдықтауды жайындау қажет. Оқушыларға топқа бөлу. Топқа бөлер кезде оқушыларға топқа бөлу әдістерін ұсыну: мозайка, сиқырлы сандық және т.б Оқушыларды түрлі әдістермен екі немесе бірнеше топқа бөлу, оларға атау беріп, кейіннен тапсырма ұсыну;
Блум таксаномиясы. Білу ойлау деңгейі және тапсырмалар үлгілері
. Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологы, Блум таксономиясының авторы. Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру.
Таксономия (грекше. táxis — орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos — заң).
Таксономия – олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу. Блум таксономиясы-жеке тұлғаға бағытталған, оның шығармашылығын дамытудың және білімді толық меңгертудің әдісі болып табылады.Адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін алты деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді.
Кері байланысты жүзеге асырудың бір әдісі
3-билет
Тиімді оқыту тәсілдері. Белсенді оқу
|