МЫНАЛАРДЫҢ ТЕК АТТАРЫН ЖАЗУҒА ИЛИ АЙТЫП КЕТУГЕ БОЛАДЫ, қалған түрлері ғой Тапсырма. Балаларға (жеке немесе топта) олардың меңгерген білімдеріне негізделген әртүрлі тапсырмалар беріледі.
Саралауды қамтамасыз ететін тапсырмаларды құрастырудың төмендегідей түрлерін қолдану ұсынылады:
Ашық түрде орындалатын тапсырмалар;
Қаламдық тапсырма түрінде орындалатын тапсырмалар;
Таңдау түрінде орындалатын тапсырмалар; Сондай-ақ оқушының таңдауы бойынша тапсырма жағымды оқу ынтасының қалыптасуына әсер ететінін естен шығармауымыз керек.
Нәтиже. Балалар қойылған жалпы мақсатқа сәйкес бірдей тапсырмамен жұмыс істейді, бірақ мұғалім балалардың алдыңғы нәтижелерін ескере отырып, әр баладан әртүрлі нәтиже күтеді. Жұмыс қарқыны. Балаларға ортақ тапсырма беріледі, бірақ оларды аяқтауға жұмсалған уақыт олардың дағдыларына қарай анықталады. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруге көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.
Қолдау. Балалардың барлығы бірдей тапсырманы орындайды, бірақ олардың кейбіреуіне басқаларға қарағанда көбірек немесе азырақ қолдау көрсетіледі. Бұл тәсілді қолдану мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Мұғалім мәселені шешуде өзінің қарапайым тілде егжей-тегжейлі түсіндіруін қажет ететін оқушылар және тек диалогке түсу арқылы бағытталуды ғана қажет ететін жлғары деңгейлі оқушылар тобын анықтауы тиіс.
Ресурстар. (дереккөздер) Балалар ортақ тапсырманы орындайды, бірақ айтарлықтай дамыған оқу немесе зерттеу дағдыларын қажет ететін әртүрлі ресурстар ұсынылады.
Топтау. Балалар ортақ тапсырманы орындайды, бірақ барлығының табысқа жетуін қамтамасыз ететіндей етіп топтастырылған. Оқытудың болжамды міндетіне қарай топ құруда тиімді көптеген тәсілдер бар: мүдделері ұқсас оқушылар (қиындық деңгейі немесе қолдау деңгейі), талаптары әртүрлі оқушылар, джигсо топтары, кәсіби дағдыларына қарай бөлінетін топтар немесе сарапшы топ, аралас гендерлік топ, ұйымшыл топ.