Оқыту технологиясы Жоспар: 1«Технология»


Проблеманы шешу құзыреттілігін қалыптастыру



бет2/9
Дата02.10.2022
өлшемі41,08 Kb.
#151405
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Проблеманы шешу құзыреттілігін қалыптастыру.
Психология ғылымы білімді игеру, тәжірибе жинақтау, проблемалық міндеттерді шешу, оқу әрекетіне әзірліктің не екенін классикалық тәжірибелер арқылы көрсетіп берді. ӨПавловтың жа- саған тәжірибелері «дұрыс және бұрыс реакцияның» қалай қалыптасатынын көрсетіп берді. «Стимул - реакция» формуласымен берілген бихевиоризм «дұрыс жауаптар» берудің психофизиологиялық негізіне айналды. «Бихевиоризмнің» ғылыми құндылығы әлденеше рет сынға алынды. Бірақ бұл бағыт әлі күнге дейін қолданыста болуда. Когнитивтік психология пәндік білімнің информацияны мұғалімнің оқушыға жеткізуінен және олардың бірігіп жұмыс жасауынан тұрады дейді. Ал проблемалық тапсырманы шешу белсенді оқудың нәтижесінде, ойлау, саралау, пікірлесу, жеке және коллективті ойлардың біліктілігін қалыптастыра отырып, білімді нақты жүйелеу арқылы жүзеге асады. Проблемалық тапсырманы шешу терең білімді, оның өмірмен тығыз байланыстылығын талап етеді. Бұл әрекетті былайша көрсетуге болады.
Оқушы мұғалім ұсынған проблеманы анықтайды, проблеманы шешу жолдарын анықтап, оны жоспарлайды, қажетті технологияларды қолданады, мүмкіндіктерін саралайды, іс-әрекетін, оның нәтижесін бағалайды, өз қызметін бағалайды.
Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру
Тілдік құзыреттілік туралы айтқанда ойға бірден коммуникативтік құзыретті лік түседі. Коммуникативтік құзыреттіліктің негізгі құрамдас бөліктері мыналар:
1. Лингвистикалық (грамматика мен лексиканы білу);
2. Дискурсивтік (тілді қарым-қатынасқа қолдану);
3. Стратегиялық (қарым-қатынастық кемшіліктерді жеңу);
4. Әлеуметтік-мәдени (өзін-өзі ұстау нормаларын игеру).
Лингвистикалық құзыреттілік оқу- шылардың тілдік білімінен тұрады, дискурсивті құзыреттілік проблемалық қарым-қатынастық жағдайларда өзін-өзі ұстау тәсілдерін меңгеруінен тұрады, ал іс-әрекеттік құзыреттілік тілді өмірдің шынайы жағдайларында қолдана білуі. Осылайша, коммуникативтік құзырет-тілік өзінің құрылымы жағынан пәндік құзыреттілікпен сай келеді. Оқушы ауызша, жазбаша коммуникациялар нысанында өз ойын жеткізеді, мәтін, баяндама, сұрақтармен жұмыс жасап, оларды қосымша графикада баяндайды, монологтық, диалогтық сөйлеуді біледі, топта жұмыс жасай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет