«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша таныстырылымға баяндама


«Бағалау» дегеніміз не? «Бағалау»



бет2/4
Дата22.04.2022
өлшемі21,84 Kb.
#140523
1   2   3   4
Байланысты:
00089920-9f896d01

«Бағалау» дегеніміз не?
«Бағалау» термині латын тілінен аударғанда «жақын отыру» деген ұғымды білдіреді.
Осы модуль тақырыбы бойынша сабақта мен бағалаудың мынадай мақсаттарымен таныстым. Олар:
-оқытудың қиындықтарын анықтау;
-кері байланыс;
-уәж;
-болжау және сұрыптау;
-стандарттарды бақылау және орындау;
-оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау.
Бағалаудың барлық түрлері мыналарды қамтиды, яғни, бағалаудың мәні:
-бақылау;
-алынған мәліметтердің интерпретациясы;
-бұдан арғы іс-әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау.
Жаңаша бағалау жан-жақты, түсінікті, ыңғайлы болу керек. Оның мынадай екі түрін қарастырған: формативтік және жиынтық бағалау.
Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады.
Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды.
Формативті бағалаудың мақсаты – оқушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Бұл бағалаудың түрі күнделікті сабақтағы тәжірибе кезінде қолданылады. Ол мұғалімге сыныптың үлгірімін жаңартуда көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет