«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша таныстырылымға баяндама



бет3/4
Дата22.04.2022
өлшемі21,84 Kb.
#140523
1   2   3   4
Байланысты:
00089920-9f896d01

Жиынтық бағалау немесе қорытынды бағалау оқушылардың белгілі бір уақыт аралығындағы нәтижесін көрсетеді. Бұл бағалаудың түрін және тәсілін мұғалім өзі анықтайды.
Алғашқы «Бетпе-бет» кезеңінде осы материалмен танысқаннан кейін мен бағалауға қатысты әрекеттерімді өзгерте алуды жоспарлай бастадым. Оқушылар үшін бағаның маңызды екенін біліп, әр оқушының әрқашан сабағымнан міндетті түрде баға алып кетуіне тырыстым. Ал енді алғашқы бетпе-бетте көптеген әдебиеттерді пайдалану арқылы жеткілікті меңгергеннен кейін, бағалау одан да көбірек түсінікті болды.
2-слайд
Енді осы бағалауды өзімнің тәжірибемде қалай жүзеге асырғанымды айта кетсем, сабаққа дайындалу барысында мен «Оқыту үшін бағалау» үдерісін пайдалану үшін, бағалаудың әдіс-тәсілдерін үнемі ізденумен болдым. Бағалаудағы бірін-бірі бағалау, критерий бойынша бағалау, өзін-өзі бағалау және топ жетекшісінің бағалауы іс-әрекеттерін жүзеге асырдым. Мұнда мен әр сабағымда оқушылардың өздерінің жұмыстарына өздері баға беріп, білім нәтижелерін өз көздерімен көріп, бағаласын дедім.
1-ші сабағымда «Шешендік сөздер» тақырыбы бойынша мен әр оқушының өзін-өзі бағалау іс-әрекетін жөн көрдім. Сондықтан, бағалаудың формативті түрін пайдаландым. Яғни, смайликтер арқылы өзін-өзі мадақтау. Оқушылар топ болып, сабақ бойы істеген жұмыстарын қорытындылай келе сабақтың соңында әр топтың оқушылары сабақтағы көңіл-күйлерін смайликтер арқылы көрсетіп, тақтаға ілді.
2-ші сабағымда «Даудың шешімі» тақырыбы бойынша мен мұнда да бағалаудың формативті түрін, яғни критерийлер бойынша бағалау іс-әрекетін қолдандым да, ал, сабақ соңында жиынтық бағалауды қолдандым. Мұнда фишкаларды санау арқылы әр топ бірін-бірі бағалады. Ол үшін бағалау критерийлерінде көрсетілгендей фишка санына қарай, «5» деген баға 5 фишка болған жағдайда қойылады, «4» деген баға 4 фишка болғанда және «3» деген баға 3 фишка болған жағдайда қойылады. Нәтижесінде, 5 фишка жинаған ешкім болмады, 1-топ 4 фишка, 2-топ 3 фишка және 3-топ 4 фишка жинады. Кейбір оқушылардың білімі фишка санына сәйкес келмеді де, сабақ соңында мен оларға өзімнің бағамды бердім. Өйткені, бағалау кезінде топ мүшелерінің арасында осындай келіспеушілік болды.
Блэк және Уильям формативті бағалауды зерттей келе Хеттимен келісе отырып, 1998 жылы оқуды жақсарту үшін формативті бағалауда рөлі барлығын айтады.
Сондықтан, 3-ші сабағымда «Киелі жеті саны» тақырыбы бойынша мен мұнда да формативті бағалаудың рөлін қолдандым. Яғни, топ жетекшісінің бағалау іс-әрекетін негізге ала отырып, әр топтың жұмысын жалпы бағалау критерийлері бойынша бағалаттым. Сонымен қатар, сабақ соңында бүгінгі сабақ, өздерінің жұмысы туралы пікірлерін білдіріп, рефлексия жазып отыру әдетке айналды. Сол себептен, «Бүгінгі сабақ ұнады ма?» деген сұраққа оқушылар өз пікірлерін стикерге жазып білдірді. Мысалы, балалардың кейбір жазбаларын оқып кетсем...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет