«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша таныстырылымға баяндама Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Мен, Тленкенова Нұргүл Қамзақызы, №1 Ұзынкөл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімімін.
Сіздердің назарларыңызға жеті модульдің бірі «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» бойынша атқарған жұмысымды ұсынамын.
«Адамдардың білім алуы жайлы болуы үшін жауапты реакция мен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек» деп Лев Выготский айтса, осы курстың мақсаты – бала әрекетінің нәтижесін бақылау мен бағалаудағы оң өзгерістер, өзара әрекеттесу барысында үнемі кіналамай, ыңғайлы жағдай жасауға талпыну, олардың өздеріне деген сенімін қалыптастыру болып табылады.