Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер



бет9/20
Дата18.12.2023
өлшемі175,07 Kb.
#197540
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер-emirsaba.org

1. Белсенді оқу - Өз тәжірибесінің негізінде үйрену, оқушыларға эксперимент жасап, мәнін ұғынып, түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді;

2. Бірлескен оқу- Құрылымдалған топтық жұмыс, тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіреді;


  • Саралау-Әр оқушының оқудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, түсінік пен дағдылар тереңдейді;


4. Пәнаралық байланыс

Пәндердің арасында байланыс орнату:


    • білім беру бағдарламасының аясын кеңейтіп, теңестіреді;


    • тереңірек білім алуға мүмкіндік береді;


    • көптеген дағдыларды қалыптастырады;


    • түсінік пен дағдыларды дамытуға көмектесе алады;


    • оқудың анағұрлым саналы меңгерілуіне көмектеседі;


    • оқуға деген уәжді арттыра алады.




5. Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру - Оқудың дұрыс жүріп жатқанын білу мақсатында оқуды тексеру және кері байланыс ұсыну, уәжді және өзін-өзі бағалау деңгейін арттырады;

6. Оқу әңгімелері - Оқушылардың тапсырмаларды өзара талқылауы, оқушылардың бір-біріне білім мен дағдыларды үйретуіне жетелейді;

7. Электронды оқу және жаңа технологияларды пайдалану - Технологияларды пайдалану,белсенді оқудың қызықты тәсілдерін ұсына алады;

8. Модельдеу - Іске асып жатқан ойлау үдерістерін түсіндіре отырып мысал ұсыну, оқушыларды бір мезгілде пән мазмұны туралы ойлануға және сарапшы ретінде әрекет етуге жетелейді;
  • Саралаудың түрлері. Таңдау бойынша саралау




Оқытуды саралау дегеніміз – оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес әртүрлі сыныптар, топтар, мектептер үшін әртүрлі оқу ортасын құру және әртүрлі топтарда оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік, психологиялық-педагогикалық және ұйымдастырушылық шаралардың кешені.

Ал саралап оқыту дегеніміз: оқыту мен оқуға қатысты анықталған ортақ қасиетті ескере отырып дайындалған, оқушылар тобына мұғалімнің оқу үрдісін ұйымдастыру нысаны. Саралап оқыту- әрбір оқушының мақсатқа жетуіне оң ықпал етудің тиімді жолы.

Саралап оқыту дегеніміз - бір материалды барлық оқушыларға әртүрлі оқыту тәсілдерін қолданып оқыту дегенді білдіреді және мұғаліммен әрбір оқушының қабілетіне қарай тапсырмаларды қиындық деңгейі бойынша жіктей отырып, сабақты ұйымдастыруды талап етеді.

Саралаудың түрлері:

Таңдау бойынша саралау. Саралаудың бұл түрінің артықшылығы-дарынды балалар өз қызығушылықтарына, сұранысы мен қабілетіне сәйкес келетін жұмыс түрін таңдай алады. Таңдау бойынша саралау барысында оқушылар өзі үшін қызықты және өз мүмкіндігіне сай келетін тапсырманы таңдай алады, заттар немесе процесті таңдай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет