1.9. Ағылшын тілін оқытудың жаңа технологиялары Жоспар: 1. Аударма әдісі
2. Жобалау әдісі.
3. Интерактивтік әдiсi
1. Аударма әдісі
Шетел тілін оқытудағы аударма әдiсiнiң рөлі мен орнын анықтап алмастан бұрын «аударма» сөзі не мағына беретiнiн түсiнiп алуымыз керек.
Аударма дегенiмiз - бiр тiлдегі мағыналы сөздiң немесе сейлемнiң екiншi тiлге көшiрiлуi. Бұл мағынада аударма әртүрлi тiлдерде сөйлейтiнадамдардын арасындағы әңгімелесу негiзiнде көрінеді.
Бiр тiлдегі мағыналы ойды екiншi бiр тiлге айналдыру ушiн аудармашы адам, алдымен ол ойды, ол сөйлемді бiрнеше тiлде толык түсiнуi тиiс және сол сөйлемдегі сөздердiң екiншi тiлдегi баламасын табуы керек.
Аударма - бұл өте күрделi iс: өйткені бұл iс аудармашы адамнан екi тiлдi де жақсы, толык меңгеруін талап етедi.
Шетел тілін оқытудағы аударма әдісі шет тіліндегі сөздің, фразеологиялык топтарды, грамматикалык формаларды, сөйлем үлгiлерiн аудару негiзiнде қолданылады.
Аударма шетел тілін оқытудағы ең негізгі әдіс болып есептеледі.Шетел тілін оқыту тарихында аударма әдiсiнде түрлі кезеңдерде әртурлі өзгерістер енгiзiлiп отырғаны белгілі.
XVIII ғасырдың екінші жартысында және XIX гасырдың бiрiншi жартысында аударма әдісі құрылымдық әдіс ретінде алынды. Шетел тiлi тек аударма әдісі аркылы үйретіліп отырды: ана тілінен шетел тіліне аударуда грамматикалық аударма әдiсi негізгі әдіс болып ecenтепсе, шет тілінен ана тілін аударуда лексикалық аударма негiзгi әдiс болып есептеледі.
Ал XIX ғасырдың аягында және XX ғасырдың басында аударудың тiкелей әдісі пайда болып, дуние жүзiне тарады.
Шетел тілін оқытудагы аударманы тікелей адiс толығымен ерекшелейді. Кейінірек шетел тілін оқытудағы аударма әдiстемесiнде Г. Палмердің М. Уэстiн әдiстерi пайда болды.
Л.В. Щербаның айтуы бойынша, шетел тiлiн оқытуда аударма әдiсi практикалык негiзде де, теориялық негізде ең манызды рөль аткарады. Яғни оқушылардың сөз байлығын, шет тілінен білімін тексеруде, сөздерді естiгенда немесе оқыганда оны қалай түсiнгенiн, грамматиканы қалай меңгергенін аныктауда аударма әдісі негізгі әдіс болып есептеледі. Егер жаңа сөздер аудармасыз үйретiлетiн болса, ол сөздер оқушылардың санасында қалмайды; мағынасын түсінбеген соң оқушының есiне сақталмайды, ең сонында ол сөздердi тiптi оқи да алмауы мүмкін.Оқу бағдарламасы бойынша аударма әдiсi мынадай жағдайларда қолданылады:
1. Сөздін, фразеологиялык топтардың, грамматикалык форманын сөйлем үлгiлерiнiн мағынасын шет тілінде беру үшiн. Мысалы: a flower – гүл a ball-доп, Asan's brother – Асанның ағасы. He was not ready - on әзiр болмады.
Бұдан баска аударма жана тiлдегі iс-қимылдың түсінігін бекiтедi. Мысалы: to go - бару, кету, ягни бір жерден екiншi бiр жерге қозгалу;To come-kery, яғни басқа жақтан келу She is writing - Ол жазып жатыр (осы қазір). Сөздiн мағынасын беруде аудар ма мынадай екі түрлі жағдайда пайдаланылады: сөзбе-сөз аудару және мағынасымен аудару.
Мұғалім шетел тілін үйретуде сөзбе сөз аударуды пайдаланады. өйткені шет тілінен алынған әрбір сөздiн ана тiлiнде тiкелей баламасы бар. Мысалы, a girl - қыз бала, ешқандай мағыналы ойдың қажеті жоқ.
An, meal - a) тамактану (Breakfast is the first meal. We have 3- 4 meals a day - Бiз куніне 3-4 рет тамактанамыз.
B) тамак. (Make a meal of bread and butter - Нан мен майдан тамак жаса) Осы жагдайда мұғалiм мағыналы аударманы пайдаланады.
2. Мәтiндегі түсiнiктердiң кейбiр мағынасын бергенде, яғни талдаусыз аудармасыз тусiндiрiлмейтiн кездерде.
3. Оқушылардың нені істеп, нені түсiнгенiн тексерген кезде. Шет тілін оқытуда аударма әдiсi өте керек және пайдалы кездері бар. Окушылардың дағдылары мен бiлiмiн арттыруда мұғалiм өз қолынан келгенiн істеу қажет. «Сөйлеуге сөйлеу арқылы, оқуға оқу арқылы үйрен» деген қағиданы оқушылар ұмытпауы керек. Сөйлеусiз де, окусыз да аударма мумкiн емес.